Іс -әрекеттің қоғамдық қауіптілігін және құқыққа қайшылығын жоққа шығаратын жағдайлар

Әр  бір  азаматтың  конституциялық  борышы  қоғамдық  қатынастарды  қылмыстық  жолмен  келтірілген зиянның  қорғау.  Осы  міндетті  жүзеге  асыруды  жеке  адамға  қоғамға,  мемлекетке  қарсы  бағытталған  іс  әрекеттерді дер  кезінде  тыюдың,  тойтарудың  маңызы  ерекше.  Қоғамға  қауіпті  іс-әрекетті  тойтаруда,  оның  зияндылығын  тыюда,  сол  қауіпті  төндірген  адамға  материалдық  моральдық  және  басқа  да  зиян  келтіруі  мүмкін.

Мұндай  әрекеттер  формальдық  жағынан  алғанда  ҚК  Ерекше  бөлімінің  жекелеген  баптарында  көрсетілген қылмыс құрамына  жатуы  мүмкін.  Бірақта  бұл  әрекеттер белгілі  жағдайларда  қылмыс  болып  табылмайды.  Өйткені,  мұнда  әрекетте  қылмыстық  материалдық  белгісі  болып  табылатын басты  белгі – қоғамға  қауіптілік жоқ.  Керісінше,  мұндай  жағдайларда,  қоғамдық  қатынастарға зиян  келтіруге  бағытталған  қауіпті  жою,  тойтару  қоғамға  белгілі  іс  әрекет  деп  танылады.  Қолданылып  жүрген  қылмыстық  заң  бойынша  бұларға  қажетті  қорғану;  аса  (мәжбүрл)  қажеттілік,  қылмыскерді  ұстау,  орын  кәсіби  тәуекел,  күштеу  немесе  психикалық  мәжбүрлеу,  бұйрықты  немесе  үкімді  орындау  әрекеттері  жатады.

Аталған  жағдайларда  істелген  әрекет  немесе  әрекетсізді  сырттай  қылмыс  белгілеріне  ұқсағанымен, оларды  қоғамға  қауіптілік  болмағандықтан,  қылмыс  қатарына  жатпайды.

Қажетті  қорғану.

Қылмыстық  заңға  сәйкес  барлық  адамдардың кәіби  немесе  өзге  де  арнаулы  даярлығына  және  қызмет  жағдайына  қарамастан  тең  дәрежеде  қажетті  қорғануға  құқығы  бар.  Бұл  құқық  адамға  тағайындайды.  Тек  ерекше  жағдайларда  ғана  сот  көрсетілгенен  гөрі  неғұрлым  жеңілірек  жаза  тағайындауға  құқылы.

Екіншіден,  мемлекеттік  күштеу  шарасы  ретіндегі  қылмыстық  жазаны  мемлект  атынан  тек  қана  сот  тағайындайды.  Қылмыстық  кодекстің  38-бабында  “жаза  дегеніміз соттың  үкімі бойынша  тағайындалатын  мемлекеттің  мәжбүрлеу  шарасы”  делінген.

Қылмыстық  жазамен  салыстырғанда  басқа да  мемлекеттік  күштеу  шаралары  мемлекеттік  органдар немесе  лауазымды  органдар  арқылы  жүзеге  асырылады.  Мысалы,  қоғамдық  тәртіпті   бұзған  адамды  полиция  бастығы  әкімшілік  жауапқа,  салалық  инспекциясының  лауазымды  адамы  салықтан  бұлтартпаушыларды  заңда  көрсетілген  өзіне  берілген  құзірет  шеңберінде  әкімшілік  құқық  бұзушыларды  жауапқа  тартады.  Осы  аталған  органдардың  немесе  лауазымды  адамдардың  бірде-біреуі  қылмыстық  жаза  қолдануға  құқылы  емес.  Қылмыстық  жазаны  қолдану –тек  қана  соттың  құзіреті.

Үшіншіден, заңда  көрсетіген  тәртіппен  сотталған  адамды  жазадан  босату,  сондай-ақ  тағайындаған  қылмыстық  жазаны  жеңілдету  тағы  да  сот  арқылы  жүзеге  асырылады.  Тек  қана  рақымшылық және  кешірім  беру  актілері  мен жазадан  босату  немесе  жараны  жеңілдету  ҚР  Конституциясына  сәйкес  Парламент  немесе  республика  Президенті  арқылы  жүзеге  асырылады,  ал  басқа  жағдайларда  бұл  мәселелерді  шешу  тек  соттың  міндеті  болып   табылады.  Бұл  да  қылмыстық  жазаның  басқа  мемлекеттік  күшей  шараларынан  ммәнді  өзгешілігін  көрсетеді.

Төртіншіден,  қылмыстық  жажза  жария  түрде  ашықтан  ашық  тағайындалады. Яғни,  қылмыс  адамның  кінәсін  анықтау  оған  жаза  тағайындауды  көрсетеді  деп  табу,  қылмыстық  жазаның  нақты  түрі  мен  көлемін анықтау, жеке  немесе   заңды  тұлғалар  арқылы  емес  мемлекет  арқылы  жария,  ашықтан-ашық  түрде  белгіленеді.  Қылмыстық  жаза  кінәлі  адамға  мемлекет  атынан  белгіленеді, жеке  немесе  лауазымды  адамдар  сот  тағайындаған  жазадан   ешкімге де  босата  алмайды, заңды  күшіне  енген  сот  үкімі  мемлекеттік,  жеке  кәсіпорын,  ұйым  мекеме  лауазымды  және  жай  адамдардың  орындауы  үшін  Республика  аумағында  міндетті  болып табылады.

Бесіншіден,  мемлекеттік  күштеу  шаралары  ретіде  қылмыстық  жаза  қылмыстық заңда  көрсетілген  нақты  қылмысты  жасаған  кінәлі  адамға  қолданылуы  мүмкін. Яғни,  бұл  жерде  жаза  адамның  кінәлі түрде  істеген  іс-әрекеттің  қылмыстық  құқылық  зардабы  болып  табылады.  Сондықтан да  қылмыстық  заңда  “адам өз  кінәсі  анықтталған  қоғамға  қауіпті  зардаптар  үшін  ғана  қылмыстық  жауапқа  тартылуға  тиісті”,  делінген. Сондай-ақ  әрбір  істелген  қылмысқа  жаза  тағайындау  міндетті  емес.  Мұның  мәні  мынада:  егер  тергеу  жүргізген  немесе    істі  сотта  қараған  кезде  жағдайдың  өзгеруімен  байланысты  кінәнің  істтеген  қылмысының  қоғамға  қауіпті  мәні  жойылса  немесе  оның  өзі  қоғамға  енді  қауіпті  емес деп  танылса,  қылмыс  нышандары  бар  іс-әрекет  жасаған  адамды  қылмыстық  жауаптылықтан  босатуға  болады.  Қылмыстық жаза  мемлекет  атынан  қылмысты  іс-әрекеттер  үшін  кінәнің  кінәсін  бетіне  басу  арқылы  берілетін  теріс  құқылық  баға  болып  табылады.  Бетіне  басудың  және   кінәлаудың  дәрежесі  қылмыстың   ауырлығаны,  кінәлінің жеке  тұлғасына  және  оның  қылмыстық  іс-әрекетті  істеудегі  мінез-құлқына  тікелей  байланысты  болады.

Іс   әрекет  аса  қажеттілік  жағдайында  болуы  үшін  бірнеше  жиынтығының  болуы  қажет.

Бірінші  шарт:  нақтілі  қауіп  қылмыстық  заң  қорғайтын  мүддеге  тікелей  төнеді.  Бұл  қылмыстық  заңның  өзінде  тап  осы  адамның  немесе  басқа  адамдардың  өміріне,  денсаулығына,  құқығына  және  заңмен  қорғалатын  мүдделеріне,  қоғамның  мемлекеттік  мүдделеріне  тікелей  төнген  қауіпті  жою  үшін  істелетін  әрекет  деп  көрсетіліп  отыр.  Ол  қауіп  стихиялық  апаттардан,  машиналар мен  механизмдердің  ақауынан,   хайуанаттардың  шабуылынан, адам  организмді  болатын  физиологиялық  өзгерістерден,  басқа  да  бір  адам  тарапынан орын  алған  тікелей  төнген  қауіптен  болуы  мүмкін.

Табиғат  апаттары  (су  тасқыны, жер  сілкіну,  көшкін жүру,  өрт  шығуы),  машиналар мен механизмдердің  ақауы  (әуе  ұшағының  двигателінің  істен  шығуы,   жүріп  келе  жатқан автокөліктің  тежегішінің  істемей  қалуы)  хайуанаттар  шабуылы  сүзеген  бұқадан  қашып,  адамның  басқа  үйдің  шарбағын  бұзып  ішке  кіру  немесе  сүзеген  бұқаны  мерт  ету  адам  организмінде  болатын  физиологиялық  өзгерістер  (ауру  адамды  ауруханаға  жеткізу  үшін  тіл  алмаған  адамның  машинасын  иесінен  тартып  алып,  ауыр  науқасты  ауруханаға  жеткізу.

Аса  қажеттілікті  қолданудың  екінші  шарты:  заң  қорғайтын  мүддеге  зиян  келтіру  арқылы  ғана  жүзеге  асырылады.  Мұндай  жағдайда  ондай  зиян  келтіру  арқылы  ғана  жүзеге  асырылады.  Мұндай  жағдайда  ондай  зиян,  залал  келтірмей  оны  тойтару  ешбір  мүмкін  емес.  Заң  қорғайтын  басқа  мүддеге  зиян   келтірмей-ақ  қауіпті  тойтару  болатын  жағдайлар  аса  қажеттілікке жатпайды.  Мұндай  жағдайларда мүддеге  зиян  келтіру  кінәлі  жағдайда  зиян  келтіру  деп  саналады, ол  үшін  қылмыстық  жауаптылық  белгіленеді.

Үшінші  шарт: аса  қажеттілік  болу  үшін  келтірілген  зиянның  мөлшері  тойтарылған  зиянның  мөлшерінен  кем  болуға  тиіс.  Келтірілген   зиян  ойтарылған  зиян  мен  бірдей  болса  да,  іс  әрекет   аса   қажеттілік  жағдайында  істтеледі  деуге  болады.  Ол туралы  заңның  өзіне  “Құқық  қорғау  мүдделеріне  алды алынғанға  тең  немесе  одан  гөрі  елеулі  зиян   келтірілген,  төнген  қатердің  сипаты  мен  дәрежесіне  немесе  қатер  жойылған  жағдайда  көрінеу  сәйкес  келмейтін зиян  келтіру  аса  қажеттілік  шегінен  шығу деп  танылады.  Мұндай  шектен  шығушылық  тек  қасақана   зиян  келтірілген  жағдайларда  ғана  жауаптылыққа  әкеп  соғады”  делінген.  Сондықтан да  өз  өмірін сақттап  қалу  үшін  басқа  біреудің  өмірін  қиып  жіберу  аса  қажеттілікке  жатпайды,    оның  шегіне  шығу  болып  табылады.  Аса  қажеттілікті  қолданып  көп  адамның  өмірін  сақтап  қалушылық  қылмыс  болып  табылмайды.

Қылмыс  істеген  адамды  ұстау – қылмыстылық  пен  күресудің  негізгі  элементтерінің  бірі.  Сондықтан да  қылмыс  жасаған  адамға  оны  мемлекеттік  органдарға  жеткізу  немесе  оның  жаңа  қол  сұғушылық  жасау  мүмкіндігін  тыю  үшін  ұстау  кезінде  зиян    келтіру, егер  мұндай  адамды  өзге  амалдар  мен  ұстау  мүмкін  болмаса   және  бұл  орайда  осы  үшін  қажетті  шаралар  шегінен шығуға  жол  берімесе,  қылмыс  болып  табылмайды.

Қылмыскерді  ұстаудың  негізі  болып  оның  біткен  немесе  аяқталмаған  қылмысты  істеуі  немесе  қылмыс  істегеннен  кейін  одан  жасырыну,  құтылу  әрекеттерін жайт,  қылмыскер  деп  қасақана  немесе  абайсыздықпен  қылмысты  істеген  адамға  белгілі  бір  дәрежеде  оны  ұстағанда  зиян  келтіру  туралы  сөз  болып  отыр.  Қылмыс  істеп  жатқан  адамның  өзін  немесе  қылмыс  істегеннен  кейін  нақ  сол  қылмыскерді  ұстау – осы  институтты  жүзеге  асырудың  негізгі  шарты  болып  табылады.

Қылмыстық  іс жүргізу  Кодекстің  талаптарына  сәйкес  қылмыс  істеді  деп  сезіктенген  адамды  ұстауға  мынадай  негіздердің  бірі  болғанда  ғана  жол  беріледі.

а)  бұл  адамның  қылмыс  істеп  жатқан  үстінен шықса  немесе  қылмысты  жаңа  ғана  істеп  болған  үстінен  шықса;

б)  көзімен  көрген  адамды,  соның  ішінде  жәбірленуші  де  қылмысты  істеген  осы  адам  деп тура  көрсетсе;

в)   сезікті  адамның  өзіне  немесе  киімінде  өз  қасында  немесе  үйінде  қылмыстық  айқын  көздері  табылса.

Қылмыскерді  ұстаудың  сөзсіз  негіздері  болып оның  тұтқыннан,  қамаудан,  жаза  өтеп жатқан  мекемеден  қашуы  болып табылады.

Қылмыскерді  ұстау  деп  негізінен  ол  адамның  қылмыс істеп  жатқан  кезінде  ұсталуын  айтамыз. Бірақ  адам қылмыс жасаған  кезде  ұсталмаса  оны  ұстау  қылмыс  істегеннен  кейін  де  қылмыстық  жауапқа  тартудың  мерзімі  ішінде  жүзеге  асырылады.

Қол  сұғушылық  жасаған  адамды  ұстау  адамға  келтірілген  зиян жағдай  мәжбүр  етпейтіні  анық  шектен  тыс  қажетсіз  келтірілген  кезде,  олардың  ұсталатын  адам  жасаған  қылмыстың  сипаты  мен  қоғамдық  қауіптілік  дәрежесіне  және  ұстаудың  мән-жайына  көркіне  сай  келмеуі  ұстау шараларын  сыра  сілтеп  деп  танылады.  Бұлайша  асыра  сілтей  қасақана  зиян  келтірген  реттерде  ғана  жауапқа  тартылады.  Мұнда  шектен  шығудың,  яғни  асыра  сілтеудің заңда  көрсетілген  түрлері  мынадай.

А)  Істелген  қылмыстық  қаупінің  сипаты  мен  дәрежесіне  сай  емес  жағдайда  қылмыс  істеген  адамды  ұстаған  да  зиян  келтіру.  Мысалы,  біреуге  қасақана  жеңіл жарақат  салған  адамды  ұстағанда,  оны  ұстау  барысында  оған  ауыр  дене  жарақатын  келтіру  немесе  сарай  үстіне  әрі  қарай  барар  жері  жоқ,  жасырынып  тұрған  ұрыны  жерде  тұрып  мылтықпен  атып  жаралау  және  т.б.

Б)  Ұстау  жағдайына  сөзсіз  сәйкес  келмеу  салдарынан  кісіге  қажетсіз,  жағдайларға  сөзсіз  сәйкес  келмеу  салдарынан  кісіге  қажетсіз,  жағдайларға  байланыссыз  сөзсіз шамадан тыс  зиян  келтіру. Мысалы,  қылмыскерге  болмашы  зиян  келтіріп  ұстауға  болатын  болса,  оған  шамадан  тыс  ауыр, қажетсіз  залал  келтіріп,  жарақат  салып  ұстау,  ату  мүгедек  жасау  т.б.  мәселелер.  Осындай  қажетті  шамалардың  шегінен  шығуы  тек  қасқаналықпен  ғана  жүзеге  асырылады.

Заң  бойынша  қылмыс  істеген  адамды  ұстағанда  оған зиян  келтірудің  қажетті  шараларының  шегінен  шығу  кінәлінің  жауаптылығының  жеңілдететін  мән-жайлардың  қатарына  жатады.

Қылмыскерді  ұстаудың  қажетті  қорғану  мен  аса  қажеттіліктен  өзгешіліктері  мынадай;

А)  қажетті  қорғану  тікелей  төніп  тұрған  нақты  қиянатты  тойтаруда  жүзеге  асырылады.  Қылмыскерді ұстау  қылмыс  істеп  жатқа кезде,  тікелей  істегеннен  кейін  жүзеге  асырылады.

Б)   Қажетті  қорғанудың  мақсаты – қылмысты  тойтару,  қылмыскерді   ұстауда  оны  өкімет  органдарына  табыс  ету;

В)   аса  қажеттілікте  келтірілген  залалдың  мөлшері  тойтарылған  залал  мөлшерінен  міндетті  түрде  аз  болуы  қажет.  Қылмыскерді  ұстағанда  (қажетті  қорғанудағы  сияқты)  қылмыскерге  келтірілген  зиян мөлшері  көп  болуы да  мүмкін,  бірақ  ол  сөзсіз  шамадан  тыс  болмауы  керек.

 Қылмыстық  кодекстің  35-бабында  әлеуметтік  пайдалы  мақсатқа  қол  жеткізу  үшін  орынды  тәуекел  кезінде  заңмен  қорғалған  құқықтық  мүдделерге  зиян  келтіру  қылмыс  болып  табылмайды   делінген  Бұрынғы  ҚК мұндай  ұғым  болмаған  еді.  Сондықтан да  қылмыстық  заңдағы  жаңа  институт  болып  табылады. Егер  әрекеттер  қазіргі  ғылыми – техникалық  білімдерде  сәйкес  келсе,    қойылған  мақсатқа  тәуекелге  байланыссыз  жетуге  мүмкіндік болмаса  және  тәуекелді  пайдаланған  адам заң  қорғайтын  мүдделерге  зиян  келтірмеудің  барлық  мүмкін  шараларын  қолданса,  тәуекел  орынды  деп  танылады.

Егер  ол адамдардың  өміріне,  денсаулығына  көріну  қатерін  төндіретін,  экологиялық  апатқа  немесе  өзге  де  зардаптарға  апарып  соқтыратын  болса,  Тәуекел  орынсыз  деп  танылады.

Заңға  сәкес  орынды  тәуекелге байланысты  әрекеттер  екі  түрлі  шартқа  байланысты  қылмыс  болып  табылмайды.  Бұл  шарттарды  екі  түрлі  топқа  бөлуге  болады.

Бірінші  топқа  тәуекел  әрекеттерін  негіз  болатын  шарттар,  ал  екінші  сол  әрекеттің  өзін  сипаттайтын  шарттар  жатады.

Тәуекел  әрекеттерін  қолдануға  медецина,  ғылым  техника,  мәдениет,  шаруашылық  саласы  қызметінің  тиімділігін  жетілдіру  қажеттілігі  негіз  болады.

Қажеттілік  қоғам,  мемлекет  алдына  қойылған  маңызды  міндеттерді  шешуден де  туындайды.  Ғылым,  техника  өнер  саласында  жаңалықтар  ашу  көп  жағдайда  әр  түрлі   тәжірбелерді  игеру  нәтижесінде  жүзеге  асырылады. Мұндай  кәсіптік  қызметті  іске  асыруда  зиянды  зардапқа  әкеліп  соғатын  қажеттіліктердің  де  болуы  мүмкін.  Творчествалық,  кәсіптік  немесе  шаруашылық  қызметінде  орын  алатын  қажеттіліктерге жол  бермеу  орын  алса,  онда  ғылым мен  техниканың  дамуы да  болмас  еді.  Мұндай  тәуекелге  барудың  негізгі  мақсаты  сол  арқылы  тиімді  жетістіктерге  жету,  тәуекелсіз  алға  қойылған  мақсаттық  орындалуы  жүзеге  аспайтындығы  болып  табылады.  Осыған  байланысты  мұндай  әрекеттерден  туындайтын теріс  зардаптар  орынды  тәуекел  күйінде  келтірілген деп  саналып,  ол  қылмыс  қатарына  жатқызылмайды.

Күштеу  бұл  белгілі  бір  әрекетті  мәжбүрлеу.  Мұндай  ретте  жәбірленушіге  күш  қолданылып,  оның  жанын  қинайтын,  сөйтіп  оның  еркінен  айыратын  әрекеттер орын  алады.  Күштеу  тойтарылатын  немесе  тойтарылмайтын  болып  екі  түрге  бөлінеді.

Қылмыстық  кодекстің 36-бабының 1-бөлігінде  көрсетілген  күшпен  мәжбүрлеу  тойтарылмайтын  жағдайда  ғана  орын  алады.  Тойтарылатын  күштеуге  жәбірленушінің  белгісі  бір  әрекетті  істеу  мүмкіндігі  сақталады.  Сондықтан  тойтарылмайтын  күшпен  мәжбүрлеуге  жол  бергенде,  адамға  36-баптың 1-бөлігі  қолданылмайды.

ҚК  37-бабында “Өзі  үшін  міндетті  бұйрықты немесе  өкімді  органдау  жөнінде  іс-әрекет  жасаған  адамның  осы  кодекспен,  қорғалатын  мүдделерге  зиян  келтіруі  үшін  заңсыз  бүйрық  немесе  берген  қылмыстық  жауапқа  ттартылады” делінген.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!