Құқық және экономика негіздерін оқыту процесінің заңдылықтары және принциптері

Білім  беру  саласында  оқыту  процесінің   мәні  өте  зор, өйткені  осы  кездегі   қоғамдық-өндірістік  қатынастың   дамуы  оқытудың   ғылыми- практикалық   деңгейіне  байланыстыа.

Оқыту  процесін  ұйымдастыру  барысында   оқушы  және  оқушылар  ұжымы    біржағынан  оқыту  объектісі, екінші  жағынан  оқыту  субъектісі   болады.  Осыған  орай,  оқыту  процесінде   мұғалімдер  мен   балалар  ынтымақтастығы,  олардың  шығармашылық  еңбек  етулеріне  зор  сүйеніш  болады.

Оқыту  процесінің   өзіне  тән  компоненттері  бар.  Олар  оқытудың  мақсаты,   формалары  мен  әдістері,  сонымен  қатар   нәтижесі. Бұл  компоненттер  бір- бірімен  тікелей  байланысты   түрде  іске  асырылады,  демек,  педагогикалық  процесс   сонда   ғана  татымды  нәтиже  береді.

Оқытудың  қоғамның  мұқтаждығына  және  жағдайына   байланысты  заңдылығы. Мектепте бұл  заңдылықты іске  асыру  еліміздің  әлеуметтік – экономикалық  дамуына  байланысты. Неғұрлым  қоғамның  экономкалық  мүмкіншілігі  ғылыми-техникалық  үдеуге  сәйкес  дамып  отырса, соғұрлым  мектептің  оқу  материалдық жағдайы  жақсарады, педагогикалық  процесс  тиімді  ұйымдастырылып, жеке  адамның дамуына  игі  әсер  етеді.

Оқытудың, білім  берудің  және  дамудың   өзара  байланыс  заңдылығы. Оқыту  процесі  білім  беру, тәрбие  және даму  процестерімен  байланысты. Сондықтан  оқыту  жеке  адамның  жан-жақты дамуына көмектесе  отырып, білім  беру, тәрбие  және  даму  функцияларының  бірлікте  іске  асуына  мүмкіндік  туғызады.

Оқыту  процесінде  баланың   таным  белсенділігі  кеңиді,  тереңдейді, ақыл-ой  қабілеті, білімді  өз  бетімен  меңгеру  белсенділігі  дамиды, заттың  мәнін, ғылыми  ұғымдарды  тереңі  түсінеді, іздену  нәтижесінде  пайда  болған   сұрақтардың  жауаптарын  табады.

Оқыту  процесінде оқушылардың  жас,  дербес ерекшеліктерін  есепке  алу.  Жас  ерекшеліктері  мынадай  жағдайда  еске  алынады:

а) оқу  жоспарларын , оқу бағдарламаларын, оқулықтарды, оқу  құралдарын  т.б. жасағанда;

ә) организмнің   дене  және  психикалық  дамуына  байланысты;

б) оқу,  тәрбие  процесінде.

Жеке  адамның  дербес  ерекшеліктері:

а) темперамент, оның  типтері (сангвиник, флегматик, халерик, меланхолик);

ә) қабілет, оның  түрлері:  жалпы  және  арнайы  қабілеттер.

Қабілет- адамның  түрлі   іс- әрекеттеріндегі  мүмкіншілігі.

Білім  беру  жеке  адамның  жас  және  дербес  ерекшеліктеріне  сәйкес  ұйымдастырылады.

Оқыту  процесінің   міндеттерінің , мазмұнының, формаларының  жеке  әдістерінің  өзара  байланыс  заңдылықтары. Оқыту  процесінің  барлық  элементтерінің  мақсаттары  мен  міндеттерін, мұғалімнің  және  тәрбиеленушілердің   жұмыстарының  мазмұнын,  формаларын  және  әдістерін  анықтайды.

Бұл  заңдылықтар:

а)  оқыту  мазмұны  қоғамның  мақсаттары  және  қажеттілігін  бейнелейтін  міндеттерге  байланысты;

ә) оқыту  формалары, оның  мақсаттарымен  анықталады.

Оқыту  процесінің міндеттері, мазмұны  формалары, әдістері  тұтас  логикалық  тізбек құрса,  онда  қарастырылып  отырған  байланыс  заңды-лықтары  ақырғы  нәтижені  қамтамасыз  етеді.

  1. Оқыту процесінің принциптері.

Оқыту  процесінің  заңдылықтары  оның  принциптерінде  бейнеленеді.  Принцип- латын сөзі –негізгі, бастапқы  деген  ұғымды  білдіреді.

Оқытуға  қойылатын  талаптардың   бастапқы  белгілі  жүйесін  оқыту  процесінің  принциптері  деп  атайды.  Оқыту  процесінің   бірнеше  принциптерін   атауға  болады.

 Оқыту  процесінің  мақсаттылық  принципі. Әрбір  сабаққа  дайындалу  үшін  ең  алдымен   оныың  мақсатын  анықтайды.  Мақсатсыз  сабақ  жақсы  нәтиже  бермейді. Өйткені  оқыту  әдістері   олардың  мақсаттарына  байланысты.Осыған  орай, әрбір  баланың  және  ұжымның   ерекшеліктерін  еске  алып, мұғалім  оқыту   жұмыстарының   формаларын,  мазмұнын, әдістерін  іпіктеп  алады. Оқыту  мен  тәрбие жұмыстарын  осындай  мақсатпен   ұйымдастыру  мұғалім  мен  оқушылардың  іс- әрекеттерінің үнемі жоспарлы  түрде  өтуіне  игі  әсер  етеді.

Оқытудың  ғылымилық  принципті. Бұл  принцип табиғат, қоғам, мәдениет, ойлау  дамуының  заңдылықтарын  білуді  талап  етеді.Ғылымилық  принцип  оқу  бағдарламаларын, оқулықтарды  жасағанда  еске  алынып, оқыту  процесінде   жүзеге  асырылады. Ғылымилық  принцип  оқушылардың  таным  қабілетінің  дамуына,  дүниеге  көзқарасының  және  жоғары  адамгершілік  қаситтерінің  қалыптасуына  әсер  етеді.

Түсініктілік  принципті. Түсініктілік  принципі оқытуды  оқушы-лардың  дайындық  деңгейіне  сай  ұйымдастыруды  талап  етеді. Сонымен  бірге  оқушылардың  дайындық   деңгейіне  сай ұйымдастыруды  талап  етеді.Сонымен  бірге  оқушыларға  тапсырма “ең таяу  даму  зонасына”  сәйкес  берілуі  тиіс, яғни  тапсырманы   мұғалімнің  басшылығымен   терең  ойлап  орыныдауды  оқушылардан   талап  ету  керек. Егер  тапсырма  аса  ауыр  болса, онда  оқушылардың  ықыласы  төмендейді, сенімі  кетеді, күшіне  зиян келеді.

Жүйелілік  және  бірізділік  принципі. Оқыту  процесінде оқу  бағдарламалары  мен  тақырыптық  жоспарда көрсетілген  тақырыптар бойынша теориялық  және  практикалық  мәселелер  бірізділікпен  белгіленеді.  Жүйелілік  және  бірізділік  принципі   оқыту  процесінде  балаларды  үнемі  өз  бетімен  жұмыс  істеуге  сонымен  бірге  балалардың  білімін  жүйелі  түрде  тексеріп, есебін  алып  отыруда, оларды күнделікті   сабақтарға   дайындықпен  келуге  де  үйретеді.

Бұл  принцип  жалпы  пәндерді   оқыту  жүйесінде  де қолданылады.

Саналылық  пен  белсенділік  принципі. Саналылық  пен  белсенділік  дегеніміз  білімді  саналылықпен  белсене  қабылдап,  оның  өмір   және   практикамен  тереңдету, оқылатын  фактілермен  құбылыстардың  мініне   түсіну  болады.

Сабақ үстінде  берілген  тапсырмаларды  оқушылардың  саналылықпен   орындауы,  олардың  белсенділігін  арттырады. Әрбір  іс- әрекетін орындауда  оқушылар  оның  теориялық  және практикалық  мәніне  терең  түсінуі  қажет.

Оқушылардың   дүние  танымын  тереңдетуге , белсенділік  сезімін  оятуға  ғылыми-техникалық   даму  кезеңіндегі   оқытудың   жаңа  үдемелі әдістері  мен  формалары  ықпал  жасайды. Сонымен  бірге  саналылық  және  белсенділік   принципін  іске  асыруда  мұғаліммен   шәкірттердің  бірлесіп  істейтін   шығармашылық  жұмыстары   да  игі  әсер  етеді.

Көрнекілік  принципі. Көрнекілік принципін  алғаш  зерттеп, оған мәнді  үлес  қосқан Я.А. Коменский, К.Д. Ушинский т.б.

Осы  принцип  негізінде   алғашқы  оқытудың  әдістемесін  жазды. Оқыту  процесінде сөз  бен іс, теория мен  практика  өзара  байланысты  болады. Әр  түрлі  көрнекілікті  қолданудың  нәтижесінде  сабақ  әрі  түсінікті , әрі  қызықты  болып  өтеді.

Көрнекілік  түрлері:

Табиғи  көрнекілікке  коллекциядағы  кептірілген  өсімдіктер, хайуандар  мен  құстардың тұлыбы, минералдар және  т.б  жатады.

Заттар  және  бейнелеу  көрнекілігі:  муляж, геометриялық  фигура, макет,  портреттер, архитектура, кескіндеме және  мүсін  үлгілері, жер  бетінің  бедері т.б.

Символикалық көрнекілікке  карталар, картограммалар, схемалар, диаграммалар, кестелер  жатады.

Экранды-динамикалық  көрнекілік  шындық  дүниені  бейнелейді. Олар: диапозитивтер, диафильмдер эпипроекциялар, оқу  киносы, оқу  теледидары.

Дыбысты  техникалық  көрнекілікке  грампластинкалар, магнито-фильмдер,  радиоқабылдағыштар жатады.

Көрнекі  құралдар  оқу  материалдарын, әсіресе, теориялық  ережелерді  есте  жақсы  сақтау  және  жеңіл  түсіну  үшін  қолданылады.

Педагогикалық процестің бағыттылық  принципі. Педагогикалық процестің бағыттылық  принципі жеке  адамның   әр  жақты  дамуына, оқыту  мен  тәрбие  үйлесімділігіне  ықпал  жасайды.

Кешенді  ықпал  жасау  идеясы қоғамдық  құрылыстың  өз  табиғатынан  шығады- оқыту  мен  тәрбие  жұмысы  жүйесінің тұтас,  мызғымас бірлігі.

Ақыл-ой, адамгершілік  және  еңбек  тәрбиесін тығыз  бірлікте  қамтамасыз  ету  педагогикалық процестің  бағыттылық  принципінің негізін  құрайды.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!