9-11 сыныптар үшін “құқықтық және экономика ” негіздері курсы бойынша әдістемелік нұсқау және оқу бағдарламалары

Нарықтық  экономиканың  негізгі  буыны-кәсіпкерлік.

Кәсіпкерлер  нарықты  қызмет  көрсетулер   мен  тауарлар  толтыыру  арқылы   табыс  және  жеке  түсім  алуды  көздейді,  сондай-ақ, өзі   жауапкершілікті    ала  отырып, тәуекелге  бел  байлайды.

  Кәсіпкерлік  қызметіне  жататындар:

  • жер, капитал  және  еңбек  ресурыстарын  біріктіріп, ортақ  қызметке  айналдыру;
  • бизнесте дербес  шешім  қабылдау ;
  • коммерцияда, технологияда, ұйымдастыруда жаңашыл  болу ;
  • өзінің және жалға  алған   мүліктерін,   уақытын, еңбегін, іскерлік  қабілетін  тәкекелге  қою.

Кәсіпкерлік қызмет  қоғамдық  өндірістің  барлық  саласын  қамтиды.

Кәсіпкерге  мынадай  талаптар  қойылады:

  • экология, қоршаған  ортаны  таза  сақтау;
  • халықтың  денсаулығын  жақсарту;
  •  өрт  қауіпсіздігін  сақтау.

Кәсіпкерлік  жеке, ұжымдық, мемлекеттік және   келісімшарттық  болып  бөлінеді.

ҚР заңдарына  сәйкес  қару- жарақ  немесе  есірткі  өнімдерін  шығаруға, сондай-ақ, адамның  денсаулығына  зиян  келтіретін  кәсіппен айналысуға қатаң  шектеулер қойылған.

            Кәсіпкердің:

  • жеке кәсіпорын  немесе  ұйым  ашуға;
  • мүлікке  ие болуға  және  қолдануға;
  • жұмысшыларды  жұмысқа жалдауға  және  шығаруға;
  • еңбекті бағалау  жүйесінің  түрін  белгілеуге;
  • өзінің  шаруашылық  қызметін  жоспарлауға;
  • тарифтер  мен бағаны  белгілеуге;
  • табысты өз  еркімен  жұмсауға;
  • жеке табыс  алуға;
  • валюталық және  сыртқы экономикалық  операцияларға  қатысуға    құқылары  бар. 

Кәсіпкер :

  • келіссөз бен келісімшартқа отыруға,
  • жалдамалы  жұмысшылардың  еңбекақысын  төлеуде мемлекет белгіленген  минимальді  өлшемнен  кем  төлемеуге,
  • жұмысшылардың әлеуметтік  сақтандыру төлемдерін  мемлекеттік  қорға  төлеп отыруға,
  • еңбек қауіпсіздігін  қамтамасыз  етуге,
  • тауардың  сапасын  жауап  беруге,
  • жеке табысы  мен  кәсіпорын  түсімінен   салық  төлеуге  міндетті.

Антимонополиялық заңдарға байланысты, кәсіпкерлердің төмендегі   іс-әрекеттеріне тыйым  салынады:

 нарықта алатын  орны   мен  беделіне   орай  өндірісті  тоқтатуға немесе  азайтуға, тауарды айналымнан  шығаруға, оған  зиян келтіруге , тапшылық  тудыруға,

– жарнама  арқылы  сатып  алушыларды сапасыз  тауармен  алдауға, басқа  бір  фирманың  сыртқы  безендіруін  көшіріп  алуға.

Кәсіпкердің өз  қызметін, құқығын  және  міндетін  іске  асыру  үшін  нақты  білімі,  практикалық  дағдылары, жеке  қасиеттері  болуы  қажет.

Кәсіпкер  ең  алдымен :

  • нарықтық шаруашылықтағы экономикалық  заңдар қызметінің  механизмін білуі  қажет,
  • кәсіпкерлік және биржа  қызметін, банкіні, салық  жүйесін, сақтандыру компанияларын  реттейтін  халықтық  жәке  мемлекеттік  заңдарды білуі  керек, сондай-ақ,  нарық  қажеттілігін, тәуекел  теориясын, адамдармен  тіл  табысуды,
  • өз саласының  қызметін  білуі  тиіс.

Кәсіпкер;

  • жаңа коммерциялық  ойларды  ұсынуды  және  оның  болашағын бағалай  білуді;
  • бизнес- жоспар құруды;
  • кәсіпорын ашуды;
  • стандартты емес  шешімдерді  таба  алуды;
  • белгісіз жағдайларда  шешім  қабылдауды білуі;
  • келіссөз жүргізуі, келісімшартқа отыруы;
  • өзіне  тиістісін ала  білуі , орындай  алуы  тиіс.

Қазіргі  нарықтық   экономика қатынастары белгілі  бір іскерлік  әдеп  ережелерін  сақтауды талап  етеді.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!