СОТТАЛҒАН АДАМДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУ ЖОЛДАРЫ

Қылмыстық-атқару заңы сотталған адамдардың құқықтарының көлемін кеңейтіп, барынша анықтап көрсетуге тырысқан. Заңнан “Сотталған адамдардың құқықтары, заң ғана емес, сонымен бір сотталған адамдарды ұстау режимімен де шектеледі”, – деген бөлім алынып тасталды. Бұл дұрыс, себебі олереже бұрын практика мен режимарасындағы толық реттелген тұстар бойынша қайшылықтар тудырды. Ондай реттелмеген не анықталмаған заң тұстарынтүзеу мекемелерініңәкімшілігі өз көзқарасынша шешіп отырады. Мысалы, сотталушының некеге тұруы немесе некені бұзуы заң қарастырылмағандықтан, бас бостандығынан айыруорындарнда режимгенегізделіп иыйым салынды.

Сотталған адамдардыңқұқықтарын, құқықтар саласы бойынша былай топтастыруға болады:

  • саяси құқықтар – бұл азаматтың мемлекетік және қоғамдық саяси өмірге араласу мүмкіндігі, мемлкеттік басқару ісіне араласуға саясибостндығын білдіреді;
  • жеке азаматтардың құқықтарымен бостандықтары – бұл адламның жеке өмірі мен ішкі дүйниесін басқа адамдардың араласуынан қорғайды, адамның жеке даралығын қамтамасыз етеді;
  • әлеуметтік және экономикалық құқықтарымен бостандықтары – адамның материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, экономикамен тығыз байланыста болуын білдіреді;
  • мәдени құқықтарымен бостандықтары – бұлар азаматтарды мәдени игіліктерді қолдануына бағытталған.

Сотталған адамдардың Қазақстан Республикасы зейнетақы туралы заңдарына сәйкес, зейнетақы алып тұруға немесе лны жақын туыстарына, отбасына жіберліп тұруға құқығы бар.сондай-ақ сотталғандар өздері қажет деп тапқан жағдайда заң көмегін сұрауға, адвокаттарымен кездесу өткізуге құқылы. Сотталғандар адвокаттармен тек қысқа мерзімді кездесулер түрінде, оңаша кездеседі.

Сотталғандардың құқықтарының бірі – адамдар жеке басы қауіпсіздігін сақтауға құқылы болып табылады. Бас бостандықтарынан айыру орыныдарындағы сотталғандардың арасында бірін-бірі қорлау, бір жыныстағы адамдардың жыныстық қатынасқа түсуге азғыру, өзара төбелес, кісі өлтіру кездесіп отыратыны рас.Бұрынғы заң бойынша, мұндай жағдайлар көрініс алғанда, түзеу мекемесінің әкімшілігініңоларды бір-бірінен ажыратуға, басқа колониялар немесежеке камераларға ауыстыруғазаңды мүмкіншілігі болмады.

Сотталғандардың ар-ождан бостандығы мен өтініш жазу құқығына заң үлкен көңіл бөледі. Бұл жайттар жеке баптарда қарастырылған.

Қай жағдайда болмасын, Азаматтық-құқықтық заңдардың тәрбиелік функциясының міндеті – құқықтық сана мен құқықтық мінез-құлықтықалыптастыру болып табылады. Бұл тәрбиелік іс-шаралардың жүйелі түрде жүзегеасырылуын қажет етеді.

Әрбір жеке тұлға, азамат, топ мемлкеттік құқықтықинституттардың қызметін, қала берді құқықтың өзінөздерінің мүдделері менмақсаттарының орындалуына тигізетін әсерінің нәтижелік көрсеткіштері тұрғысынанбағалайды. Сонда ғана олардың бойында заңныңақиқаттылығы мен әділдігі туралы қалыптасқан көзқарастарымен сенімдерінің жиынтық бейнесі қалыптасады.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!