Ж.БАЛАСАҒҰН., М.ҚАШҚАРИ ЖӘНЕ А.ИАССАУИ ШЫҒАРМАЛАРАНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ИДЕЯНЫҢ МАЗМҰНЫ

VІІІ-ХІ ғасырларда Ориа Азия мен Қазақстанда ислам дінінің тарауына байланысты араб тілі мен жазуы кеңінен қолданыла бастады. Ірі қалаларда білім беру  ісі  мен ғылым дамыды. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу жерінде  исламның кең етес алуынан ерте түрік сына жазуы ығысып, араб әліппе негізінде жаңа түркі жазуы қалыптасты. Түркі және араб тілдерінде  әдеби және ғылыми шығармалар жазылды.

ХІ-ХІІ ғасырларда Қарахан мемлекетінің  күшеюімен бірге мәдениет те құлашын кеңге сермеді. Араб Шығсы мен Үнді-Иран және Орта Азия  әлемінде әлеуметтік – құқықтық ой-пікірдің дамуына әсер  еткен “ақыл-ой төңкерісі” болды. “Мұсылмандық Ренессанс деп аталған  осы дәуірде өмір сүрген Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашқари, Ахмет Иассауи тағы басқа  ғұламалардың шығармалары  көпшілік қауымға кеңінен мәлім болды.

ХІ-ХІІ ғасырлардағы  әдеби поэзиялық шығармалардың  көрнектілерінің бірі – Жүсіп Баласағұнның “Құтты білік” (“Қалай бақытты болу жағдайындағы ғылым”) поэмасы.

Қарахан мемлекетінің астанасы Баласағұнда 1015 жылы дүниеге  келген Жүсіп сол кездегі  мемлекет басшысы  Сатұқ  Бограханның бас-хаджиб мемлекеттік кеңесшісі лауазымын атқарған. Оны бүкіл әлемге танытқан – “Құтты білік” (1069) поэмасы. Энциклопедиялық еңбекке айналған бұл дастанда  мемлекетті басқару  әдістері, билеушілердің әдептік ережелері, қоғамдық-әлеуметтік, саяси мәні бар  нұсқаулар мен  ережелер, адамдар арасындағы түрлі деңгейдегі қарым-қатынас мәселелері қарастырылады.

“Құтты білік” поэмасының басты идеясы төот  принципке негізделіп жазылған. Біріншісі, мемлектті дұрыс басқару үшін  қара қылды қақ жаратындай әділ  заңның болуы, екіншісі, бақ-дәулет, яғни елге құт қонсын деген тілек, үшіншісі, ақыл-парасат, төртіншісі, қанағат-ынсап мәселесі.

Жүсіп Баласағұнның “Құтты білік” дастанында шығыс әсерінен гөрі түркі халықтарының бай ауыз – әдебиеті,  фроьклор  жанрларының әсері  басым сияқты. “Құтты білікте” салт жырларының  дәстүрі басым. Бұл реттен Жүсіп исламнан бұрынғы  әдет-ғұрыпты көбірек жырлаған. Сол себепті Жүсіп Баласағұнның шығармасында бір ғана шғыс әсері үстем деп айтуға болмаса керек. Түркі тілдес тайпалардың тілінде жазылған сан – алуан тұрмыс – салт жырлары сол кездің өзінде – ақ аз болмаса керек. Олар айтыс, толғау, терме түрінде айтылған. Жүсіптің сүйенген үлгісі халық ауызындағы осындай дәстүрге байланысты болған.

Сонмен, тәлім-тәрбмелік маңызы бар Жүсіп Баласағұн еңбектері сол дәуір үшін идеологиялық қызмет атқарды. Оның мақалға айналған көптеген  ережелері мен сөздері осы күндері де өз актуалдықтарын жойған жоқ.

Орта ғасырлық жұлдыөдарымыздың бірі Махмұд Қашқари ХІ ғасырда Қашқарда дүниеге келіп, Шу, Талас  өңіріндегі Баласағұн қаласында өмір сүрген ғалым. Ол ұлы әдебиетші, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, зерттеуші, ойшыл-философ, белгілі саяхатшы “Түркі тілдерінің жинағы” кітабын 1072-74 жылдары жазған. З заманындағы түркі, араб граматикасын жасап жетік білген. Бүкіл түркі ру-тайпаларын аралап, олардың тіл ерекшеліктерін, сөздік қорын зерттеген. Сөйтіп, түркі тілдерінің салыстырмалы граматикасын жазып шыққан.

Махмұд Қашқари адамдарды өнер білімге, әдептілікке шақырып, адамгершілік, мораль, этика, ұйымшылдық мәселелерін сөз етті. Оның түркі халықтарының бйіттерінде табиғат сұлулығы, махаббат, көркемдік, парасаттылық білім, батырлық суреттеледі.

Ерте түркі дәуіріндегі ірі ошылдардың бірі, бүкіл түркі жұртын имандылыққа, ізгілікке, рухани тазалыққа шақырған – Құл Қожа Ахмет Сұлтан Иассиуа еді. Ол ХІІ ғасырда қазіргі Оңтүстік Қазақсатан облысының Сайрам жерінде дүниеге келген.

Иассауидің жалпы еңбегі “Диуани хикмет” (“Даналық кітабы”) түркі тілінде жазылған рухани және гуманистік бағыттағы шығарма.

Оның еңбектіреінің  негізгі мазмұны сопылық жолындағы  мұсылмандық ілімнің қағидаларын  жүзеге асырудың, оларды күнделікті  өмірде қолданудың әдіс-тәсілдерін үйретуге арналған. Сопылық ілімді игеруде төрт сатыдан өту керектігі айтылады: 1) шариғат; 2) тарихат; 3)мағрипат; 4)ақиқат.

Ахмет Иассауи адам мен қоғам мәселелеріне айрықша көңіл қойған. Ол құдай атынан адамдард парасаттылыққа, әділдікке, адамгершілікке үндейді.

Халық Ахмет Иассаумдің Отаны –Қазіргі Түркістан қаласын “Кіші Мекке” деп атап кетті.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!