АЗАМАТТАРДЫҢ ӘРЕКЕТ ҚАБІЛЕТТТІЛІГІ

Азаматтардың әрекет-қабілеттілігі дегеніміз, азаматтың өз әрекеттеріменазаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі болып табылады.

Азаматтардың әрекет-қабілеттілігіазаматтық құқық қабілеттілігінен ерекшеленеді. Азаматтың құқық қабілеттілігі оның дүниеге келген сәиінен бұл дүниеден озғанынша бірге болады. Азаматтың әрекет қабілеттілігіүшін оның өз еркімен мүлікті иеленіп оған билік ету немесе өзіне міндеттеме алуға тілек білдіруі қажет. Сондықтан да азаматтық құқыққабілеттілігі оның жасы мен психикалық жағдайына қатысты келеді. Ол өзіне азаматтыққұқық пен міндеттілігібарлардың бәрі бірдей әрекет қабілеттілігі белгілі бір уақыт арасында болуы мүмкін.

Әдебиеттерде азаматтардың әрекет қабілеттілігі толық, ішінара және шектеулідеп бөлінеді. Оның өзі азаматтыңәрекет қабілеттілігіне байланысты жүзеге асады. Жаңа туған бала толығынан құқық қабілеттілігі бола тұрса да, өзі әрекет жасап қайсыбір құқыққа ие болуға немесе өзіне міндеттер алуғақабілетсіз екендігіне байланысты. Сондықтан әрекет жасау жасы толған адамдарға ғана болады.

Спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарға салынусалдарынан өзініңотбасын материалдық жағынан ауыр жағдайдаұшратқан азаматтыңәрекет қабілеттілігін сот Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізукодексінде белгіленген тәртіп бойыншашектеуі мүмкін. Оған қамқоршылық белгіленеді. Ол тұрмыстық мәмілелерді өз бетінше жасауғақұқылы. Басқа мәмілелерді жасауды, сондай-ақ табысын, зейнетақысын және өзге де кірістерін алуды және оларға билік етуді олтек қамқоршысының келісімімен ғанажүзеге асыра алады.

Ал, азамат, айталық, жүйке ауруынан жазылып, арақты қойып, нашақорлықтан құтылса, заң осыны ескере отырып, сот арқылы оның әрекет қабілеттілігіне қойылған шектеудің күшін жояды. Сот шешімінің негізінде азаматқа белгіленген қамқоршылықтың күші жойылады. Нәтижесінде сот оны әрекет қабілеттілігі бар деп таниды.

Қазақ қоғамындағы құқықтық өмір арнасы түптеп келгенде ауызша сөйлеу мәдениетіне негізделген. Сөз өнері құқықтықжүйенің негізгі рухани тіректерінің бірі, мәйегі әрі құралы. Құқықтық болмыс сөз өнерінің шуағы мен қуаты аумағында болып, соның нұрынан суарылып, толып-толысып отырады.

Қазақ даласында сөз өнерінің орыны ерекше. Сөз өнері-халықтың рухани өмірінің символы іспеттес.

Тіл, сөз еркіндігі қоғамдағы басты құндылықтың бірі болып саналады. Сондықтан әдет-ғұрып құқында “үлгілі сөз”, “ескіден қалған сөз”, “аталы сөз” деген ұғымдар ерекше орын алады.

Сонымен, құқықтық қағида, норманы орындау, іске асыру ел арасында “сөзде тұру”, “сөзге берік болу”, “уәдеден таймау” түсініктерімен шекараласып, шектесіп жатады.

Сөздің әсер ету пәрменділігі, қызмет жасау қуаты, оның адам ойы мен ісіне, жүріс-тұрысына, тәртібіне ықпал етуі ерекше. Сондықтан адамдардың әрекетқабілеттілігінің дұрыс жолда болуына әдет-ғұрып қағидаларының әсері мол. Тіпті сот процесінде орынды қолданылатын мақал-мәтел, айшықты афоризмдер,қанатты сөздердің тәрбиелік мәні зор.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!