Қылмыстық іс-жүргізуге қатысушы тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету

1994 жылы бекітілген Қазақстан Республикасындағықұқықтық реформаныңМемлекеттік бағдарламасында қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысушылардың қауіпсізідігін қамтамасыз етудіңмеханизмін айқындау мәселесі қойылған еді. Соған сәйкес, 1997 жылы қабылданған ҚР ҚІЖК-неалғаш рет қылмыстық процескеқатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасызетуге арналған 12 тарау (98-101-баптар) енгізіледі. Сонымен қатар, 2000 жылғы 5 шілдеде “Қылмыстық процескеқатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы” арнайы заң қыбылданды.Сондай-ақ, мемлекеттікқұқық қорғау органдарының лауазымдыадамдардыңқауіпсіздігін қамтамасыз етуталабы жөнінде бұл органдардың мәртебесін және құзіретінайқындайтын заңактлерінде айтылған. Мәселен, “ҚР сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы” 2000 жылы қабылданған конституциялық заңның 26-бабындабылай деп жызылған: “Судьялар, олардың отасы мүшелері менмүлкі мемлекеттіңқорғауында болады, оның тиісті органдары судьядан оның отбасы мүшелерінен тиісті өтініш түскен жағдайдаолардың қауіпсіздігін қамтамсыз етуге, оларға тиесілі мүлікті сақтауға дер кезінде және барлық шараларды қодануға міндетті”.

Жоғарыда айтылғанзаңдарда қылмыстық процескеқатысушы адамдардың қауіпсізідігін қамтамсыз етудіңнақты амаладары мен тәртібі белгіленген.Ол заңдарға сәйкес, қылмыстық сот ісін жүрізу саласындағы мемлекеттік қорғауға мына адамадар жатады:

  • қылмыстық іс жүргізу органдарының лауазымды адамдары (судья, прокурор, тергешуі, анықтаушы, сондай-ақ жедел іздестіру қызметін атқаратын лауазымды адамдар);
  • өз мүдделерін қорғайтын және басқа процескеқатысушылардың құқықтары мензаңды мүдделерінқорғайтын адамдар (сезікті, айыпталушы,қорғашы, жәірленуші,жеке айыптаушы,азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер және олардың өкілері);
  • өзге іске қатысушылар (куә, куәгер, сарапшы, маман, аудармашы, сот отырысының хатшысы, сот приставы);
  • іске қатысушылардың отбасы мүшелері және жақын туыстары.

ҚІЖК 98-бабының 2-бөлігінде көрсетілгендей, бұл аталған адамдарға қатыстымемлекет заңда көрсетілген тәртіппен олардың өмірінеқауіп төнуден немесе өзгеде күш қолданудан қауіпсіздендіру шараларын қолдануды қамтамсыз етеді.Ондай шаралардың түрлері ҚІЖК-нің 100-101 баптарындажәне “Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемекеттік қорғау туралы” заңның 7-20 баптарындакөрсетілген. Бұл шаралардың оннан артық түрлері бар Олардың өзін, қолдану ретіне қарай екі топқа бөлуге болады:

  • қылмыстық іс жүргізудің басталу кезінен қодануға болатын қауіпсіздік шаралары;
  • сотта істі қарау кезінде қолданылатын қауіпсіздік шаралар.

Қауіпсіздік шараларыныңкелесі тобы соттаісті қарау кезіндеқолданыатын шаралар болып табылады. Ол шаралардың түрлері және қолдану тәртібі ҚІЖК-нің101 бабымен реттелген:

  • сот отырысын жабық өткізу (толық немесе жартылай);
  • қауіп туғызатын немесе онымен байланысты адамадарды сот отырысының залынан шығару;
  • куәдан жауап алғанда: оның жеке басы туралы деректерді жарияламау немесе оны басқа іске қатысушылардың көзіне көрсетпеуі және басқалары тан алмайтын жағдай жасау.

Мұндай шараларды қолдану қылмыстық істі қарайтын соттың дәлелді қаулышығаруы арқылы рәсімделеді.

  1. Сот талқылауына қатысатын тұлғаларадың қауіпсіздігін қамтасыз ету.

Ал, қауіпсіздік шараларын қоланудың жалпы тәртібі ҚІЖК-нің 99-101 баптарымен және “Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы” заңның 21-28 баптарымен реттелген. Осы баптардыңнормаларын қолдана отырып,қауіпсіздік шараларын қолдаудыңмына кезеңдерінбілу қажет:

  • қауіпсіздік шараларын қолдану туралы шешім қаблыдау;
  • бұл шараларды жүзеге асыру;
  • қауіпсіздік шараларын қолдануды тоқтату.

Қауіпсідікшарасын қолдану туралы шешім қабылдау үшіналдымен себеп пеннегіздің болулары қажет. Себеп ретінде процеске қатысушыаданың өзіне немесежақындарына қарсы туған қауіп жөнінде арызы болады. Ондай арыз ауызша немесе жазбаша берілуі мүмкін. Қауіпсіздік шарасын қолданудың негізі ретінде қатысушыадамның немесе оның отбасымүшесінің,не басқа жақын адамыныңөміріне не мүлкіне тиетінқауіптің бар екенін көрсететін нақты деректер болып табылады. Себеп пен негіз бар болған жағдайдақылмыстық іс жүргізу органықажеттіқауіпсіздік шарасынқолдану туралы қаулышығарып, бұл жөнінде қорғалатын адамға хабарлауы тиіс.

Заңда көрсетілгендей, қылмыстық іс жүргізу органы процеске қатысушы адамның арызын жиырма төр сағаттан кешіктірмей қарап, тиісті шешім шығаруға міндетті. Мүдделі адамның арызы қанағаттандырылмаған болса,ол адам прокурорға немесе сотқашағымдануға құқылы. Сонымен қатар, қауіпсіздік шарасын қолдануға негіз бар болғанжағдайда қылмыстық іс жүргізу органыөз бастамшылығыменондай шараны қолдану туралықаулы шығаруға құқылы (ҚІЖК-нің 99-бабының, 2-бөлігі). Мұнай жағдайда қауіпсіздікшарасын қолдануғасееп оныңқажеттілігін қылмыстық іс жүргізу органының тікелей өзінің анықтауы болып табылады.

  1. Қауіпсіздік шаралары.

Қауіпсіздікшараларын қолданудыңтиімді болуықорғалатын адамныңөз мінез-құлқына да байланысты. Сондықтанбұл адамныңөзіне тиісті міндеттер жүктеледі. Мәселен, “Қылмыстық прецеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы” заңның 26-бабында көрсетілгендей, қорғалатын адамға мынадай міндеттер жүктеледі:қауіпсіздікті қамтамасыз ететін органныңнұсқалары мен заңды талаптарын орындау; өзіне қарсы қауіп төндіру немесебасқалай құқыққа қайшы келетінәрекеттер жасалған болса, ол жөнінде қауіпсіздікті қамтамасыз ететін органға дереу хабарлау; қауіпсіздікті қамтамсыз етумақсатында өзіне берілгенмүлікі ұқыпты сақтау; өзіне қатысты қолданылған қауіпсіздік шаралары жөніндемәлеметтердіжарияламау; қажет болған жағдайдақару және жеке қорғану құралдарын қолдануғаүйрену үшін тиісті оқудан өту.

Қорғалатын адамныңқұқықтары да сақтаулыға тиіс.Оған мынадай құқықтар берілген: өзіне қатысты қандай қауіпсіздік шараларықолданылатындығын білу; өзіне қатыстықауіпсіздік шараларының нақты түрін қолдану немесе қолданбау жөнінде өтінішін айту; қауіпсіздік шараларын жүзеге асыратынлауазымды адамдардың заңсыз әрекеттері мен шешімдерін жоғары тұрған органға, прокурорға немесе сотқа шағымдау.

Қауіпсіздік шарасын қолданудың қажеттігі жойылған кездеоны тоқтату туралы қылмыстық іс жүргізуорганы қаулы шығарып, ол жөнінде мүдделі адамға хабарлайды.