АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ: ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУ ПРОБЛЕМАЛАРЫ

Біз жоғарыда қарастырып өткен философтардың еңбектерінде, азаматтық қоғам қарама-қарсы мағынада  қарастырылып немесе аталып отырылады.

Аристотельден бастап, мемлекет саясатпен тікелей байланыстағы құрылым деп түсіндіріліп келеді. Ол адам саяси тұлға  болғандықтан да мемлекет сонын табиғи нәтижесі деп санайды. Осыған орай адам өмірінің адамгершілік, неке-отбасылық, экономикалық, т.б. салалары саясаттандырылған. Сот, халық жиналысы сияқты салаларға  араласқандар ғана  азамат саналады. Демек, азаттық қоғам – саяси тұлғалар қауымдастығы. Осы орайда біз қарастырып  отырған тақырыпқа  байланысты  тағы бір мәселе – мемлекеттік басқару немесе азаматтардың саяси теңдігі мәселесі алдымыздан шығады. Аристотель саяси қайраткерлерді мәжлістерге, сотқа  сайлауға қатысып лауазым иелерінің есебін  тыңдайтындар және  қызметкерлер деп екі түрге бөлді. Екіншісінің біріншісіне қарағанда жеке меншігі бар, демек қайырымды. Аристотель жеке меншігі жоқтар қалай қайырымды болады деп ой тастады. Оның пікірінше, жеке меншік – мемлекеттің өмір сүруінің, сондай-ақ азаматтық қоғамның да бірден-бір негізі.

Италия ойшылы Николло Макиавелли (1469-1527)-қайшылықты тұлға болғаны белгілі. Ол бір жағынан абсолютизмді жан сала қорғаса, екінші жағынан  демократия үшін де күресті. Оның ойынша, халықты қорқыту арқылы билеуге  құқы бар патша   күш қолдануға дейін  барғанымен қол астындағларының  жек көруне  ұшырап қалмау үшін мүліктік және бас құқықтарын бұзуға бара бермейді. Бұл жерде адамның саяси бағыныштылық қызметінен басқа да жақтарының барлығы ескеріледі.

Азаматтық қоғамды саяси тұрғыдан да түсіндіруге болады. Макиавелли “Ойлар” деп аталатын еңбегінде  мемлекет өзінің  билігі үшін қанауды күшейтіп, қоғамның түрлі қызметтерін әлсіретіп, жоюға тырысатындығын жазады. Бұдан қоғам мен мемлекеттің, азаматтық және саяси аяның бөлекше екендігі көрінеді.

“Азаматтық қоғам” ұғымының бірінші рет белсенді қолданған Т.Гоббс. Бірақ оның Макиавеллиден өзгешілігі – азаматтық қоғам мен  мемлекетті бір-біріне қарсы қомайды.

Ағылшын ойшылы Дж.Локкта (1632-1704) Гоббс сияқты “азаматтық қлғам” терминің жиі қолданып қана қоймай, ашық болмаса да бірінші рет азаматтық қоғамның мемлекеттен басымдылығын жариялады.  Бұл идея азаматтық қоғамның  негізі жеке меншік екендігін мойындауға негізделген. Оркк үшін жеке меншік қасиетті, оған қол сұғуға болмайды. Саяси билік жеке меншікті  реттеп, сақтап отыру заңдарын жасауға ғана құқылы.

Француз ағартушысы Шарль Луи Монтескье (1689-1755) ебектерінде азаматтық қоғам отбасы, қоғам дамуының нәтижесі, адамзат тарихының табиғи күйінен кейінгі төртінші сатысы. Азаматтық қоғам бір-біріне  қарсы адамдардың қоғамы; ол кейін жауласудан  сақтандырып отыратн күш қолдану органы мемлекетке айналады. Монтескье  азаматтық қоғам мен  мемлекетті тең санамайды. Азаматтық  қоғам заңдары-азаматтық, жеке меншік заңдары. Монтескье азаматтық қоғамдағы саяси заңдардың жеке меншік заңдарымен  қайшылықты бірлігін негіздеді.

Неміс ойшылы И. Канттың (1724-1801) саяси көз қарастары Ж.Ж.Руссо идеяларының  әсерімен қалыптасты. Бірақ Кант азаматтық қлғам, демократия туралы түсініктерді тереңдете түсті. Ең бастысы ол диалектикаға көбірек мән      берді. Канттың пікірінше, біріні рол адам табиғатында жатыр.

Ұлы философ Гегель, бір жағынан, өзіне дейінгі айталған пікірлерді қабылдаса, екінші жағынан, “азаматтық қоғам – мемлекет” дихотомиясына жаңа өзгерістер енгізді.

Гегель “азаматтық қоғам” және “мемлекет” ұғымдарына мүлдем жаңа сипат берді. Екеуі жай ғана ұқсас, өйткені қарама-қарсылықтар бірлігі көптеген  әлеуметтік жіктер негізінде ғана өмір сүре алады. Гегельде “жалпы субстанция” логаникалық жағынан  ерекшеленетіндіктен де тірі сияқты.

Басқаша айтқанда азаматтық қоғам мен мемлкет іштей  бөлшектенетін  болғандықтан да шынайы болады.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!