Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы

Қазақстан  Республикасы  Конституциясының  27-бабында:  некемен отбасы, ана  мен  әке  және  бала  мемлекеттің  қорғауында  болады .

  1. Балаларына қамқорлық жасау  және   оларды  тәрбиелеу ата  ананың  табиғи  құқығы  әрі  парызы.
  2. Кәмелетке толған еңбекке  қабілетті  балалар  еңбекке  жарамсыз  ата –анасына    қамқорлық  жасауға  міндетті  -3  делінген.  Бұл  көрсетілген  қағидалар  халықаралық  құқықтың  осы  мәселелер  жөніндегі    негізгі  ережелеріне   сәйкестендірілген.  Адам  құқығы   жөніндегі  1948  жылғы  Жалпыға  бірдей  Декларацияда,  Азаматтық  және  саяси  құқықтар  туралы  1966 жылғы  халықаралық   фактіде   отбасы  қоғамының  табиғи негізгі  ұясы  және  ол  мемлекет  пен  қоғам  тарапынан  қорғау құқығына  ие  деп   белгіленген.  1989 жылы  20-қарашада   қабылданған  “Бала  құқытары  жөніндегі”  конвенсияда  да  балалардың  азаматтық және  саяси -әлеуметтік  құқықтарының  қорғалуына  ерекше  мән  берілген.  ҚР – да  отбасы және  кәмелетке   толмағандар  жөніндегі  халықаралық  құқық  нормаларын  қастерлей  отырып,  осы  мәселелерге  байланысты  пайда  болатын  қоғамдық  қатынастарды  қылмыстық  құқықтық  жолмен  қорғауға  ерекше  мән  береді.

1997 жылы  қабылданған  жаңа  Қылмыстық   кодекстің  Ерекше  бөлімінің  2-тарауы  отбасы  және   кәмелетке   толмағандарға  қарсы  қылмыстар  үшін  жауаптылық  белгіленген.  Бұл  тарауда  осы  тұрғыдағы  қылмыстарға  арналған  нақты  қылмыстардың  мынадай  түрлері  көрсетілген:  кәмелетке  толмаған  адамды   қылмыстық  іске  тарту  (131-бап);  кәмелетке  толмаған  адамды  қоғамға  қарсы  іс-әрекеттер  жасауға тарту  (132-бап);  кәмелетке  толмағандарды  саудаға салу  (133-бап);  баланы  ауыстыру  (134-бап) бала  асырап алу  құпиясын  жария  ету  (135-бап);  балаларын  немесе  еңбекке  жарамысыз  ата-анасын  асырауға    арналған  қаражатты  төлеуден  әдейі  жалтару  (136-бап);  кәмелетке  толмаған  баланы  тәрбиелеу  жөніндегі  міндеттерді  орындамау  (137-бап) ;  балалардың   өмірі мен  денсаулығы  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  жөніндегі  міндеттерді  тиісінше  орындамау  (138-бап);  қамқоршы  немесе  қорғаншы  құқықтарын  теріс пайдалану  (139-бап)  еңбекке  жарамсыз жұбайын  (зайыбын)  асыраудан  әдейі  жалтару  (140-бап).  Осы  топқа  жататын   қылмыстардың  обьектісі  ата-аналар  мен  балалардың  арасындағы  отбасылық  қатынастар,  сондай-ақ кәмелетке  толмағандардың  дене  бітімі,   интелектуальдық,  рухани,  адамгершілік  тұрғысынан   дұрыс  дамып,  қалыптасу  жағдайлары  болып табылады.  Енді   осы  топқа  ерген  қылмыс  құрамдарының әр-қайсысында  жеке – жеке  талдау  жасап  өтейік

Отбасына  және  кәмелетке  толмағандарға қарсы  қылмыстардың  жеке  құрамдары.

Кәмелетке  толмаған  адамды  қылмыстық  іске  тарту  (131-бап)

Кәмелетке  толмаған  адамды  18 жасқа  толған  адамның  қылмыстық  іске  тарту жеке  қылмыс  құрамы  ретінде   қарастырылады.

Қылмыстың  тікелей  обьектісі  кәмелетке   толмағандардың  бірқалыпты  дамуы  және  оларға  дұрыс  тәрбие  беру шарттары  болып  табылады.

Қылмыстың  жәбірленушісі  18-ге  толмаған  адам,  яғни  кәмелетке  толмағандар.

Қылмыс  обьективтік  жағынан  алғанда  әр түрлі  әдістер (тәсілдер) қолдана  отырып  кәмелетке  толмаған  адамды  қылмыстық іске  тарту  арқылы  жүзеге  асырылады.

Кәмелетке  толмаған  адамды қылмыстық  іске  тарту  деп  18-ге   толмағандарға  қылмыстық    тікелей  орындаушы  немесе  өзге де   көмектесуші  болуға   жігерлендіруге,  ынтасын,   шешімін   қоздыруға  бағытталған  іс-әрекеттерді  айтамыз.  Қылмыстық  іске  тартудың  әдісі  заңда  тікелей  көрсетілмеген,  бірақ  ол  әртүрлі  жолмен  жүзеге  асырылуы  мүмкін.  Бұл  әрекет  психикалық   әдістерді  қолдану  арқылы  (қорқыту,  уәде  беру, алдау)  немесе   басқа да   тәсілдерді  қолдану   арқылы  жүзеге  асырылады.  Кәмелетке   толмаған  адамдарды  үрейлендіру  немесе  оларды  басқа  бір  қолайсыз жағдайларға  қалдыратын  әрекеттер  жасаймын   деген әрекеттер  арқылы,  олардың  психикалық  санасына  әсер етулер  қорқыту  деп  табылады.  Қорқыту  ауызша,  жазбаша,  телефон  арқылы  дене  қимылын  көрсету  арқылы  жүзеге  асырылуы  мүмкін  және  мұндай және  мұндай  қорқытулар  жәбірленушінің  тікелей  өзіне  немесе  оның  таныс  адамдарына  білдіруі  хақ.

Субьектінің  болашақта  кәмелетке  толмағандарға  белгілі   бір  жәрдем   көрсетуге оқуға  түсіруге,  жұмысқа  тұрғызуға  немесе  оларға  басқадай  игіліктер жасауға  міндеттемелер  алуы)  уәде беру  деп  танылады.

Кәмелетке   толмағандар  үшін  мәні  бар  мәліметтерді  немесе  мән-жайларды  қасақана  айтпау  немесе  олар  жөнінде  үн  қатпау   арқылы  оларды     жаңылыстырып  қоғамға   қауіпті  іс-әрекетті істеуге  тартуды алдау  деп  түсінген  жөн.  Мысалы,  ересек  адам  кәмелетке  толмаған адамға  көрші  үйден  өзіне  тиісті  жүкті  жол  бойына   жеткізуді өтінеді,  нәтижесінде  ол   бөтеннің  мүлкін  ұрлауға   көмектескеннін  бірақ  біледі.  Кәмелетке  толмаған  адамды  басқа  да   тәсілдермен  қылмыс  жасауға тартуға,  оларды    иландыру,  сатып  алу,  оларды  зұлымдық,    қара ниетті  іс-әрекеттерді  істеуге   жігерлендіру,   бопсалау,  материалдық    тәуелділік  жағдайын  пайдаланып  қалу  т.с.с.  әрекеттер  жатады.

Жоғарыда  көрсетілген  тәсілдерді  қолданғанымен  кәмелетке  толмағандар  қылмыстық  іс-әрекетке  баруға  қарсылық   білдірсе,  онда  кінәлінің  іс-әрекеті  кәмелетке  толмаған  адамды  қылмыстық  іске  тартуға   оқталғандық  ретінде  сараланады.

Қылмыс  формальдық  құрамға  жатады.  Және  ол  кәмелетке  толмағандарды  қылмысқа  тартқан  уақыттан  (яғни  18-ге  толмаған   адамның  оған  келіскен  сәтінен  бастап)   аяқталған деп  табылады.  ҚК  131- бабының  1-тармағы  бойынша  онша  ауыр  емес,  ауырлығы  орташа  қылмыстарды  істеуге  кәмелетке  толмағандарды  тартқаны  үшін  ғана  жауаптылық  көзделген.  Субьективтік  жағынан  ҚК  131-бабында  көзделген  қылмыс тек  қана  тікелей   қасақаналық  пен  істеледі.  Кінәлі   адам  әр түрлі  тәсілдерді  қолдана  отырып жасы  18-ге  толмағаны  өзіне  анық  адамды  қылмыстық  іске  тартқанын  сезеді,  біледі  және  соны  жүзеге  асыруды  тілеп  әртүрлі  әрекет  жасайды.  Қылмыстық  ниет  және  мақсат әр түрлі (кек)  алу,   қызғаныш,  пайдакүнемдік,  басқа  да   зұлымдылық  ниеттер болуы  мүмкін.  Бұлардың  іс-әрекетті  саралауға  әсері  болмайды,  бірақ  жаза  тағайындағанда  есепке  алынады.

Қылмыстың  субьектісі  заңда  тура    атап   көрсетілгендей  кәмелетке  толмаған  адамды  қылмыстық  іске  тартқан  жасы  18-ге  толған  адам.  Кәмелетке  толмаған  адамның  екінші  бір  кәмелетке  толмаған  адамды  қылмыстық   іске  тартуды  бұл  қылмыс  құрамына  жатпайды.  ,

Ата  -анасы,  педагог  не  кәмелетке  толмаған  адамды   тәрбиелеу  жөніндегі   міндеттер  өзіне  заңмен  жүктелген  өзге  адам  жасаған  нақ  сол  әрекет  осы  қылмыстың  ауырлататын  түрі  болап  табылады.  (ҚК  131-бабының  20-тармағы). Көрсетілген адамдардың кәметелке   толмаған  адамдар   жөніндегі  құқықтық  жағдайын  пайдаланып, осы  іс  әрекеттерді  істеуі  қылмыстың  қоғамға  қауіпттігін  едәуір  ұлғайтады.  Ата-аналарды  анықтау ҚР  неке  және  отбасы  туралы  1998 жылы  17-желтоқсанда  қабылданған  Заңына  сәйкес  шешіледі.

Педагог  деп  тәрбие  немесе  оқу   поцессімен айналысатын  адамдар  танылады.  Педагогті  қылмыстың  субьектісі  деп  тану  үшін  оның  жұмыс   істейтін  оқу   орындарының  түрі  ( жоғары  оқу  орындары,  мемлекеттік  немесе  мемлекеттік  емес),  нысаны  ( күндізгі,  сырттай  кешкі)   ешқандай  әсер  етпейді.

Кәмелетке  толмаған  адамды  тәрбиелеу  жөніндегі   міндеттер  өзіне   жүктелген  өзге  де  адамдарға   қорғаншы,  қамқоршы,  асырап  алған  ата-аналар,  мектепке  дейінгі  балалар   мекемелерінің  тәрбиешілері,  бұлардан  басқа  заңмен  тәрбиелеу  міндеті   тікелей  жүктелген – жақын  туыстары,  ағасы немесе  апасы,  әжесі  немесе  атасы  жатады.

Кәмелетке  толмағандарды  саудаға  салу  (133- бап)

Кәмелетке  толмаған  адамды  саудаға   салу  үшін  жауаптылық  ҚР  аумағында  қолданылған  қылмыстық  заңдарда  мүлдем   көрсетімеген   еді.  Қазақ  жерінде  мұндай  құбылыс  кеңес  өкіметі   орныққанға      дейін  мүлдем  болмаған  қазіргі  жағдайда  кейбір  жерлерде  кәмелетке  толмағандар  “зат”,  “товар”  ретінде  пайдаланылып,  қылмыскерлерге  пайда  табудың  көзіне  айналды.  Дүние  жүзінде  орын  алып  отырған  осындай  келеңсіз  құбылыстарға  сәйкес  ҚР  Қылмыстық  кодексінің  133-бабында  осы   тұрғыдағы  іс-әрекетке  қылмыстық  жауаптылық  белгіленген.

Қылмыстың  тікелей  обьектісі  – кәмелетке   толмағандардың   мүддесі,  олардың  дұрыс  даму, жетілу,  білім  алу,  тәрбиелену  жағдайлары.

Қылмыс  обьективтік  жағынан  кәмелетке   толмаған  адамды  сатып  алу  не  кәмелетке  толмаған  адамға  қатысты  оны   біреуге  беру  немесе  оны  иемдену  түрінде  өзге   мәмілелер  жасау  арқылы  жүзеге  асырады.

Кәмелетке  толмаған  адамды  белгілі  келісімді  ақы   алып     (ақшалай,  заттай,   қозғалатын  немесе    қозғалмайтын   мүлік)  басқаға  беру,   сату  немесе  сатып  алу  деп танылады.

Кәмелетке  толмаған  адамды  айырбастау  (үйге ,  көлікке,  басқа  тауарларға),   сыйға  беру  (мысалы,   шетелге  тұрақты   өтіп  кетуге  байланысты  көрсеткен  көмегі  үшін  немесе  шын   достықтың  белгісі  ретінде  тегін  беру) ;  қарызын  немесе  басқадай   міндеттемелерін  өтеу  үшін   беру;  басқа  біреуге   уақытша  пайдалануға  жалға  беру  өзге   мәмілелер  жасау  деп  танылады. Қылмыс   жәбірленушіні  саудаға  салу  жөніндегі  мәмілеге  қол   жеткізілген  және   кәмелетке  толмаған  адамды  басқа  біреуге  берген   уақыттан  бастап  аяқталған  деп  танылады.

Субьективтік  жағынан   қылмыс кәмелетке   толмағандарды  саудаға  салу  тек қана  тікелей  қасақаналықпен   істеледі.  Бұл  жерде  осы  қылмысты  істеуге  кінәлі  болып  адамды  сатқан  және  сатып  алған   жақтар,  сондай-ақ  осындай  әрекеттерге  бағытталған  өзге де   мәмілелер  жасауға   қатысқандар                    ( жәбірленушіні  заңсыз  біреуге  берген  немесе   оны   иемденген  адамдар)  табылады.  Өйткені  олар  өздерінің  іс-әрекеттерінің  қоғамға  қауіптілігін,  заңға  қайшылығын  сезеді  және  осы   әрекеттерді  істеуді  тікелейді.

Қылмыстың  субьектісі  16-ға  толған  кез-келген  есі  дұрыс   кәмелетке   толмағандарды  саудаға  салуға  қатысқан  адамдар.

            Қылмыстық  кодекстің  133-бабының  1-тармағыда  көрсетілген  әрекеттерді:

а)бірінші  рет ;

б)екі  және  одан да  көп  кәмелетке  толмағандарға  қатысты;

в)адамдар  тобының  алдын  ала  сөз  байласуы  бойынша  немесе  ұйымдасқан  топпен;

г)адамның  өзінің  қызметтік  жағдайын   пайдаланып;

д)кәмелетке  толмаған  адамды  ҚР  тыс  жерге  заңсыз  әкеткен мен  немесе  оны  ҚР  заңсыз  әкелуімен;

е)кәмелетке  толмаған  адамды  қылмыс  жасауға  немесе  қоғамға  қарсы  өзге  де   іс  әрекеттер  жасауға  тарту  мақсатында;

ж)кәмелетке  толмаған  адамның  мүшелерін  немесе  тінін  ауыстырып салу  үшін  алу  мақсатында  жасалса  -онда  олар  осы  қылмыс  құрамының ауырлататын  түрлері  болып  табылады.

Осы  баптың  бірінші  немесе  екінші   тармақтарында  көзделген  кәмелетке  толмаған  адамның  өліміне  немесе  өзге  ауыр  зардаптарға  абайсызда  әкеп  соққан  әрекеттер  көрсетілген  қылмыс  құрамының  аса  ауырлататын  түріне  жатады.

Бұл  жерде  кәмелетке  толмаған  бір  адамның  өлуі  туралы  сөз  болып  отыр. Өзге  де  ауыр  зардаптарға,  -жәбірленушіге  орта,  ауыр  дене  жарақатын  келтіру,  кәмелетке  толмаған  адамның  кінәлінің  заңсыз  әрекетіне  байланысты  өзін-өзі  өлтіру,  олардың  жұқпалы  аурумен  зақымдануы,  мүгедек  болып  қалуы   сияқтылар  жатады.  ҚК  133-бабының  3- тармағында  көрсетілген  қылмыс  құрамының  субьективтік  жағынан  әрекеті  қасақаналық, ал  одан  болатын  зардап  абайсыздықпен  жүзеге  асырылады.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!