ӘЛ-ФАРАБИ ЖӘНЕ ОНЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ ОЙЛАР

Бірақ Отырар Қазақстан территориясындағы бірден бір орталық емес-ті. Зерттеушілердің қажырлы еңбегі арқасында республикасының археологиялық картасында басқа да мәдени орталықтар болғаны көрсетілген. Сондықтан біз осы территорияда мекендеген сонау арғы замандақалыптасқан өскелең өнері, қол өнері, ғылыми, түркі тілдесжазуы болған деп қазір батыл айта аламыз. Осы жазба әдебиеттіңпайда болған кезін, ол біздің заманымыздан 300-400 жыл немесе одан көп бұрын қалыптасты ма-деген мәселені келешекте тарихшылар мен тіл мамандарыныңанықтауына тура келеді. Міне сондықтан-дақазақ топырағынаншыққан ғалымдар Әбу-Насыр әл-Фараби, Исхақ әл-Отрари, Исмаиыл әл-Шаухари, жамал әл-Түркістани, әл-Сигнаки, әл-Қыпшақи, Қадырғали Жалаири және басқалар жаған еңбектердің белгілі бірмәдени негізде дүниеге келуі әбден табиғи нәрсе.Осынау санлақтардың ішінде жалпы әлемге әйгілі алып тұлға ретінде көзге көрінетін әл-Фарабидің орны ерекше.

Ал енді әл-Фарабидің антика дәстүрімен байланыстылығынан, осының арқасынданың Аристотельден кейінгі “Екінші ұстаз” атанып, даңқа бөленгеніне айтатын болсақ, әл-Фараби жастайынан-ақ ұлы Аристотельдің, Платонның, ерте дүниедегі Грецияның басқа да филосовтарының шығармаларымен түп нұсқасынан танысқаны жөнінде басқа дерктер бар. Білімге, ізденуге деген құштарлықтың жетелеуіменол жас шағында, дүниедегі құбылыс біткеннің бәрікісіге әрі ғажап, әрі таңсықкөрінетін кезде, саяхат жасап, сол заманғы мәдени әлемнің көптеген орталықтары: Хорасанда, Бағдатта, Дамаскіде (Шам), Алеппада, Каирда (Мысыр) болған.

“Қайырымды қала” трактатында әл-Фараби әлеуметтік әділеттілік пен еркіндіктіорнықтыратын – ізгілікті қоғам туралы ой қозайды. Мұндай қоғамды ұлы ойшыл “әрбір адам екінші адамныңөмір сүруіне қажетті үлесін бертін, бір-біріне көмектесетін адамдарды біріктіру арқылы ғанаадам өз табиғатына сай жету дәрежесінеие болатын” қоғам түрінде елестетеді.

Әрбір отбасын қоғамның кішкене бөлшегі ретінде қарастырғанәл-Фараби оның өзінің жеке мақсаты болды, бірақ бұл мақсатқала белгілейтін ортақ мақсатқа қызмет етуі тиіс, яғни адамдар өзінің жеке мүдделерінқлғам мүдделеріне бағындыруы керек дегенді айтады. “Мемлекеттік билеушінің нақыл сөзінде” ол отбасы мүшелерін (Аристотель сияқты) бірнеше бөлікке бөледі.

Қайырымды қаланың орнығуына әл-Фараби мұсылман құқығының принциптерін талап етпейді, оны ақыл-парасаттың дамуы мен қайырымдылықтың нығаюымен байланыстырады. Ол тұжырымдаған жағдайдың бәріндемұндай қала билеушілер моральдік-этикалық қалыпқа сай болып келеді, олардың ешқайсысының исламға тікелей қатысы жоқ. Бірақ Араб халифаты заманында өмір сүрген әл-Фараби өзінің зерттеулерініңтақырыптық шеңберіндесаясатты мұсылманқұқығы доктринасымен, дінидогматикасыменбір қатарға қояды. Дегенмен, грек философиясының ықпалын терең сезінген ол бұл бағытта түбірлі бетбұрыс жасамайды.

Грек философиясынмұсылман құқығы, діні және құқықтық теориясымен байланыстырып, одан саясат туралы жалпыілім жасауға талпыну бұл ілімнің діни-мұсылмандық сипатын білдірмейді. Әл-Фараби саясат туралы ілімді мұсылман құқығымен, длгматикасымен салыстыру арқылы олардың құдайлық босатылуы туралы ұқсастығы емес, бұл ілімдердің адам іс-әрекеті мен мінез-құлқындағы әртүрлі жақтарға тигізген әсерініңмәнін атап көрсетеді. Әл-Фарабидің саясат турал айтқанқұнды ойлары Араб шығысы мен Орта Азия елдерінде әлеуметтік-құқықтық ілімніңодан кейінгі дамуына өз ықпалын тигізе алады. Оның әлеуметтік-құқықтық идеялары орта ғасырлықжәне жаңа заман ойшылдарының еңбектеріндекөрініс тапты.

Сонымен, әл-Фарабидің әлеуметтік-құқықтық көз-қарастарынан бүгінгі қоғамныңкөріністеріне пайдалы тиесілі үндестік табамыз. Оның өз заманында айтқан құнды пікірлерінің қазіргі егеменді Қазақстанымызғақаншалқты маңызыбарлығына көз жеткізіп отырмыз.