ШОҚАН УАЛИХАНОВ, ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ЖӘНЕ АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ

Қазақ ағартушысының негізін салушы Шоқан Шыңғысұлы Уалиханов (1835-1865) демократиялық ұлттық мәдениетіміздің көрнекті өкілі болып табылады.

Ресейдегі және Еуропаның басқа да елдеріндегі саяси-әлеуметтік өзгерістерімен жақсытаныс болған ол қазақ жеріндегі патшаөкіметі жүргізіп отырған отаршылдық саясаттың мүмкінболар зардаптары туралы өз ұсыныстары мен пікірлерін ұсынған. Ол қоғамда жүргізіліп жатқан өзгерістерадам мүддесінесәйкес келуіқажеттігін атап көрсетті.

Шоқан сол кез үшін халыққа ең тиімдісі және әлеуметтік реформалардеп білді. Оның айтуынша “саяси реформалар экономикалық істерді жүзеге асыратын құрал ретінде көрінбек” және “адамның тұрмыс қажетін өтейтін реформа ғана пайдалы да, ал бұл мақсатта қандай да болса кедергі келтіретін реформа зиянды болып табылмақ”. Шоқан реформа жасауда асығыстыққа жол бермеуге, жергілікті халықтың әдет-ғұрып ерекшілігін, тіпті, “оның қоршаған орта мен ауа-райын, жер жағдайын да ” ескеруге шақырды. “Реформа оңтайлы жасалғанда, яғни, қоғамдық организмжан-жақты дами алатынмызғымас прогрессзаңына негізделіп жасалғанда ғана ұтмды реформа болады. Мұндай реформаны ешқандай жағдайдада бөгемей, қайта оны қолдау керек”.

Ресей үкіметі дайындап жатқан реформаның жалпы бағыты мен мазмұнынанхабардар болған Шоқан қазақдаласын басқару мен сот реформасы туралы өзінің жобасы мен пікірін патша өкіметінің әкімшілігіне ұсынады.

Шоқанның ойынша, қазақтың европалық қайта туындау идеясын қабылдайтын қабілетін арттыру үшіноған алдын-ала білім беру жәнеой қабілеті мен жүйке жүйесін жетілдіру керек. Өйткені, “организм өз деңгейінежетпеген нәрсені қабылдай алмайды”. Сондықтан да заң шығарушылар менреформа жасаушылар қоғам мүддесін ғана ойлауы керек.

Ыбырай Алтынсарин арнайы философиялық тақырыпта еңбек жазбаған, дегенмен ағарту және қоғам мәселелерін талқылауға арналған шығармаларында дүниеге көзқарастық пікірлер қалыптастырған. Ыбылайдың көптеген өлеңдері мен әңгімелеріненоны қоршаған дүниенің санадан тыс және тәуелсіз өмір сүретіндігін мойындайтыннын бақаймыз. “Жаз”, “Өзен” сияқты өлеңдернде табиғатты өзінше тамашалау ғана емес, сонымен бірге оныңадам санасынан тыс және тәуелсізбар екендігі сезіледі. Бұл ұлы ағартушының дүние туралы көзқарасыныңбір жағы. Екіншіден, Ыбырай дүниені жаратушы құдай деп біледі. Бұл ойды ол көптегеншығармаларында қайталап отырады.

Алтынсариннің қоғамдық – саяси көзқарастарына шынай да терең демократизм, өз халқының мүддесін қорғауға деген ұмтылыс тән. “Қырғыз қайғысы” деген жазбаларында ол 1868 жылғы колониялды қанауды күшейту мақсатында жасалған әкімшілік реформасына наразылығын білдіреді.

1905 жылыҚарқаралыда Ахмет Байтұрсыновжәне біраз оқыған адамдар бас қосып, кіндік үкіметке қазақ халқының атынан петиция (арыз-тілек) жібереді.Ол петицияда айтылған мәселе, бірінші, жер мәселесі, екінші, қазақ жұртына земство беруді сұраған, үшінші, отыршылдардыңорыстандыру саясатын тоқтатуды сұраған.