СОЦИОЛОГИЯНЫҢ ЗЕРТТЕУ НЫСАНЫ МЕН ПӘНІ

Социологияны зерттеу нысаны – қоғам және оның өмір сүру, даму заңдылықтары. Ғылыми танымдық және практикалық мақсаттарға қарай бір нысанда бірнеше зерттеу пәндері болуы мүмкін.

Нысан ретінде әлеуметтік өмірдің бір бөлшегін сот социологиясын зерттеу пәні етіп алу проблемалықжағдайдан, яғни кейбір әлеуметтік қайшылықтарды бөліп қарастыру қажеттілігінен туындайды. Практикалық әлеуметтік істердің нәтижеліболуына көмектесу оның табиғатын, пайда болу жағдайларын, егер олар бұрын белгісіз болса, түсіндіру қажет. Проблемалық жағдай зерттеу пәнін құрайды, ал әлеуметтік өмір құбылыстарындағы проблемалық жағдайды шектеу -зерттеу нысаның бөліпалуға онтологиялық негіз болады.

әлеуметтік нысандардың даму және өмір сүруінің объективті заңдылықтарын анықтау мақсатында алға қойылған теориялық – бағдарлық әлеуметтікзерттеулердің пәніэмпириялық шындықтыңелеулі қасиеттері менөзара байланыстарын теориялық анықтамалар менұғымдар түрінде түсіндіреді. Ал мақсаты әлеуметтік күйлер мен процестердііс жүзінде басқару болып қолданбалы социологиялық зерттеулердің пәні, керісінше, ұғынылған нысаннан өмір шындығына кету түрінде болады.

Социология – тарихи қалыптасқан әлеуметтік жүйелерінің дамуының, өмір сүруінің өзіндік заңдары мен заңдылықтары, жекелеген адамдардың, әлеуметтік топтардың, таптардың, қалықтардың өміріндегі осы заңдардың әрекет ету механизмдері мен көріну формалары туралы ғылым.

Социолгияны қоғамдық өмірдіңбір ғана саласымен шектеуге болмайды. Мысалы, экономикаға ғылымдарыныңзерттеу пәні материалдық игіліктерді өндіру, оларды айырбастау, бөлу және тұтыну процестері болмаса, саяси ғылымдар мемлекеттік институттардыңбасқару, өмір сүру, билік құру, түрлі әлеуметтік топтардың арасында билікті бөлу сияқты күрделі саяси процестерді, тарих ғылымдары тарихи өзгерістер процесінзерттейді. Ал социологияның зертеу нысаны – жоғарыда атап өткеніміздей, индивиттердің қауымдастығы, олардың өзара қарым-қатынастарының ортасы түрінде қарастырылатын қоғам.

П.Сорокин ұзақ жылғы ғылыми ізденістерінің барысында социологияның пәні мәселесінеәлденеше рет қайта соғып, “Түрлі теориялық методологияның шекарасы мен пәні” (1913) атты арнайы жазылған көлемді мақаласында, “Қылмыс пен жаза” (1914), “Социология жүйесі” (1920) кітаптарыныңжек тарауларында бұл мәселеге тоқталды. Оның бұл мәселе туралы зерттеулеріпікірлерініңсабақтастығымен, жүйелілігіменталдауларының жаңашылдығымен ерекшеленеді. П.Сорокин “Социология жүйесі” атты еңбегінде “әрбір социологиятеоретигіні бірініші міндеті бұл-пәннің анықтамасы мен межесінайқындап алу, бұлай болмағанжағдайдаайтқандарының бәрі анық емес, бұлыңғыр деген кінә тағылуы мүмкін” деп жазды.

Қоғам мен адамды пәндері ұқсас бірнеше ғылым салалары зерттейді. Әлеуметтік құрылымның жекелеген бөліктерініңәлеуметтік кеңістікте алатын орны мен байланыстарының жиынтығы осы әлуметтік құрылымға кіретін адамның, кез келген әлеуметтік бірліктің болмысын, мінез-құлқын айқындайды. Әлеуметтік кеңістіктегі адамдардың жағдайы олардың билік, материалдқ игіліктер, мәртебе, білім дәрежесі сияқты қорлардан алған үлесіне қарай анықталады. Әлеуметтік құрылымдағы әрбір индивиттің әлеуметтікмәртебесі мен орны екі негізгі параметр мен мәртебелер арасындағы әлеуметтік алшақтық пен белгілібір мәртебесі бар индивидтердің санымен белгіленеді

Қазіргі заманғы социология ғылымының зерттеу нысаны мен пәні бұл ғылымныңұзақ тарихи дамуының нәтижесі, ғалымдардың толқын-толқын ұрпақтары зерделеген ғылыми ізденістердің жемісі.

Құқық социологиясы – жадпы социологияның бір саласы. Құқық – нормалардан, ережелерден, қағидалардан тұрады. Ал, құқықтық нормалар ресми түрде қабылданады. Дәлірек айтсақ, құқықтық нормалар нормативті актілерде жазылады. Нормативті актілердің түрлері сан алуын. Мұны ҚР Конститиуциясынан да көруге болады. Конституцияның өзі дежүйелендірілген мемлекеттің негізгі заңы.

Социологиялық тұрғыдан құқық дегеніміз – адамдардың, мемлекеттік және қоғамдықоргандардың қарым-қатынастарын, тәртібін, іс-әрекетін реттепотыратын мемлекет тағайындаған, немесе бекітіп рұқсат еткен жалпыға міндетті – әлеуметтік нормалардың жүйесі.

Құқық социологиясының нақты мақсаттарының бірі – қоғамдық өмір мен құқық саласындағы тығыз байланысты, құқықтық әлеуметтік функцияларының мәнін, мағынасын, заң нормаларының барлық деңгейлерде, жалпылама алғанда, ең алдымен қоғамның, сонан соңәртүрлі әлеуметтік топтардың және жеке адамдардыңқарым-қатынастарын, мінез-құлық нормаларын зерттеу болып табылады.