Қазақстан Республикасының саяси-партиялық жүйесі

Әлемдегі  бүкіл  ілім  бір  пікірде:  мемлекет  саяси  институт  болып  табылады.  Бірақ  мемлекеттің  мәніне  сипаттама  берілгенде  мүлдем  кереғар  пікір  айтылады.  Марксизм  ілімі  бойынша,   мемлекет –     қоғамның  антогонистік  таптарға  жіктелуінің  көрінісі  және  ол  алпауыттардың  (қанаушылардың)  үстемдік  етуінің қаруы  деп  есептеледі.  Басқа  тұжырымдама  мемлекетті  таптар мен  байланыстырмайды,  ол  ортақ  мақсатты – “ортақ  игілік”  жетістіктеріне  жетуді,  мемлекет  пен  халық,  ұлт,  әлеуметтік  топтардың  өзара  қатынастарын  орнықтыруды,  реттеуді  көздейді  дейді.  Егер  мемлекет  ұғымына  тарихи  тұрғыдан  келсек,  онда  аталған   тұжырымдамалар  бірін-бірі  теріске   шығармайды.

Қазіргі  Қазақстан  мемлекеті – еркше  тарихи оқиғалардың  жемісі.  1917 жылғы  Конституция  бойынша  жұмысшылар  мен  шаруалардың  социалистік  мемлекеті  болып  есептелді.  Қазақ  АСР-ның  1978 жылғы    Конституциясында  “бүкілхалықтық  социалистік  мемлекет  дегеніміз  республикадағы  барлық  ұлттың  жұмысшыларының,  шаруаларының  және  нителлегенциясының,  еңбекшілерінің  еркін  білдіруші”  деп  жазылды.  Айтылғаннан  көрінгендей,  Қазақстан  КСРО-ның  құрамындағы  мемлекет.  Одан  әрі  Қазақстан  мемлекетінің  таптық  мәні  байндалды.

  1. ҚР Конституциясы  бойынша  саяси  билік  мемлекетке  берілген.  Ол  саяси  көпқырлылықты тану  аясында  жүзеге  асырылады.  Мемлекеттің  қоғамдық  бірлестіктердің,  оның  ішінде  саяси  партиялардың  ісіне  заңсыз  араласуына  жол  берілмейді.  Мемлекет  саяси және  өзге  қоғамдық  институттардың  қызметіне  араласпау  арқылы,  олардың  қалыпты  жұмыс  істеуіне  жағдай  жасайды.  Сонымен    бірге  Конституцияда  мемлекеттік  органдарға  саяси  және  басқа  қоғамдық  институттар  тарапынан  болатын  теріс  әрекеттердің жолын  кесу  өкілеттігі  берілген.  Мемлекеттік  органдар  мемлекеттің  қауіпсіздігін  бұзуға,  әлеуметтік,  нәсілдік,  ұлттық,  діни  тектік-топтық  және  рулық  алауыздықты  қоздатуға  бағытталған  саяси,  сондай-ақ  жалпы  қылмыстық  сипаттағы  қылмысты  әрекеттерді  болдырмауы  тиіс.
  2. Қазақстан мемлекеті  экономикалық  қызметті  де жүзеге  асырады.  Біріншіден,  мемлекетке  мемлекеттік  меншікпен  бірге  жеке  меншікті  де  қорғау  жүктеледі.  Меншіктің  барлық  нысандарын  кімнің  тарапынан  болсын  заңсыз  араласушылығынан  қорғай  отырып,  мемлекет  оларды  пайдалану,  кеңейту  үшін  қолайлы  жағдай  жасайды.  Жер  және  оның  қойнауы,  өсімдіктер  мен  жануарлар  дүниесі, басқа да  табиғи  ресурстар  мемлекет  меншігінде  болады.  Мемлекет  аталған  экономикалық  қатынас  саласын  тікелей  басқару  мен  реттеуді  жүзеге  асырады.
  3. Қазақстан мемлекеті  құқықтық  негіздері  Конституцияға  енгізілген  әлеуметтік  қызметті  жүзеге  асырады.  ҚР  Конституциясына  сәйкес  адам,  оның  өмірі,  құқықтары  мен  бостандықтары  мемлекеттің  ең  құнды  қазынасы  болып  табылады.  Қатал  экономикалық  дағдарысқа  қарамастан  мемлекет  өз  қызметін  бірте – бірте  жолға  қойып  келеді.   Білім  беру,  денсаулық  сақтау,  әлеуметтік  қамсыздандыру,  ғылым,  мәдениет  және  басқа  салалардың  мемлекеттік  бағдарламалары  жасалуда.  Қоғам  үшін  қолайсыз  жағдай  қалыптаспауы  үшін  Қазақстан  мемлекеті  әр түрлі  ұлттық  топтардың,  еңбек  пен  капиталдың  арасындағы  қатынастарды  реттеуге  үлкен  назар  аударады.

Мемлекеттіліктің  қалыптасу,  экономикалық  дағдарысты жою,  қатынастың  әлемдік  жүйесіне  кіру  деңгейіне  орай  бұл  қызметтің  өрісі  кеңейіп,  күрделілене  түсетін  болады.

ІІ- сабақ.

  1. Қазақстандағы негізгі саяси партиялар

ҚР саяси  партиялары  туралы  Заңында  саяси  партиялар  ұғымы  беріледі.  Саяси  партиялар  деп  ҚР  азаматтарының  мемлекеттік  билікті   жүзеге  асыруда  олардың  саяси  еркін  білдіріп,  жариялауға  өздерінің  өкілдерін  қатыстыру  арқылы  ықпал  ететін  ерікті  түрдегі  бірігуі  танылады.  Саяси  партиялар  қоғамның  сайси  өміріне  қатысу,  азаматтардың  саяси  еркін  қалыптастырып,  жүзеге  асыруға  және  заңда  көзделген  тәртіппен  мемлекеттік  билік  органдарын  қалыптастыруға  қатысу  үшін  құрылады.

Әр түрлі  саяси  партиялардың  пайда  болуы,  олардың  қоғамдағы  ролінің  өсуі,  олардың  қызметінің  нысандары  мен  әдістерінің  күрделіленуі  олардың  құқықтық  институтқа  айналуына  алып  келеді.

ҚР  Конституциясының  5-бабы  саяси  партиялардың  негізгі  қағидаларына  арналған.

  1. Идеологиялық және  саяси  әралуандық  тану  әр түрлі  идеологияға  негізделген  әр  түрлі  саяси  партиялардың  пайда  болуы  үшін  конституциялық  негіздердің  жасалғандығын  білдіреді.  Сөйтіп,  өздерінің  қызметін  өз  идеологиясына  негіздейтін  саяси  партиялар  конституциялық  тұрғыдан  заңды  болып  табылады.
  2. Саяси партиялар  дербес  саяси  партиялар  болып  танылады.  Басқаша  айтқанда,  саяси  партиялар  мемлекеттік   органдарға  қосылып  кетпейді,  олар  мемлекеттік  органдардан  тәуелсіз  жұмыс  істейді.  Осы  конституциялық қағиданың  айрықша  маңызды  мәні   бар  ол  мемлекеттік   партияға  айналып,  сол  арқылы  мемлкеттің  түбіне  жеткен  Кеңес  Одағы Коммунистік  партиясының  тарихи  теріс  тәжірибесінен  алынған  тағылым  іспеттес.  Мемлекет  пен  саяси  партиялардың  қосылып  кетуіне  жол  бермеу  үшін  Конституция  мемлекеттік  органдарда  саяси  партиялар  ұйымдарын  құруға  тыйым салады.
  3. Конституция барлық  саяси  партиялардың  заң  алдында  теңдігін  белгілейді.  Бұл  бірде – бір  партияға  ерекше  жағдай  тудырылмайтынын,  артықшылықтар берілмейтінін  білдіреді.  Бірақ  мұндай  жағдайда  оларға  басқа  партиялардың  алдында  қайсыбір  артықшылықтар  берілуі  туралы  талаптарды  білдіруге  негіз  болып  табылмайды.  Барлық  саяси  партиялар  да  Конституцияны,  саяси  партиялар  туралы  заңдарды   сақтауы  тиіс.
  4. Конституция мемлекеттік  саяси  партиялардың  ісіне  араласуға  тыйым  салады.  Саяси  партиялардың  Конституциясында,  саяси  партиялар  туралы  заңдарда  көзделген  және  бекітілген  мәртебесін  бұзатындай  әрекеттері  мемлекеттің,  оның   органдарының  заңсыз  араласуы  деп  түсініледі. Егер  олар  Конституцияға,  заңдарға   сәйкес  әрекет  етсе,  онда  ол  мемлекеттің  саяси  партиялардың  ісіне  заңсыз  араласуы  болып  есептелмейді.
  5. Конституцияда саяси  партияларға  мемлекеттік  органдар  қызметін  жүктеуге  жол    берілмейтіндігі  белгіленген.  КСРО – ның  1977 жылғы  Конституциясы  қоғамның  саяси  жүйесінің,  мемлекеттік  ұйымдарының  негізі  Коммунистік  партия  деп  таныды  Осы  конституциялық  идея  ұдайы  жүзеге  асырылады.   Аталған  қағиданың  айғағы  жергілікті  өзін – өзі  басқару  органдарының  жергілікті  мемлекеттік  органдардан  бөлінуі  болып  табылады.
  6. Конституция саяси  партияларды  мемлекеттік  қаржыландыруына  тыйым  салады.  Саяси  партиялар  мен  ұйымдар  өздерінің  қаржысымен,  ҚР  азаматтары  және  заңды  тұлғалар  бөлген  қаржымен  өмір  сүре  және  қызмет  ете  алады.  Қазақстанның  саяси  партиялары  шетелдік  заңды  тұлғалар  мен  азаматтардан,  шет  мемлекеттер  мен  халықаралық  ұйымдардан қаржылай  жабдықтар  алмауы  тиіс.  Сондықтан  Қазақстанның  саяси  партияларын   шетелдік  ұйымдар  мен  тұлғалардың,  шет  мемлекеттердің  қаржыландыру  мемлекеттің  егемендігіне  нұқсан  келтіруі  мүмкін.
  7. Конституцияның мақсаты  мен  әрекеті – конституциялық  құрылысты  күштеп  өзгертуге,  республиканың  тұтастығын  бұзуға,  мемлекеттің  қауіпсіздігіне  нұқсан  келтіруге,    әлеуметтік,  нәсілдік,  ұлттық  діни,  топтық – тектік  және  рулық  алауыздықты  қоздыруға  бағытталған  саяси  партиялар  құруға  және  олардың  қызметіне  тыйым  салу.
  8. Конституция ҚР  басқа  мемлекеттердің  саяси  партияларының  қызметіне  жол  берілмейтіндігін  белгілейді.  Басқа  мемлекеттердің  саяси  партияларының  қызметіне  жол  бермеу  ҚР  егемендігі  мен  тәуелсіздігін қамтамасыз  етуден  туындайды.
  9. Конституция саяси    діни  негіздегі  қызметіне  тыйым  салады.  Аталған  конституциялық  қағиданың  екіжақты  мәнін   түсінген  жөн.  ҚР  1996 жылғы  2-шілдедегі  “ саяси  партиялар  туралы”  Заңы  саяси  партиялар  құрудың  құқықтық  негіздерін,  олардың  құқықтары  мен  міндеттерін,  қызмет  кепілдігін  белгілейді,  саяси  партиялардың  мемлекеттік  органдармен  және  басқа  ұйымдармен  қатынастарын  реттейді.
«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!