АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ӨМІРГЕ ӘСЕРІ

Адам құқықтары мен бостандықтары – дүниежүзілік қоғамдастық игерген, мойындаған жәнетиісті халықаралық-құқықтық актілерде бекітілген,әлеуметтік және заңдық жағынан қамтамаз етілген, әрбір адамның құқы ретіндесойындалған, ешкімде шектеп немесетыйым сала алмайды. Адам өзінің табиғи құқығы мен бостандығының қайнар көзі, сондықтан олардан шеттетілмеу тиіс.

Қазақстан мемлкеті адам құқығы мен бостандығыныңоның қай елдің азаматы екендігінеқарамастан мойындайды, кепілдік береді әрі қорғайды.

Адам құқығы оның міндетімен байланысады,сондықтан олардың жүзеге асырылуы нақтылы жағдайларға қатысты; адамға берлген құқық оның мүмкін болған мінез –құлық түрімен өлшемінен сипат алады. Адам бостандықтары ешқандай жағдайларға байланысты болмайды, ол оның еркінің нәтижесі.Адам құқығы азаматтардың құқықтарымен тепе-тең емес.

Республика азаматтарының құқықтарымен бостандықтары Қазақстан мемлкеті мойындайтын әрі кепілдік беретінөз азаматтарының белгілі мінез –құлқының заңдық мүмкіндіктерін білдіреді. Адам құқықтарымен бостандықтары және азамат құқықтарымен бостандықтарыөзара байланысты, бірақ бір-біріне дәл келмейді. Біріншісі, бастауыш және жан-жақты категория, ал екіншісі, қоғам мен мемлкеттің даму деңгейін көрсетеді.

Алайда, кез келген жағдайда құқықтар мен бостандықтардеген атау – Қазақстан РеспубликасыКонституциясының басты категориясына жатады, адамды қазақстандыққоғамның ең қымбатқазынасы ретіндебекітуге бағытталған. Адам және азамат құқықтарымен бостандықтары серпінді түрде кеңейе түсуде. Өркениетті мемлекеттердегі адам мен азаматтардың қазіргі құқықтарымен бостандықтары толық көлемде Республика Конституциясында бекітілдген.

Бүгінгі таңда әлемдегі әрбір мемлкеттіңөзіне тән құқықтық жүйесі бар. Қандай елде болмасын, құқық жүйесі аясындағы азаматтық құқықтың орны айрықша. Француз ғалымы Рене Давид азаматтық құқыққа мынадай анықтама берген: “Нағыз құқық-жеке құқық болып қала береді, заңгерді қалыптастыру тек азаматтық құқықтыоқып-үйрену арқылы болуы мүмкін”.

Англо-саксондық құқық жүйесі. Бұл жүйе роман-герман жүйесі сияқты жария және жеке құқық немесе азаматтықпен сауда құқығы деп бөлінбейді, онда тек, “жалпы құқық” және“әділдік құқығы” деген жүйе бар. “Жалпы құқық” король сотымен құрылып, бүкіл Англияға қолданатынқұқық болып табылады.“Әділдік құқығы” канцлер сотыменқұрылатын жалпы құқық нормаларына өзгертулер мен толықтыруларенгізетін нормалар жиынтығы. Мұндай бөлініс бүгіндеағылшын құқығының негізіне айналған. Сондықтан да ағылшындар заңгерлерді “жалпы құқықтық” заңгерлері және “әділдік құқығының” заңгерлері деп бөліп қарайды.

Құқықтың мұсылман жүйесі. Мұсылман құқығы шариатқа негізделген. “Шариат”-арабтың “шариа” – “мақсатқа жетудің дұрыс жолы”, “шариа”-“заңдарды жолдау, шығару” деген ұғымдарды білдіреді. Осы түбірден келіп “ташриун”-“заң шығару”, “шариун”-“заң шығарушы”, “мута-шариун”-“зан маманы” деген сөздер шыққан. Ислам өзінің мән-мағынасы бойынша дін заңы болып табылады. Мұсылман құқығы (“фикһ” деп аталады) шариаттың құрамдас бөлігі болып саналады. Мұсылман құқығы құқықтыңмынадай негіздерінен тұрады: 1) Құран-исламның қасиетті кітабы; 2) сунна-Мұхаммед пайғамбардың сөздері мен уағыздары; 3) қияс – аналогия; 4) пікірлері; 5) фетв-жоғары діни білімпаздарының заң туралы түйіндері; 6) адат – исламды насихаттайтын арабтар мен басқа халықтардың дәстүрі мен әдет-ғұрыптары.

Құран – мұсылмандық құқық негізі. Құран – араб тілінен аударғанда “кітап, оқу” деген мағынаны білдіреді. Құран сүрелерден, аяттардан тұрады. Мәселен, азаматтық құққа жетпіс сүре арналған. Мәселен, әлгінде айтқанмыздай, сунна, иджма, қияс, әдет-ғұрып заңдары, ғибадат ету және адамдарың қарым-қатынасын реттейтіннормалары бар.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!