Қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдемелер теориясының басты ережелері

Қылмыстық процестегі дәлелдеу мен дәлелдеме-қылмыстық іс жүргізу құқығы курсының, қылмыстық процтегі әдістемелік-құқықтық негіздерін зерттейтін бөлімі. Дәлелдеу туралы ұғымда әр түрлі ғалымдардыңжетістіктері пайдаланылады, оның ішінде логиканың, психологияның, крминалистиканың, сот медицинасының, психиатрияның жәнебасқалардың.

Қылмыстық істі тергеу және сот талқылауы жүргізілетінқылмысты өзінше өтіп кеткен оқиғалар мен фактілерді анықтайды. Кез келген қылмыс, қоршаған әлемніңқұбылысы ретіндеәртүрліобьектілерде айқын із, ал адам санасындаөте онды іздер – көрген оқиғалармен фактілер туралы есте қалдырады.

Бұдан шығатын қорытынды дәлелдеме дегеніміз -бұл белгіленген жағдайнегізінде қандай да бірмән-жайдың бар екенін тұжырымдайтын немесе жоққашығаратыной жүгіртудіңбелгілі бір логикалық тәсілі.

Дәлелдеу затын игерудіңнегізгі әдісі материалситікгносеология, яғни таным теориясы, ол мынандай түсініктеледі:

а) әлем обьективті өмір сүреді;

б) ол танылады;

в) адам шынайыаққат заңдарын ашуға қабілетті;

г) бүкілматерия белгілі бір қасиетке ие, мәні бойынша тітіркенушілікпен, бейнелеу қасиетімен.

Қылмыстық іс жүргізу дәлелдеуінің мақсаты іс бойынша ақиқаты айқындау болып табылады. Флософиядағы ақиқат- бұл обьективті бар нәрсеніңсанадағы қабылдануыныңтура бейнесі. Қысқаша, ақиқат дегеніміз-шындықтың дәл өзі.

Дәлелдеудің негізінде іс бойыншаақиқатты анықтауғажататындығы туралы жағдайымойындау ақиқатты табупроцесіндегі танымның орнын білуді обьективті түрде талап етеді.

Профессор Б.Х.Төлеубекованың пікірі бойынша: “Қылмыстық сот өндірісіндегі аққат өткен оқиғаны дәлелдеу процесіндематериалдандырып, дәлелдемелердің күшімен ойша қалпына келтіру арқылы қол жеткізу”.

Қылмыстық процестегісот зерттеуінің пәні, яғни нақты іс бойынша ақиқаттыанықтау мақсатын көздейтін анықтау-тергеу органдарының, соттың және сараптау мекемелерінің бүкіл қызметі адамдардың қылығына қатысты, олар қоғамға қауіптіқылмысты деген болжамдары бар оқиғалардан тұрады.

Дәлелдеу процесі және дәлелдеу субьектілері

Дәлелдеу процесі – іске қатысы бар, іс жүргізуқұжаттарындатіркелген нақтымәліметтердіжинақтау, бекіту, зерттеу (тексеру) және бағалаубойынша қылмыстықіс жүргізу заңымен реттелген дәлелдеусубьектілерініңқызметі түрінде көрінеді.

М. С. Строговичтің пікірі бойынша: “дәлелдеу процесідәлеледемелерді табудан, оларды қарап тексеру және іс жүргізіпбекітуден, тексеруден және бағалаудан тұрады”.

  1. Дәлелдемелік құқығы және оның дәлелделер теориясындағы орны.

Қылмыстық іс бойыншадәлелдеу процесі – бұл шартты түрде дәлеледемелердіжинақтау мен бекіту, дәлелемелерді тексеру, дәлеледемелерді бағалау тәрізді төрт негізгі элементтен тұратын ойлау және практикалық қызметтің органикалық бірлігі.

Дәлелдеу субьектілері. Қылмыстық іс жүргізузаңдарында (ҚІЖК 62-67 баптар) көзделген жалпыережелер бойынша ісүшін маңызыбармән-жайларды дәлелдеуміндеті төмендегілерге жүктеледі:

  • іс бойынша өндірісті жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға;
  • өзінің немесе өзіне жүктелген құқықтары мен мүдделерінқорғайтын процескеқатысушыларға;
  • қылмыстық процескеқатысушы бақса адамдара.

Бұл органдар мен адамдар фактілермен дәлелденгеннемесе дәлелденбегендеп тануға іс бойыншатергеудің кез келген сатысында дәлелдеу қорытындысыншығаруға солбойынша соңғышеші қабыладуға құқылы.

Дәлелдемелерді жинақтау мен тексеру жауап алу,беттестіру, тануға апару, алу, тінту, тексеру, эксперимент, сараптамажүргізу арқылыжәне заңда көзделген басқа тергеу мен сотәрекеттерібойыншажүргізіледі.

Қылмыстық іс жүргізу кодексіндедәлелдеу процесініңэлементтері баптардың аталуымен көрсетілген: дәлелдемелерді жинау (125-бап); дәлелемелердібекіту (126-бап); дәлелдемелерді зерттеу (127-бап); дәлелдемелердібағалау (128-бап).

Дәлелдеу процесіндезаңда көзделген тәртіппен дәлелдеме болып табылатын төмендегі нақты мәліметтер жиналады, зерттеледі және бағланады:

а) өтіп кеткен қылмыс оқиғасыныңорны ар екені туралы мәліметтер;

б) қоғамға қауіпті іс- әрекеттің осы әрекетті жасаған кінәлі адамныңбар немесе жоқ болуы, істі дұрыс шешу үшінмаңызы бар басқа да мән-жайлар;

в) куәнің, жәбірленушінің, күдікті мен айыпталушының жауаптары, сарапшыныңқорытындысы, заттай дәлеледеелер, тергеу және сот әрекетінің хаттамалары және басқа да құжаттар.

Сонымен іс бойынша қорытынды шығаруғанегіз болып табылатын нақты мәлеметтер жиынтығынаөзінің табиғаты мен тәсілібойынша әртүрлі бүкіл дәлелдемелік процесс пен онықұрайтын элементтерсипаттамасы жөнінде ескерілуге тиіс мән-жайлары тергеу мен сотты қызықтыратындаймәліметтер енеді.

Философия көзқарасы тұрғысынан дәлелдеме дегеніміз- шындықты анықтаудың процесі (әдісі), пайымдаудың шынайылығын негіздеу.Кең мағынасындағы “ дәлелдеме” қандай да бір пайымдаудың шынайылығын айқындайтын кез-келген рәсім, бұл кейбір қисынды пайымдауларды, сондай-ақ кейбір табиғи құбылыстар мен заттарды сезім арқылы қабылдау жолымен ж. а. Тар мағынасында –бұл шынайы алғышарттардан дәлелденетін тезистерге бастайтын дұрыс ой қорытындысының тізбегі.

  1. Дәлелдемелер мен жедел-іздестіру жолымен алынған іс жүргізушілік емес ақпаратпен арақатынасы.

Соныен философиялық түсінік дәлелдемені екі мағынада қамтиды: а)дәлелдеме –шындықты анықтаудың процесі не әдісі; ә)дәлелдеме- тану мен бағалаудың статистикалық объектісі. ҚІЖҚ-ғы үшін статистикалық объект деген дәлелдеме ұғымыныңекінші мағынасытән, қылмыстық сот ісін жүргзу шеңберіндегі өзгеше қызмет түрі ретінде шындықты анықтау процесінің өзі “дәлелдеу” терминімен белгіленеді, оның мақсаты туралы дербес тарауда айтылады.

“Дәлелдеме” ұғымыныңҚІЖ-ң мәнін формальды қисынмен жұмыс істейтін дефинициядан (анықтаудан) ажырата отырып, А.И Трусов былай деп жазды: “…Сот дәлелдеуде жалақ ойлар мен ғана емес,ең әуелі фактілер мен жұмыс істейді.

Қылмыстық процестегі дәлелдемелердің мәнітуралы жалпы түсінік шындықты тану процес імен өзара байланысқа түскен кезде дәлелдеме- ҚІЖ құқығыныңаса маңызды сипаттарының бірі болып табылады деп айта аламыз. Дәлелдеме сот әділдігінің бастр сипати. Сот ісін жүргізуді жүзеге асыратын адамдармен органдардың бүкіл ызметі бойынша шындықты анықтауға және осы арқылы істі әділетті шешуге бағытталған. Дәлелдемесіз нақты адамға үкім шығаруға құқықтық негіз жоқ.

Дәлелдемелердің белгілері мыналар болып табылады:

  1. дәлелдемелердің ҚІЖК-не сәйкес жолмен алынуы;
  2. дәлелдемелерде анықталатын жағдайға қатысты (болмағандығын) бар іс жүзіндегі деректердің болуы;
  3. дәлелдемелерді жинақтау және солардың негізінде қылмыстық жазаға жататын әректтің бар екендігін немесе болмағандығын анықтау;
  4. мұндай анықтауды анықтаушының, тергеушінің, прокурордың және соттың ғана қарауына беру;
  5. жасады деп айып тағылып отырып әрекетке адамдардың кінәлі екендігін не кінәсіздігін анықтау.

Заң іс үшін маңызы бар іс жүзіндегі дерек көздерінің толық тізбесін белгілейді. Мұндай көздер қатарына сезіктінің, айыпталушының,жәбірленушінің,куәгердіңжауаптары; сарапшы қорытындысы; заттай айғақтар; іс жүргізуждің хаттамалары және өзге де құжаттар жатады.

Бұл тізбені кеңейтіп түсіндіруге болмайды.