“ЗАР ЗАМАН” МЕКТЕБІНІҢ ӨКІЛДЕРІ ҚОҒАМДАҒЫ ҚАЙШЫЛЫҚТАР

Қазақ әдет-ғұрып заң нормалары сағымға айналған сан ғасырларды қамтып, бірте-бірте жетіле, қалыптаса түсті. Қоғам ішіндегі дау-жанжалдар, тәртіпсіздіктер мен әртүрлі әлеуметтік-тұрмыстықмәселелер бірте-біртекүллі қазақтайпалары мойындайтын. әдеттік заң нормаларынаайналп, реттеле берді. Түбегейлі ережелерді қабылдауда халық кеңесі, билер кеңесішақырылған. Оған әрбір тайпалармен рулардың өкілдері қатысқан. Бұл әдет-ғұрып заң нормаларын “төрелік”, “ата-баба жолы”, “ереже”, “жөн-жосық”, “заң”, “жарғы”, т.б. деп атаған. Сондай ірі задардың бірі “Оғз ханнң заңдары” яғни “Түркістан ақсақалдарының шешімдері”. Міне,осы “ақсақалдар ережесі” қазір Туркиядағы Сулеймания кітапхана қорында сақтаулы тұр.

Бұл заң шешімнің негізгі мәні: тұрмыс жағдайға лайықтап көшіп-қону жолдары, бір-біріне қосылғанда көмек көрсету,көсемін сайлау, мұрагерлік заңы, туыстарына үйленбеу, тәртіпсіздіктің алдын алу әрі болдырмау, ұрлық –қарлықты тыю, т.б. Аталған заңдарда “қанға-қан, жанға-жан” дәстүрі қатаң сақталған. Ру таңбасысол тайпанңнышаны ретінде жалауларына,малдарына салынды. Әрбір ру – тайпалардың өзіне хас үрандары болды. Осы тайпалардың нәсілдік тегі, тілі, мінез-құлқы, басынан кешірген уақиғалары бірдей болып, тайпалық айырмашылықтары бірте-бірте жоғалып, ортақ халықтық қасиеттері пайда болған.

“Зар заман” мектебінің аса ірі өкілдерінің бірі – Шортанбай Қанайұды (1818-1881) “Зар заман атауыда ақынның сол дәуір халін жырлаған өлеңдерінің бірінің атынан алынған. Ақынның туған жері Түркістан маңындағыҚарнақ ауылыболғандығы оныңөлендерінде айтылады. Бірақ консерватор ақын өмірініңкөп уақытын Қарқаралы өңірінде өткізеді. Өзінің ата мекеніне жас кезінен кейінбармағанға ұқсайды. Бұл туралы ақын өлер алдындағы қоштасуда былай дейді:

Қызмет етпей мен өттім,

Ата бірлән анама.

Қарнақтағы сәлем, айт

Үш қайтара бабама.

Ақындық өмірінің алғашқы кезде Жамантай төренің кейіннен Жанқұты бидіңқолында өткізген олпатша өкіметінің отарлау саясатының қазақ халқының болмыс тіршілігіне кері әсер еткенің көптеген қайшылықтарды алып келгенің, заманның азғанын, әдет-ғұрыптың тозғаның, ел-жұртта береке қалмағанын шығармаларының басты тақырыбы етіп алады. Қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы мен тұрмыс салтына едәуір ықпал еткенкапиталистік қатынастардықабылдамаған ақын халықөмірінде болып жатқан өзгерістерге сын көзбен қарады.

Отарлық езгімен бірге келген орыстандырусаясатының халықты адамгершілік қасиеттерденжұрдай еткендігіне налыған ақын “қоңсыдан туып би болған”, “қара кісі хан болған”, “асылзадабаласының құл болып”, “асылсыз баласының ақшасына сүйеніп пұл болғанын” батыл сынайды. Оныңі пікірінше, халықты тектітұқымнан шыққандар ғана басқаруы тиіс,“құлдан туған төрені, ақсүйектің ұлы деп”, оған ел тізгінің ұстату“адыра қалғыр заманның белгісі”. “Діні басқалардың ел билеуін ” бар пәленің бастауы деп есептеген Мұрат ақынбекерден-бекержылай бермей“кейінгі туған бала үшін”, кеінгі ұрпақтың “сауабы үшін”, “күндердің күні болғанда, обалы маған” болмас үшін“дулығалы қара нарларды” атқа қонуға шақырады.

Сонымен “Зар заман” мектебініңжыршылары өз дәуірінің қиыншылығын, қасіретін жырлаған, халқының тілеуін тілеген, тәуелсіздігін аңсаған адал ұлдары еді.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!