Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқарудың конституциялық негіздері

“Қазақстан Республикасындағыжергіліктімемлекеттік басқару туралы” Заң жергілікті өкілді орган ұғымын береді. Жергілікті өкілді орган (мәслихат) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республиасының заңдарына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды белгілейтін және олардың жүзеге асуын бақылайтын сайланбалы орган болып табылады. Осы ұғымда жергілікті өкілді органдарды мемлекеттік тетіктің ерекше бір бөлігіне бөліп шығаратын белгілер қатары келтірілген. Бірінші белгі- бұл сайланбалылық. Бірақ сайланбалылық жергілікті өкілді органдардың айрықша белгісі болып табылмайды. Парламент мәжілісінің епутаттары да сайланады. Конституция аудандық және одан төмен тұрған атқарушы органдардың сайланбалылық мүмкіндігін көздейді. Мәслихаттардың екінші белгісі оларды әкімшілік-аумақтық бірліктер халқы сайлайтыны және сондықтан осы бірліктердің өкілді органдары болып табылатынында.Мәслихаттар әімшілік-аумақтық бірліктің тиісті аумағында тұрып жатқан халықтың еркінбілдіреді. Егер аталған үш белгі жергілікті өкілді органдардың қалыптасу процесін сипаттайтын болса, онда төртінші белгі олардың қызмет саласына жатады. Жергілікті өкілді органдар өз қызметін Қазақстан Республикасыныңзаңдарына сәйкес жүзеге асыруға және халықтың еркін іске асыру үшін қажетті шараларды белгілеуге тиіс. “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Заңда аталған осы белгіде “халықтың еркі”дегенде онша дұрыс түсінбеуден туындайтын Конституция қағидасын онша дұрыстамай қайталау бар.

 Мәслихаттардың құрылу, қызмет тәртібі және құзыреті.

  1. Мәслихаттардың құрылуы “Қазақстан республикасының Конституциясымен, Қазақстан республикасының Сайлау туралы Заңымен” және “Қазақстан Республикасындағы Жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Заңның бірқатар нормаларымен реттемеленеді. Конституцияда мәслихаттардың құрылуына арналған бірнеше нормалар бар. Оларда мәслихаттар әкімшілік-аумақтық бірліктер – облыс, қала, аудан аумағында сайланады деп көрсетіледі. Мәслихаттарды халық жалпыға ортақ, тең, тура сайлау құқығы негізінде құпия дауыс беру жағдайында төрт жыл мерзімге сайлайды.

“Сайлау туралы”Заң мәслихаттарға сайлауды одан көрі толығырақ реттемелейді.

“Жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Заң Конституция мен “Сайлау туралы” заңның қағидаларын қайталайды және мәслихаттар депутаттарын сайлау Республикасның сайлау туралы заңдарымен реттемеленеді деп көрсетеді. Заңда тиісті мәслихат депутаттарының санын Республиканың Орталық сайлау комиссиясы мынадай шектерде белгілейді: облыстық мәслихатта,Астана және Алматы қалалық мәслихаттарында – елуге дейін; қалалық мәслихатта – отызға дейін; аудандық мәслихатта- жиырмаға беске дейін.

  1. Мәслихат Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы белгілегеноның депутаттары жалпы санының кем дегенде төрттен үші сайланған жағдайда құқылы деп саналады. Мәслихат тұрақты әрекет ететлін мемлекеттік басқару орган болып табылмайды. Мәслихат сессиялар бойынша жұмыс істейді, сессия мәслихаттар қызметінің негізгі нысаны болып табылады. Мәслихаттың өкілеттіктері бірінші сессияның ашылу сәтінен басталады және жаңа шақырылған мәслихаттың бірінші сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады. Әкімшілік-аумақтық бірліктердің қайта ұйымдастырылуы (қосу, біріктіру, қайта құру, бөліп шығару немесе бөлу орын алуы) мүмкін.

Мәслихат депутатының құқықтарын үш топқа бөлуге болады: мәслихаттың жұмысына байланысты құқықтар. Оларға мәслихаттың жұмысына қатысу, саяси партиялар депутаттарының депутаттық топтары түрінде бірлестіктер құру және басқа құқықтар жатады; 2) жергілікті атқарушы органдардың қызметімен танысуға байланысты құқықтар. Депутат өз құзыретінің мәселелері бойынша тиісті мәслихаттың аумағында орналасқан жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдарға мәслихаттың құзыретіне жатқызылатын мәселелер бойынша сауалдар беруге және жолданымдар жіберуге; өз құзыретінің мәселелері бойынша тиісті мәслихаттың аумағында орналасқан жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдарға лауазымды адамдарының есептемелерін сессияда тыңдау туралы ұсыныстар енгізуге; тиісті әкімдік отырыстарының жұмысына қатысуға құқылы; 3) сайлаушылармен араласу; өз округі сайлаушыларымен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен кездесулер және жиналыстар өткізу құқығы.

  1. Әкімдер және әкімшіліктерді құру, құзыреті және қызметінің ұйымдастырылуы.

Әкімшіліктердің төмендегі буындары құрылады: 1) облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық; 2) аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың), республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы) аудандық, аудандық маңызы бар қалалық, кенттік, ауылдық (селолық), ауылдық (селолық) округтік әкімшіліктер түзілмейді.

Облыстық (Алматының, астананың), аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың), әкімдіктері Қазақстан Республикасының біртұтас атқарушы органдар жүйесіне кіреді. Республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы) аудандық,аудандық маңызы бар қалалық, кенттік, ауылдық (селолық), ауылдық (селолық) округтік әкімдіктер түзілмейтін болғандықтан, олар тиісті атқарушы органдардың бір бөлігі болып саналады.

Облыстық (Алматының, астананың), аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімшіліктерінің ортақ бір міндеті бар : тиісті аумақтың мүдделері мен даму қажеттіліктеріне тіркес атқарушы үкіметтің жалпы мемлекеттік саясатын жүргізуді қамтамасыз ету. Әрине, әкімшліктердің аталған буындарының әрқайсысы бұл міндетті өз құзыретінің шеңберінде шешеді. Облыс (Алматының, астананың) әкімшілігі алқалы орган болып табылады. Алқалық сипатына орай заң облыс әкімшілігінің құзыретін белгілейді: Облыс әкімшлігінің құзыретінің төмендегідей бағыттары бар:

1) ұйымдық шаруашылық; 2) басқарушылық; 3) реттеушілік; 4) үйлестірушілік; 5) консультативтік.

Ұйымдық -шаруашылыққа атап айтқанда, төмендегі өкілеттіктер жатады: облысты (Алматыны, астананы), облыстық (Алматының, астананың) бюджетті дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын әзірлеу, облыс (Алматының, астананың) аумағында кәспкерлі қызметті , инвестициялық ахуалды дамыту үшін жағдайлар жасау,облыс (Алматының, астананың) аумағында су құбырларының тазартқыш құрылыстары, электр беру желістерінің басқа да инфрақұрылым обьектілерінің құрылысын ұйымдастыру, қоғамдық тәртіп қорғау және қауіпсіздік сақтауды қамтамасыз етуді ұйымдастыру және т.б.

Басқарушылыққа, атап айтқанда төмендегі өкілеттіктерді жатқызуға болады: аграрлық сектордың ұтымды және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету, облыстық (Алматы , астаналық) маңызы бар жолдарды ұтымды іске пайдалану мен күтіп ұстауды қамтамасыз ету, мемлекеттік стандарттарды сақтьауды қамтамасыз ету, азамтьтардың кепілдік берілген медициналық қызметке құқығын іске асыруын қамтамсыз ету, облыстық (Алматы , астаналық) коммуналдық меншікті басқару оны қорғау бойынша шараларды жүзеге асыру, мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер құру.

Реттеушілікке заңдарға сәйкес жер қатынастарын реттеуді жүзеге асыру жатады: әкімшілік нормативтік қаулылар қабылдайды.

Облыстық (Алматы , астаналық) әкімшілік аудандықәкімшіліктердің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша олардың жұмысын үйлестіреді, халықтың әлеуметтік осал топтарына қайырымдылық және әлеуметтік көмек көрсету бойынша жұмысты үйлестіреді.

Ақырында, облыстық (Алматы , астаналық) әкімшілік консультативтік жұмысты жүзеге асырады, ол үшін ведомство- аралық сипаттағы мәселелер бойынша консультативтік – кеңестік органдар түзейді.

ІІ- сабақ.

  1. Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі.
  2. Алматы қаласының ерекше мәртебесі.

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 20 мамырдағы “Қазақстан Республикасы астанасыфның мәртебесі туралы” Заңы астананың құқықтық мәртебесін, қызмет етуінің ұйымдық-саяси және экономикалық негіздерін белгіледі.

Қазақстан Республикасы астанасы Астана қаласы (бұрынғы Ақмола қаласы) болып табылады. Астана- әкімшілік-саясиорталық, Президент, Парламент, Үкімет, Конституциялық Кеңес, Жоғарғы Сот, Бас Прокуратура және орталық атқарушы органдардың орналасқан жері. Кейбір жекелеген орталық атқарушы органдар астанадан тыс орналаса алады. Бұл мәселе заңдық жолмен шешіледі.

Заңда астанадағы жергілікті мемлекеттік басқаруды заңдар белгілеген тәртіпте жергілікті өкілді және атқарушы органдар жүзеге асырады делінген. Осындай тәртіпті 2001 жылғы 23 қаңтардағы “Жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Заң белгілеген, ол уралы жоғарыда айтылды. “Астананың мәртебесі туралы” Заң да сондай-ақ өкілді орган (Астана мәслихаты) үшін және атқарушы орган (Астана әкімшілігі) үшін облыстық мәслихаттар мен әкімшліктерге берілмеген ерекше өкілеттіктер белгіледі.

“Жергілікті мемлекеттік басқару туралы”Заң белгілеген өкілеттіктерменқатар, астаналық мәслихат:

  • қаланың Қазақстан Республикасының астанасы міндеттерін жүзеге асыруын ескере отырып, астананың бюджетін, оның атқарылуы туралы есептерді аумақты дамыту жоспарларын экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын бекітеді.
  • Қазақстан Республиасының астанасын басқару схемасын бекітеді.

Астана әкімшілігі өз құзыретінің шектерінде “Жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Заң белгілеген өкілеттіктермен қатар мәселелердің едәуір ауқымды шеңберін шешеді. Оларға төмендегілер жатады:

а)Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдары мен шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің мұқтаждары үшін үйлер, құрылыстар, ғимараттар салуға жер учаскелерін береді;

б) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіпке сәйкес мемлекеттік, сондай-ақ мемлекеттік емес ұйымдар мен жеке тұлғалардың мұқтаждары үшін үйлер, құрылыстар мен ғимараттар салуға жер учаскелерін береді;

в) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктеріне коммуналдық меншіктегі үйлерді, құрылыстарды, ғимараттарды береді;

г) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының астанасында жалпымемлекеттік және халықаралық іс-шараларды өткізу үшін қажетті жағдайлар жасайды.

д) аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламалары мен жергілікті бюджетті әзірлеп, олардың орындалуын қамтамасыз етеді;

е) Қазақстан Республикасы астанасының экологиялық қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асырады және оны қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзірлейді;

ж) Қазақстан Республикасының астанасын басқару схемасын әзірлеп, оны жергілікті өкілді органға бекітуге ұсынады.

  1. Алматы қаласының ерекше мәртебесі.

ХІХ ғаысрдың екінші жартысында Орта жүздің қазақтары Ресейге қосылды. Осыдан кейін патша үкіметіҚытаймен аралықтағы шекарада күшейтілгенәскери мекендер тұрғыза бастады. Осындай мекендердің бірі қазақтар ежелгі заманнан “Ерен Қабырға ” деп атайтын айбынды “Алатау” тауының бөктерінде тұрғызылды. Кіші Алматы өзенінің жағасында қамал салынды, ал айналасында Ресейден көшіп келгендер, негізінен казактар қоныстай бастады. Сондықтан бұл жерде бастапқыда казак станциясы деп деп атала бастады. Кейіннен, мекен кеңейгенде, ол “Верное” деп аталды.Осы атау Кеңес үкіметі орнағанға дейін сақталды, содан соң ол Алма-Ата деп қайта аталды. 1925ж. Алма-Ата қаласына Қызылорда қаласынан Қазақ автономиялық Кеңес үкіметінің астанасы ауыстырылды. Алматыға қазақ автономиясының жоғарғы жәе орталық органдары көшірілді, мұнда жоғары, орта арнайы оқу орындары, ғылыми мекемелер, мәдени орталықтар құрыла бастады. 1944ж. Алма-Ата қаласында қыздар педагогикалық институты, консерватория ашылды. Бұл кезде ұлттық зиялы қауымның қалыптасуы үшін кең жол ашқан Абай атындағы Алматы педагогикалық институты (қазірде университет), Қазақ мемлекеттік университеті, Тау-кен (қазіргі политехникалық), Ауылшаруашылық, Мал дәрігерлік, Заң институттары мамандар шығарып жатты. 1938 жылғы КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалы ашылды, ол кейіннен, 1946 жылғы Қазақ КСР Ғылым академиясы болып қайта құрылды. 1990 жылға қарай Академияның жанында барлық ғылым бағыттары бойынша 50 ден астам ғылыми – зерттеушілік институттары қызмет істеді және 10 мыңнан астам ғылыми қызметкерлер жұмыс істеді. Салтанатты Абай атындағы Опера және балет театры Қазақстанның мақтанышы болып табылды. Алма-Ата қаласы тек Қазақ КСР астанасы ғана болыпқойған жоқ, сонымен бірге ғылым, мәдениет, білім орталығы және ондаған ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар салынғандықтан, өнеркәсіптік орталық болды.