Қылмыстық құқық ұғымы, пәні міндеттері мен жалпы бөлімнің жүйесі. Қылмыстық құқық ғылымы ерекшіліктері

Қылмыстық  құқық  жеке  құқық  саласы  ретінде  адамды,  оның  құқықтары  мен  бостандықтарын  қоғамдық  және  мемлекетті  қылмыстық қол  сұғушылықтан  қорғауға  бағытталған  қоғамдық  қатынастарды  реттейді.

Мұндай  реттеу   3-түрлі  жолмен  жүзеге  асырылады.  Оның  біріншісі – қылмыстық  құқық  нормасы  арқылы  қоғамдық  қатынастарды    реттеу  функциясы  болып  табылады.  Ол  қылмыс  істеуге  байланысты  қылмыс жасаған  адам мен  (субьекті)  мен  мемлекет  арасында  пайда  болады.

Мұндай  құқықтық қатынасқа  қатысушылардың  әрқайсысының  өзіне  тән  құқықтары  мен міндеттері  пайда  болады.  Субьект қылмыс  істеуге  байланысты  қылмыстық   жауапқа  және  жазаға  тартылуға  міндетті  болса,  екінші  субьект  әділ  сот  органдары,  (сот  тергеу,  прокуратура)  қылмыс  істеген  адамды  сол  міндетті  орындауға  күшпен  міндеттейді.  Сонымен,  қылмыстық  құқықтың  қатынастарды  реттейтін  бұл  функция  орын  алған  қылмыс  оқиғасына  байланысты  қылмыстық  жауаптылықты  және  жазаны  қолдану  немесе  қылмыстық  жауаптылықтан  және  жазадан  босату сияқты  мәселелерді  жүзеге  асырады.

Екіншіден:  қылмыстық  құқық  нормасы  арқылы  жазамен  қорқытып,  тыйым  салынған  іс-әрекеттерді  істеуге  салынған  қоғамдық  қатынастар  реттеледі.  Яғни,  қылмыстық заңның  болуы  және  оны  бұзған  адамдарға  қолданылатын  жазаның  қылмыстық  құқықтың  нормаларында  көрініс  алуы  осы  көрсетілген  құқықтық  функцияның  толық  жүзеге  асырылуына  мүмкіндік  туғызады.

Үшіншіден:  қылмыстық  құқық  қылмыстық  жолмен  қиянат   келтірілген  олардың  адам  қорғануға  байланысты  қатынастарын  ретке  келтіреді.

Мысалы:  қажетті  қорғану,  мәжбүрлі  қажетттілік  немесе  қылмыскерді  ұстауда  әр-бір  азамат  заңда  белгіленген  тәртіппен  қорғануға  құқылы.  Бұл  мәселе  тек  қылмыстық  құқықтық  норма  арқылы  реттеледі.

Қылмыстық  құқық  туралы  сөз  болғанда  оның  3-түрлі  мағынасын  ескеруіміз  қажет.

Қылмыстық  құқық – бұл  жалпы  құқық  жүйесінің  негізгі  бір  саласы  және  пәні  болып  табылады.  Осы  ұғымдардың  бәрінен  жиынтығы  қосылып  қылмыстық  құқық  курсы  деген  түсінікті  білдіреді.  Қылмыстық  құқық  пәні  құқық  саласы  ретінде  қарастырғанда  жалпы  құқық  теориясына  тән  белгілердің  негізгі  принциптердің  осы  құқық  саласына  тән  екендігін  ескеру  қажет.  Сонымен  бірге  қылмыстық  құқық  өзінің  ерекшеліктерін  белгілейтін  және  өзін  жеке  құқық  саласы  ретінде  қарастыруға  негіз  болатын  өзіндік  мазмұны,  өзгешілік  белгілері  мен  принциптері  бар  құқық  саласы  болып  табылады.  Құқық  саласы  ретінде  қылмыстық  құқық  заң  шығарушы  органдар  қабылдаған  қылмыс пен  жаза,  қылмыстық  жауаптылықтың  негізі,  жаза  жүйелерін,  жазаны  тағайындаудың  тәртібі  мен  шарттарын,  сондай-ақ  қылмыстық  жауаптылықтан  және  жазадан  босатуды  белгілейтін  заңдылық  нормаларының  жиынтығы  болып  табылады.  Басқа  құқық  салалары  сияқты  құқық  құқықтың да  негізгі  заңдылық  базасы – ҚР К-болып  табылады.  Қылмыстық  құқықың  ережелері  мен  институттарының  мазмұны  қолданылып  жүрген  қылмыстық  нормаларында  анық  көрсетілген.  Қылмыстық  құқық  нормалары  мазмұнына  қарай 2-түрлі  қызметті  жүзеге  асырады:  Олардың  біріншісі – Қылмыстық  құқықтың  жалпы  ережелерін,  принциптері  мен  институттарын  белгілеу  арқылы  негізгі  екі  ұғым  қылмыс  пен  жазаны  анықтайды.

Екіншіден – бір  нормалар  қоғамға  қауіпті  әрекеттің  немесе  әрекетсіздіктің  қылмыс  қатарына  жататын  белгілерін,  шеңберін  және  оны  істегені  үшін  тағайындайтын  жазаның  түрлері  мен  шегін  белгілейді.  Қылмыстық  құқық  жеке  құқық саласы  ретінде  мынадай  өзіндік  ерекшілік  белгілері  мен  көрініс  табады:

Қылмыстық  құқық  пәні – қылмыс  істеуге  байланысты  пайда  болатын  қоғамдық  қатынастарды  ретке  келтіреді.  Ал  мұндай  ретте  қылмыстық  құқықтың  қатынастарының  субьектілері  болып  бір  жағынан қылмыс  істеген  адам және  қылмысы  үшін  соларға  мемлекет  атынан  шара  қолданылатын  мемлекеттік  құқық  қолдану  және  құқық  қорғау  органдары  болады.  Белгілі  бір  әрекетті  немесе  әрекетсіздікті  қылмыс  қатарына  жатқызып  оған  жаза  тағайындау,  қоғамға  жеке  адамға  және  мемлекетке  қарсы  қылмыстық  іс  әрекетке  тыйым  салып,  оны  бұзғаны  үшін  қылмыстық  жауапқа  және  жазаға  тартатын  нормаларды  белгілеу – мемлекеттің  құзіреті.  Осы  тұрғыдағы  қоғамдық  қатынастарды  ретке  келтіру  қылмыстық  құқыққа  ғана  тән  әдіс  болып  табылады.

            2-сұрақ.   Қылмыстық  құқықтың  міндеттері  мен  жүйесі

            Қылмыстық  кодекстің  2-бабына  сәйкес  қылмыстық  заңдардың  міндеттері  болып  1-ші  адам  мен  азаматтың  құқықтарын  бостандықтарымен  заңды  мүдделерін,  меншікті  ұйымдардың  құқықтары  мен  заңды  мүдделерін,  қоғамдық  тәртіп  пен  қауіпсіздікті,  қоршаған  ортаны, ҚР К-лық  құрылысымен  аумақтық  тұтастығын,  қоғаммен  мемлекеттің  заңмен  қорғалатын  мүдделерін,  қоғамдық  тәртіп  пен  қауіпсіздікті,  қоршаған  ортаны,  ҚР К-лық  құрылысымен  аумақтық  тұтастығын,  қоғаммен  мемлекеттің  заңмен  қорғалатын  мүдделерін  қылмыстық  қол  сұғушылықтан  қорғау  бейбітшілік  пен  азаматтық  қауіпсіздігін  қорғау,  сондай-ақ  қылмыстарды  алдын-алу  болып  табылады.

  1. Бұл міндеттерді жүзеге  асыру  үшін  осы  Кодексте  қылмыстық  жауаптылық  негіздері  белгіленеді,  жеке  адам,  қоғам  немес  мемлекет  үшін  қауіпті  қандай  әрекеттер  қылмыс  болып  табылатыны  айқындалады, оларды қлмыс жасағаны  үшін  жазалар  мен  өзге  де  қылмыстық  құқықтық  ықпал  ету  шаралары  белгіленеді  делінген.

Жаңа  Қылмыстық  Кодексте  қоғамның  саяси,  экономикалық  және  әлеуметтік  өмірінде  орын  алған  сапалық  өзгерістер  еске  алған.

Қылмыстық – құқылық  қорғау  обьектісінің  қатарына  қоғамдық  тәртіп пен  қауіпсіздіктің  және  қоршаған  ортаны  қорғау.  ҚР-ның  құрылысы  мен  аумақтық  тұтастығын  қоғам  мен  мемекеттің  заң  мен  қорғалатын  мүдделерін  қылмыстық  қол  сұғушылықтан  қорғау,  бейбітшілік пен  адамзаттың  қауіпсіздігін  қорғауда  қамтамасыз  ету  міндеттері  енгізілген.  Яғни  қылмыстық  құқықтың  негізгі  міндетті.  Қылмыстық  құқықтық  құралдардың  қылмыстылықпен  барынша  пәрменді  күрес  жүргізу  болып  табылады.  Қылмыстық  заңдарда  көрсетілген  міндеттерді  жүзеге  асыру  үшін  қылмыстық  жауаптылықтың  негізін  белгілейді.

Яғни,  қылмыстық  заңда  көрсетілген  іс-әрекеттерді  істеген  адам  осы  заңда  белгіленген  негізінде  ғана  жауапқа  тартылады.  Жаңа  қылмыстық  кодексте  бұрынғы  кодекске  қарағанда  ізгілік  принципі  басшылыққа  алына  отырып, қоғамға  онша  қауіпті  емес  әрекеттер  жасағандарға  оларды  қоғамнан  оқшауламайтын  жаза  түрлерін  (түзеу  жұмысы, шартты жаза,   міндетті жұмыс,  шын  жүректен  өкінуіне немесе  талаптардың келісімге  келуіне  байланысты қылмыстық  жауаптылықтан  босату)  қолдануға  кең жол  ашылған.

Қылмыстық құқықтың  міндеттері  қылмыстылықтың  жағдайы  мен  деңгейіне де  тікелей  байланысты. Бұрын  жұртқа  беймәлім  ұйымдасқан  кәсіптік,  банк  жүйесіндегі  қылмыстар мен күресі.  Қылмыстық  заңның  басты  міндеттерінің  бірі – қылмыстан  сақтандыру  болып  табылады.  Қылмыстық  құқық  жалпы  және  арнаулы  сақтандыру  функцияларын  жүзеге  асырады.

Жалпы  сақтандыру – қылмыстық заң  арқылы  кез-келген  қылмысты  істеуге  тыйым  салған  әрекет  немесе  әрекетсіздіктерді  істеген  адамдарға  қылмыстық  құқықтық   нормалар  арқылы  белгіленген  тиісті  ықпал ету  шараларын қолдану  ретімен  іске  асырылады.

            Қылмыстық  құқыққа,  сондай-ақ  тәрбиелік  функцияда  тән  қажетті  қылмыстық  заңдардың  болуы,  оның  іс  жүзінде  әділ  қолданылуы,  азаматтардың  олардың  құқықтары мен  бостандықтарының  қорғалуы, қылмыс  істеген  адамның  лайықты  қылмыстық  жауаптылыққа  тартылуы  азаматтардың  заңды  құрметтеуге  тәрбиелейді және  олардың заңға  деген  сенімділігін  арттырады.

  1. Қылмыстық құқық  ғылымы.

Қылмыстық  ғылымның  негізгі  зерттеу  обьектісі  қылмыстық  заң  және  оның  құқық  қолдану  органдары  тәжірибесінде  дұрыс  қолдануын, жаза  тағайындаудың,  қылмыстылық  пен күрес  жүргізудің  ғылыми  негіздерін  белгілеп  беру  болып  табылады. Осы  күрделі  мәселелерді  зерттеуде  қылмыстық  құқық  ғылымы  қылмыстылық пен  күрес  жүргізетін  криминология,  құқықтық  статистика,  қылмыстық орындау,  криминалистика,  сот психологиясы,  сот  психиатриясы  және  басқа  ғылым  салалары мен  тығыз  байланысты  болады.  Осы  ғылым  салаларының ортақ  міндеті – қылмыстылықпен  күрес  проблемаларын  белгілеу, оны  азайтудың,  одан  сақтандырудың  жолдарын,  әдістерін және  тәсілдерін  зерттеу  болып  табылады.

  1. Қылмыстық құқықтың  принциптері – заң  шығарушыға,  ғылымға  құқық  қорғау  және  қолдану  органдары  мен  азаматтарға  қылмыспен  қарсы  күрес  жүргізу    саласындағы  қажетті  негізгі  және  міндетті  ережелерінің  көрінісі  болып  табылады.

Заңдылық  қағидасы  Парламент  немесе  Президент  қабылдаған  қылмыстық  заңның  құқық  қолдану  тәжірибесінде  де  заң нормаларын  қабылдау  саласында да сөз жоқ,  үстемдік  ету  арқылы  көрініс  табады.

Бұл  көрініс  бірнеше  құқықтық талаптардың  жиынтығынан  құралады.  Оның  біріншісі   ҚР К-нің  халықаралық  қылмыстық  құқық  жұрт  таныған  принциптерімен нормаларын  басшылыққа  алуы  болып  табылады.  ҚР К-нің  4-бабы,  3-тармағында  Республика  бекіткен  халықаралық  шарттардың  республика  заңдарынан  басымдығы  болады деп  көрсетілген.

Адам  құқықтары  жөніндегі  1948 ж. жалпыға  бірдей  декларация,  1968-1989 жылғы  Вена келісімі  норкаманияға  және  террорлық  актіге  қарсы  күрес  туралы  халықаралық  құжаттар  халықаралық  аймаққа  істелетін  қылмыстар  үшін  жауаптылық  белгілейді.

Осы  қағиданың  екінші  талабы- қылмыстық  заңның  Конституциялық заңға  негізделуі  болып  табылады.  Қылмыстық  құқықтың екінші  бір қағидасы  азаматтардың  заң  алдындағы  теңдігі  болып  табылады Қылмыстық  құқықтың  екінші  бір  қағидасы  азаматтардың  заң  алдындағы  теңдігі  болып  табылады. ҚР К-нің 14-бабының  1-тармағында  заң  мен  сот  алдында  жұрттың  бәрі  тең  деп  аталған.  Қылмыс  жасаған  адам  оның  тегіне,  әлеуметтік  лауазымдық  және  мүліктік  жағдайына,  нәсіліне  ұлтына  саяси  сеніміне,  жынысына, біліміне,  тіліне,  дінге қатысына,  кәсібіне  түрімен  сипатына  сондай-ақ  тұрғылықты  жеріне  және  басқа да  жағдайларына   қарамастан   жауаптылыққа  тартылады.

Қылмыстық  құқық 8-принципі  жауаптылықтан  құтылмайтындық  принципі.  Бұл  принцип  бойынша  әрбір  кезкелген  адам  лауазымдық  юасқа да  жағдайларға  қарамастан  өзі   істеген  қылмысы  үшін  сөзсіз,  міндетті  түрде  жауапты  болады. 4-принципі  жеке  кінәлі  жауаптылығы  қағидасы  болып  табылады.  Адам  өзінің  кінәсі  анықталған  жағдайда  ғана  қоғамға  қауіпті  әрекеттер  (әрекетсіздік)  және  бағытталған  қауіпті  зардаптар  үшін  ғана  қылмыстық  жауапқа  тартылады. Бұл  принципке  сәйкес адам  өзінің  жеке  істеген  немесе  қылмысқа  бірлесіп  қатысу  арқылы  істеген  қылмысы  үшін  сол  адамның  өзі  дербес,  жеке  жауапты  болады.  Жеке  жауаптылық  принципіне  сәйкес  қылмыстың  субьектісі  болып  есі  дұрыс,  заңда  белгіленген жасқа  толған  жеке  адам  танылады.

5-ші  принципі  кінәлі  жауаптылық  принципі  болып  табылады.  Бұл  қағиданың  мәні  сол,  кінәсіз  қылмыста  болмайды  дегенді  білдіреді.  Қылмыстық  жауаптылықта  оны  істеген  адамның  іс-әрекетінде  кінә  болған  жағдайда  ғана,  яғни  қылмыс  адамның өзінің іс – әрекетіне  қасақаналық немесе  абайсыздық түрде   білдірген  саналы,  психикалық  қатынасы  жатады.

6-принципі  әділеттілік  принципі  болып табылады.  Бұл  принциптің  мәнісі  сол  қылмыстық  жауапқа  және жазаға  іс-әрекетінде  қылмыс  құрамының  толық  белгілері  бар  адамдар  тартылуы  керек.  Негізсіз  дәлелсіз  қылмыстық  жауаптылыққа  жол  берілмейді.  Әділеттілік  қағидасының  жүзеге  асырылуы  әділ  жаза  тағайындауға  тікелей  байланысты.  әділеттілік  принцип  бойынша  бір  қылмыс үшін  ешкімді  де  қайталап  қылмыстық  жауапқа  және  жазаға  тартуға  болмайды.

7- принцип  ізгілік  принципі  болып  табылады.

Ізгілік принципінің  жүзеге  асырылуы  ең  алды  мен  қылмыстық  заң  арқылы  азаматтардың  жеке  басын,  олардың  өмірін,  денсаулығын,  құқықтарын  қылмыстық  қол  сұғушылықтан қорғау  арқылы  көрініс  табады.  Бұл  принцип-қылмыстық заңды  бұзған  адамдарға да  қолданылады.  Қылмыстық  жазаның  мақсаты  әлеуметтік  әділеттілікті  қалпына  келтіру, сондай-ақ сотталғандарды  түзеу  болып табылады.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!