Бейбітшілікпен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар

ҚК  Жалпы  бөлімінің  2-бабында   қылмыстық құқық  қорғау  обьектілерінің  қатарына  тұңғыш   рет бейбітшілік  пен   адамзаттың  қауіпсіздігі   мүддесі  қосылып  отыр.  Осыған  орай  ҚК  Ерекше   бөлімінде  бейбітшілікпен  адамзаттың  қауіпсіздігіне  қарсы  қылмыстарға   жеке  тарау берілген.  Мұндай  қылмыстар  халықаралық  қылмыстарға  жатады.   Мұндай  қылмыстар үшін  жауаптылықтың  негізгі  қайнар  көзі  Халықаралық  әскери   трибунал  Жарғысы        (Нюрнберг, 1948)  болып  табылады.  Осы    Жарғыда  бейбітшілік пен   адамзаттың  қауіпсіздігіне  қарсы  қылмыстардың  жауаптылығының  негіздері  және  олардың  түрлері:

1)  бейбітшілікке  қарсы  қылмыстар;

2) соғыс қылмыстары;

3)  адамзатқа  қарсы  қылмыстар  нақты   көрсетілген.

Халықаралық  Конвенция  1948  жылы  геноцидті,  1974  жылы  апартеидті   халықаралық қылмыстар  деп  жариялады.

БҰҰ-ның  1991 жылғы  43 сессиясы  бейбітшілік  пен   адамзатқа  қарсы  қылмыстар  Кодексінің  жобасын қарап,  оны  мемлекеттердің  үкіметінің  қарауына,  пысықтауына  жіберді.  Осы  көрсетілген  Кодекс  жобасына  сәйкес  бейбітшілікпен   адамзаттың  қауіпсіздігіне  қарсы  қылмыстардың  12 құрамы  көрсетілген.

Халықаралық  нормада  осы  тұрғыдағы  қылмыстарға  нақты  тұрақты   анықтамалар  беру мен оларды  топқа  бөлуі  әлі  аяқталған  жоқ,  мұның өзі  мемлекеттердің  ұлттық  қылмыстық  кодексін  қабылдауда  осы   мәселеде  белгілі бір  қиындықтар  туғызып  отыр.   Бірақта  Қазақстан Республикасының  жаңа  ҚК  4-тарауында  халықаралық   құқықтың  жұрт  таныған  принциптері  мен   нормаларына негізделген  осы  тұрғыдағы  қылмыстар үшін   жауаптылық  көзделген.

Бейбітшілік  пен  адамзаттың қауіпсіздігіне  қарсы  қылмыстардың  топтық  объектісі  халықаралық  құқық   нормаларымен  белгіленген  Жалпыға  бірдей   бейбітшілікпен  халықаралық  қауіпсіздік  болып  табылады. Осы  қылмыстардың  кейбір  құрамдарының  міндетті   белгісі қылмыстың  заты  (Мысалы, ҚК  158-бабындағы  химиялық,  биологиялық  және  жаппай  қырып-жоятын  қарулар)  болады.

Обьективтік  жағынан  осы  топқа  жататын  қылмыстар  қоғамға  қауіпті іс-әрекеттер  арқылы  жүзеге  асырылады.  Бейбітшілік  пен  адамзаттың  қауіпсіздігіне қарсы  қылмыстар діні   формальдық құрамға  жатады.  Тек қана  ҚК  161-бабындағы  қылмыс  экоцид құрамы  үшін  қоғамға  қауіпті  зардап –экалогиялық  апаттық  болуы  қажет.  Субьективтік  жағынан  осы   тараудағы  барлық  қылмыстар  тікелей  қасақаналықпен, ал  қайсыбір  құрамдар  белгісі  бір  мақсатпен  (160-163-баптар)  жасалады.

Қылмыстың  субьектісі  16-ға  толған  есі  дұрыс, жай  адамдар.  Кейбір  қылмыс  құрамының  субьектісі  арнаулы  субьект  мемлекеттік  жауапқа  қызмет  атқаратын  адам  (157-баптың  2-тармағы),   қызмет  бабын  пайдаланған адам  (164-баптың  2-тармағы)  Тікелей  обьектісіне  байланысты  талданып  отырылған  қалмыс  құрамдары  мына   төмендегідей  топтарға  бөлінеді.

  1. Бейбітшілікке қарсы қылмыстар 

Бейбітшілікке  қарсы  қылмыстар.  Басқыншылық  соғысты  жоспарлау,  әзірлеу, тұтандыру  немесе  жүргізу  (156-бап). Басқыншылық  соғысты  тұтандыруға насихат  жүргізу  (156-бап). Басқыншылық  соғысты  түтандыруға  насихат  жүргізу және  жария  түрде  шақыру  (157-бап) Жаппай  қырып  жою  қаруын өндіру  немесе  тарату  (158-бап).

Солғыс  қылмыстары:  Соғыс  жүргізудің  тыйым  салынған  құралдары  мен  әдістерін қолдану  (159-бап).  Жалдамалылық   (162-бап).

Адамзатқа  қарсы  қылмыстар:  Геноцид  (160-бап).Экоцид  (161-бап)  Халықаралық  қорғау  аясында   адамдар мен ұйымдарға  қарсы  қылмыс  :  Қылмысты  халықаралық  қорғау  аясындағы   адамдарға  немесе  ұйымдарға  шабуыл  жасау  (163-бап)

Әлеуметтік,  нәсілдік  ұлттық,  діни,  тектік-топтық  және  рулық  астамшылдықты  насихаттауға  немесе  үгіттеуге  жол  бермеу  жөніндегі  Конституциялық  принсипке  қол  сұғу;  әлеуметтік,  ұлттық,  рулық,  нәсілдік  немесе діни  араздықты  қоздыру  (164-бап)

Бейбітшілікке қарсы  қылмыстар.

Басқыншылық  соғысты  жоспарлау,  әзірлеу,  тұтандыру  немесе  жүргізу  (156-бап)

Қылмыстың  тікелей  обьектісі  халықтар  арасындағы  бейбітшілік.  Мемлекеттердің  бейбіт  қатар  өмір сүруі және  достығы.

Обьективтік жағынан  қылмыс басқыншылық  соғысты  жоспарлау,  әзірлеу  немесе  тұтандыру  арқылы  жүзеге  асырылады.  БҰҰ  Бас Ассамблеясы  өзінің  1974 жылғы 14 желтоқсандағы  3314 қарарында  тұңғыш  рет   басқыншылықтыың  (агрессияның)  анықтамасын  берген.  Онда  БҰҰ  Жарғысына  сай  келмейтін тұрғыда  бір  мемлекеттің  өзінің  қарулы  күштерін екінші   мемлекеттің  егемендігіне,  аумақтың  тұтастығына  және  саяси  тәуелсіздігіне  қарсы  қолдану  немесе   басқадай  тәсілдерді  пайдалану  арқылы  оларға  ықпал   етуі   басқыншылық  деп  танылады  деп   көрсетілген.

Қылмыстың обьективті  жағы  бірнеше  балама   әрекеттерден  тұрады. Оның   біріншісі  басқыншылық  соғысты  жоспарлау.  Жоспарлауға  халықаралық  құқық   нормаларына  қайшы  түрде  бейбіт   тұрғындарға    қарсы  соғыс  әрекеттерін  жүргізуге  бағытталған  әртүрлі  әдістемелік  құралдар  жасау,  соғыстың  құрбаны  болатын мемлекетті  белгілеу,  басқыншылық  соғыс  әрекеттерін  жүргізудің  мерзімін  және  көлеміндегі  әрекеттері  жатады.

Басқыншылық  соғысты  әзірлеуге   жоспарланған  ұрыс  әрекеттерін  жүзеге  асыруға  арналған  нақты   іс-қимылдарға   көшулер жатады.  Мысалы   соғыс    техникасын  көптен  шығара  бастау;  қарулы  күштердің  санын  күрт  көбейту,  азық  түлік  немесе  жағар  жанар  май  қорларын  ұлғайту,  соғыс  жағдайына  сай  келетін  жаттығуларды жүзеге  асыру,  тұрғындарды  соғыс ісіне  моральдық тұрғыдан  бейімдеп  дайындау  т.с.с.  әрекеттер жатады.

Басқыншылық  соғысты  тұтандыруға  осындай  соғысты  кез-келген  тұрғыда  бастау  жатады.  БҰҰ  бас Ассамблеясының  1974-жылғы  4-желтоқсандағы  құрылысына  сәйкес  басқыншылық  актісіне: бір  мемлекеттің  қарулы  күштерінің  басқа  мемлекеттің  аумағына  басып  кіруі  немесе соғыс  жолымен  басып  алуы,  аннексия  жасауы;  басқа  мемлекеттің  аумағын  бомбалау немесе  басқа  мемлекетке  қарсы   кез-келген  қару  түрлерін  қолдану;  басқа   мемлекеттің  құрлықтағы,  теңіздегі немесе  әуедегі күштеріне қарсы  шабуыл  жасау,  т.с.с. әрекеттер  жатады.

Көрсетілген қылмыс  дормальдыққа   құрамға  жатады,   сондықтанда  заңда  көрсетілген   басқыншылық соғысты  жоспарлау,  әзірлеу  немесе  тұтандыру  әрекеттерінің  біреуі  іске  асырылған  уақыттан  бастап  қылмыс  аяқталған  деп  танылады.  Қылмыс субьективтік  жағынан  тікелей  қасақаналықпен  істеледі.  Қылмыстың  субьектісі  арнаулы   ҚР  жауапты  мемлекеттің  қызмет  атқаратын  лауазымды  адамдары,  оның  түсінігі  ҚК  307-бабының осы  қылмыстың  ауырлататын  түрі-басқыншылық  соғысты  жүргізгені үшін   жауаптылық   белгіленген.   Басқыншылық  соғысты  жүргізу  деп   тұтандырылған   соғыс  өртін  аяғына  дейін  жеткізу,  алға   қойған  мақсатқа  толық  жету  әрекеттерін   жалғастыруды  айтамыз.

  1. Басқыншылық соғысты жоспарлау әзірлеу тұтандыру немесе жүргізу.

Басқыншылық  соғысты  тұттандыруға  насихат  жүргізу  және  жария  түрде  шақыру  (157-бап).

Қылмыстың  тікелей  обьектісі   мемлекеттердің  өзара  бейбіт    өмір  сүру  және  өзара  тарту  қарым-қатынаста  болу  мүддесі  болып  табылады.  Қылмыс  обьективтік  жағынан  басқашылық  соғысты  тұтандыруға  насихат  жүргізу  және  жария  түрде  шақыру  жүзеге  асырылады.

Басқыншылық  соғысты   тұтандыруға  шақырулар  ашық немесе  көмекші  түрде  болуы  мүмкін.  Шақыруларды  жүзеге асырудың  нысандары  сан  алуан  ауызша,  жазбаша,   белгі  берулер  арқылы  болуы   мүмкін.  Ең  бастысы  осы  шақырулар  басқыншылық  соғысты  тұттандыруға  қызмет  етуі  қажет.  Мұндай   шақырулар жария  түрде болуы шарт. Жариялыққа кінәлінің  үшінші бір  адамның  қатысқан  (митингілерде,  жиналыстарда,  топтасқан  адамдар)  алдында  соғысты  насихаттайтын  іс-әрекеттерін  жүзеге  асыруы  немесе   байланыс құралдары,  почта  арқылы  соғысқа  шақырулар  мәтінін  жұртқа  жіберу,  листовкалар  тарату,  осындай   мағынадағы   үндеулерді,   плакаттарды,  суреттерді  көрнекті   жерлерге   іліп  қою  сияқты  әрекеттер жатады.  Қылмыс  құрамы  жағынан  формальдық  құрамға  жатады  және  осы  баптың   диспозициясында  көрсетілген  іс-әрекетті  басқыншылық  соғысқа  жария  түрде   шақырған  сәттен  қылмыс  аяқталған  деп  танылады.

Қылмыстың  субьектісі  16-ға  толған   есі  дұрыс  кез-келегн  адам.  Қылмыс   субьективтік  жағынан  тек  тікелей   қасақаналықпен  істеледі.  Бұқаралық  ақпарат  құралдарын  пайдаланып  жасалған  не   мемлекеттік  жауапты  қызмет  атқарып   отырған  лауазымды  адам  жасаған  дәл  сол  әрекет  осы   қылмыстың  ауырлататын  түріне  жатады.  (157-баптың  2-тармағы)

Бұқаралық  ақпарат  құралдарына  баспасөз  құралдары,  радио,  теледидар  т.с.с. жатады.  Мемлекеттік  жауапты  қызмет  атқаратын  лауазымды  адамға  мемлекеттің  міндетін  және   мемлекеттік  органдардың   өкілеттігін  тікелей  орындау  үшін  ҚР  Конституциясында,  ҚР  Конституциялық  және  өзге де   заңдарында  белгіленетін  қызметтерді   атқаратын  адамдар,  сол  сияқты мемлекеттік  қызмет  туралы  заңдарда  белгіленген  мемлекеттік  қызметшілердің  жоғары,  бірінші  және  екінші   лауазым   санаттарына  жататын  лауазымды  істейтін  адамдар  жатады  (ҚК  307-бабының  түсіндірмесінің  2-тармағы).

Соғыс  қылмыстары.

Соғыс  жүргізудің  тыйым  салынған  құралдары  мен  әдістерін  қолдану  (159-бап).

Соғыс  жүргізуді  реттейтін  бірсыпыра  заңдылық   күші  бар  халықаралық  актілер мен  конвенциялар  бар.  Оларға  1856 жылы  16 сәуірде  Парижде   қабылданған    теңіздегі  соғыс   туралы   Декларациясы; 1868 жылы  11 желтоқсанда  Санк-Петербургте  қабылданған  жарылатын  немесе  күйдіретін  қаруды,  қолдануды  жою  жөніндегі  декларация  1899 және  1907 жылдары   Гаагада  қабылданған  Декларациялар,  1949жылы  Женева  Конвенциясы  (соғыс  құрбандарын  қорғау  туралы )  1954 жылы  14 мамырдағы  Гаага  конвенсиясы  (соғыс  жағдайында  мәдени   құндылықтарды  қорғау  туралы)  және  тағы   басқалары.

Қылмыстың  тікелей  обьектісі  халықаралық  құқық  нормаларымен  белгіленген   соғыс  жүргізудің  құралдары  мен  әдістерін  қолдануды  реттейтін  қоғамдық  қатынастар.

Қылмыс  обьективтік  жағынан  әскери   тұтқындарға  немесе  әскерге   емес   тұтқындарға   қатыгездікпен  қарау,  әскери  емес   тұрғындарды  күштеп  көшіру,  басып   алынған  аумақта     ұлттық  мүлікті  тонау,  ҚР   халықаралық   шартымен  тыйым  салынған  құралдар  мен  әдістерді  әскери  жанжалды  қолдану  арқылы  жүзеге  асырылады.

Әскери   тұтқындарға  соғысушы  жақтың    қарулы  күштерінің  қатарына  жататын  адамдар,  партизандар,  әскери  жасақтарының  мүшелері,  қарсыласу  қозғалыстаррының  қатысушылары,   азаматтық  немесе   ұлт-азаттық  қозғалысының  қатысушылары,  сондай-ақ  қолға  түскен  әскери  журналистер,  әскери  медициналық,  әскери  заңгер  қызметкерлер,  интенданттық  қызмет  немесе   басқадай  қызмет  көрсететін  адамдар  жатады. 1949 жылғы  “  Соғыс  тұтқындарымен  қатынас  жөніндегі”  Женева  конвенциясына  сәйкес  соғыс  тұтқындарына  ізгілікпен  қару  белгіленген,  оларға   қатігездікті  қолдануға  тыйым  салынған.

Әскери  емес  тұтқындарға  соғысқа   қатыспаған,  бірақ  жау қолына  түсіп  қалған  бейбіт  тұрқындар  жатады.   Женева  конвенсиясында  бейбіт  тұрқындарға  қатыгездік  қолдануға  тыйым салынған.

Әскери емес  тұрғындарды   көштеп  көшіруге  бейбіт  тұрғындарды  өздері   мекендеген  жерлерден  басқа  жаққа  зорлықпен  еріксіз  көшіру, қоныс  аудартулар  жатады.

Басып  алынған  аумақта  ұлттық  мүлікті  тонауға- соғушы жақтың  өзі  болып  алған  мемлекеттің  мүлкін  жою,  қирату  немесе  оларды  талан-таражға  салып,  өз  мемлекетінің  меншігіне  алу  әрекеттері   жатады.  Ұлттық  мүлікке  материалдық  және  рухани  игіліктер  жатады.  ҚР  халықаралық   шартымен   тыйым  салынған  құралдар  мен  әдістерді,  әскери жанжалды  қолдануға  адамзатқа  қасірет  әкелетін  және  қоршаған  ортаны   мақсатты  түрде  ұзақ  уақытқа   залалдандыратын  шараларды  жүзеге  асырулар  жатады.  ҚР   халықаралық  шартттарға  сәйкес  күйдіретін,  жарылыс жасайтын  заттарды,  зиянды,  жаппай  қырып-жоятын  қаруларды,  химиялық,  биалогиялық  қаруларды,  соғыс  жағдайында  қолданбауға  міндетті.

ҚР  халықаралық  шартымен  тыйым  салынған  жаппай  қырып-жою  қаруын  қолдану  осы  қылмыс  құрамының  ауырлататын  түрі  болып  табылады.  (159-баптың  2-тармағы).

Қылмыс  құрамы  формальдық,  сондықтанда ол  осы  баптың  диспозициясында  көрсетілген   әрекеттердің  біреуін  істеген  уақыттан  бастап  аяқталған  деп  танылады.

Қылмыстың  субьектісі  16-ға толған  кез  келген  есі дұрыс  адам.  Субьективтік  жағынан  қылмыс  тікелей  қасақаналықпен  істеледі.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!