Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарының арақатынасы және конституциялық заңдарының қалыптасу кезеңдері

Қазақстан Республикасының Конституциясында “қолданыстағы құқық”  жалпы  түсінік берілген және ол осы тектес актілерде өте сирек кездеседі. Оның айқын сипатталмауына байланысты “қолданыстағы құқық” ұғымына конституциялық түсініктеме беруге тура келеді.

Конституциялық Кеңестің берген түсіндірмесі Қазақстан Республикасы Конституциясындағы “қолданыстағы құқық” ұғымын мәніне сай бейнелей алмайды. Қазақстан Республикасының Конституциясында: “Қолданыстағы құқық Қазақстан Республикасында оның заңдарына сәйкес келетін Конституция нормалары болып табылады” деп жазылған.

Осыған орай Конституция тура белгілейді немесе оның идяларынан, қағидаларынан, принциптері мен нормаларынан тек өзіне ғана тән мынадай санаттар туындайды.

  1. Конституциялық кеңестік. Конституция – мемлекеттің негізгі заңы, сондықтан оның барлық аумағында қолданылады. Құрлықтағы, судағы, әуе кеңістігіндегі, жер қойнауындағы, аумақтық шекарасы Қазақстан Республикасы Конституциясының қолдану кеңістігі болып табылады.
  2. Конституциялық заңдылық.   Бүкіл  конституциялық  кеңістікке  Конституция  пәрменін  жүргізу  онда  конституциялық  заңдылықтың  орныққандығын  білдіреді.  Конституциялық   заңдылық  ҚР Конституциясында    бекітілген  нормаларды,  идеяларды,  принциптерді  мемлекеттің  оның  органдарының,  ұйымдарының  лауазымды  адамдардың,  қоғамдық  бірлестіктердің,  азаматтардың,  заңды  тұлғалардың,  шетелдіктердің  орындауынан  көрінеді.   ҚР  Конституциясында  Парламент:  “ Республика   Конституциялық    кеңесінің  Республикадағ  конституциялық  заңдылықтың  жай  күйі  туралы жыл  сайынғы  жолдауын  тыңдайды”  (53-баптың  11-тармағы)  делінген.  ҚР  Конституциясында  конституциялық  заңдылықпен   бірге  “заңдылық”  термині  қолданылады.  ҚР  Конституциясының  83-бабында,  прокуратураның  “заңдылықтың  кез  келген  бұзылуын  анықтау  мен  жою  жөнінде  шаралар  қолданылатындығы”  айтылады.
  3. Конституциялық тәртіп.  Конституциялық    заңдылық  негізінде  конституциялық  тәртіп,  режим  белгіленеді.  Оған  мемлекеттік  органдары,  қоғамдық  бірлестіктерді  ұйымдастыру  мен  олардың  қызмет  тәртібі  жатады.  Сөйтіп,  қоғамдық  және  мемлекеттік  институттардың  бірігіп  кетуіне,  мемлекеттік  органдарда  саяси  партиялардың  ұйымдарын  құруға  жол  берілмейді  (5-баптың   1- тармағы).  Конституциялық  режим  қоғамдық  бірлестіктер  ісіне,  мемлекеттің  және  қоғамдық  бірлестіктердің  мемлекет  ісіне  заңсыз  араласуына,  қоғамдық  бірлестіктерге  мемлекеттік   органдардың  қызметін  жүктеуге  қоғамдық  бірлестіктерді  мемлекеттік  қаржыландыруға  жол   бермеуден  көрінеді  берілмейді  (5-баптың   2- тармағы).
  4. Конституциялық бастама. Қазақстан Республикасының Конституциясы оны өзгерту мен толықтыру тәртібін қарастырады. Конституциялық бастама – Конституцияны өзгертетін және толықтыратын құқықтық идеялардың сипатталуын білдіруші субъектілердің белсенді әрекеті. Оны халыққа не Парламентке үндеу жолдау арқылы жүзеге асыра алатын Қазақстан Республикасының президенті ғана бірден- бір конституциялық бастама субъектісі болып табылады.
  5. Конституциялық мәртебе. Қазақстан Республикасының Конституциясы халықтың, Президенттің, депутаттардың, өкілетті органдардың, азаматтардың, судьялардың шет ел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың мәртебесін белгілейді.
  6. Конституциялық органдар. Мемлекет күрделі тетіктен тұрады. Тек осы тетікті негізгі құраушылар ғана Конституцияда көрсетіліп, бекітіледі. Сөйтіп Конституциялық органдарды ажыратудың басты негізі мемлекеттік билікті тармақтарға бөлу принципі болып табылады. Конституциялық органдар конституциялық құзыретті иеленеді.
  7. Конституциялық іс жүргізу – Қазақстан Республикасының Коституциясында “конституциялық іс жүргізу” ұғымы өзінің міндеттерін – импичментін жүзеге асыруға президент қаблетсіз болған жағдайда оның қызметінен мезгілінен бұрын босатылуына байланысты қолданылады.
  8. Конституциялық өкілеттік. Республика Конституциясы жоғары және жергілікті мемлекеттк органдарға белглі бір өкілеттіктерді бөледі. Осы өкілеттіктер Конституцияда бекітілгендіктен, Конституцияның өзінде осылайша аталмаса да, олар конституциялық өкілеттіктер болып табылады.
  9. Конституциялық шектеу. Қазақстан Республикасы Конституциясында қаралған шектеу: 1) азаматтарға; 2) шетел азаматтарына; 3) республика азаматтары бірлестіктеріне; 4) шетел азаматтарының бірлестіктеріне; 5) мемлекеттік органдарға; 6) мемлекеттік лауазымды адамдарға қатысты.
  10. Конституциялық жауапкершілік – құқықтық жауапкершіліктің күрделі саяси- құқықтық сипаттағы ерекше түрі, конституциялық құқық бұзушылыққа қарсы күреседі, субъект үшін мейлінше зардапты жатпиғылдағы конституциялық құқық бұзушылықтан көрінеді.
  11. Конституциялық- құқықтық реттеу объектісі болып табылатын, қоғамдық қатынастардың мазмұнын айқындайтын негіз боларлық бастауы Конституцияда көзделген конституциялықпринциптер. Конституциялық принциптер Конституцияның және оны дамыту бағытындаааа соның негізінде жарияланатын нормативтік – құқықтық актілердің мазмұнын белгілейді.
  12. Конституциялық құрылыс – республика Конституциясымен және басқа конституциялық – құқықтық актілермен белгіленетін және қорғалатын саяси, экономикалық  және әлеуметтік қатынастар жүйесі.
  13. Адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтары. Адам мен азаматтың Конституциямен бекітілген құқықтары мен бостандықтары негізгісі болып табылады. Және біртұтастығымен сипатталады. Ол құқық пен бостандықты қоғамдық өмірдің барлық саласында жан-жақты реттеудің базасы ретінде қызмет етеді.
  14. Адамның және азаматтың конституциялық міндеттері. Қазақстан азаматтарынаң, шет ел азаматтарының, республика аумағындағы азаматтығы оқ адамдардың тәртібі Конституциямен көзделген мемлекет талабы. Кейбір конституциялық міндет тек Қазақстан Республикасының азаматтарына арналған.

Қазақстанның жаңа конституциялық заңдарының қалыптасу тарихы Қазақ КСР Конституциясына Қазақ КСР- ның “Президенттің қызмет орнын белгілеу туралы” 1990 жылдың 24 сәуірдегі заңымен өзгеріс енгізу кезеңінен бастау алады. Аталған заң мемлекеттің басқару жүйесіне айтарлықтай өзгеріс әкелді.

1990 жылғы 25 қазандағы Қазақ КСР- ының мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы осы кезеңнің конституциялық сипаттағы маңзды актісі болып табылаы. Ол жай “көздеушілік Декларация” емес еді, оның нормативтік құқықтық сипаты болды.

Декларацияда  Қазақ КСР-ының басқа республикалармен бірге КСРО-ға ерікті түрде бірігетін және олармен шарт негізінде өзара қарым- қатынас құратын егеменді мемлекет болып табылатындығы бірінші рет жарияланды. 1937 жылғы Конституцияда Қазақ КСР-ы, КСРО –ының басқа да тең құқылы республикаларымен бірге, ерікті түрде бірікті делінді.  Ал Қазақ КСР-ының 1978 жылғы Конституциясында, тек кіріспесінде ғана Қазақ КСР-ы КСРО құрамындағы тең құқылы республика деп атап көрсетілді. Декларация Қазақстанның егемендігін ғана емес, сондай-ақ одақтас республикалар арасындағы шарттың қажеттігі туралы конституциялық идеяны да жариялады.

Декларация –  Қазақ КСР-ының бұрын буржуазиялық саяси институт ретінде үзілді- кесілдітеріске шығарған билік бөлісу принципін бірінші рет жарилаған акт. Қазақ КСР-ының 1978 жылғы Конституциясы, жалпыға мәлім, бұл органда ешқандай бүкіл билік болмаса да, Жоғары Кеңеске бүкіл билікті бекітті.

Конституциялық заңдардың орнықтырылуының екінші кезеңі Қазақстан Республикасы 1991 жылғы 10 желтоқсанда қабылдаған “Қазақтың Кеңестік СоциалистікРЕспубликасының атауын өзгерту туралы” Заңнан басталады. Заң Конституциялық деп аталғанымен, Қазақ КСР Конституциясына және мемлекеттік егемендік туралы Декларацияға өзгерістер енгізгендіктен, ол іс жүзінде сондай заң болды. Бұл заңның мәні мынада, мемлекеттік ұйымдардың идеологиялық негізі Республика атауынан алынып тасталды.

Бұл заңның тағы бір мәні- бүкіл халықтың өзін-өзі саяси тануы:Республиканың көп ұлтты халқының “өзін-өзі тану принципіне негізделген демократилық, тәуелсіз, бейбіт сүйгіш, құқықтық мемлекет құру талпынысына орай”   Қазақ КСР-ы Қазақстан Республикасы деа аталды.

Қазақстан Республикасы конституциялық заңдары қалыптасуының үшінші кезеңі   Жоғарғы Кеңестің 1993 жылғы қаңтарда жаңа Констицуцияны қабылдаудан басталады. Бұл Қазақстанның мемлекеттік және қоғамдық құрылысын мүлдем жаңаша белгілеген тарихи құқықтық акт болды.

Қазақстан Республикасының 1993 жылға Конституциясына бірқатар жаңа қағидалар енгізілді. Айталық, Қазақстан Республикасы “өзін-өзі таныған қазақ ұлтының мемлекеттілік нысаны ретінде” жарияланды.

Конституциялық заңның қалыптасуының төртінші кезеңі  1995 жылы қабылданған Конституциямен байланысты. Онда КСРО – ның да, Қазақ КСРО-ның да не конституциялары, не заңдары еске алынбайды. Конституция күшіне енген кезеңге дейін қолданылып келген Қазақстан Республикасы заңдарының Конституцияға қайшы келмейтін бөліктерінің одан әрі қолданылатыны туралы айтылды.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!