Қылмыстық іс жүргізудегі мүліктік мәселелер.Іс жүргізу мерзімдері

Бір жағынан процессуалдық құжат дегеніміз ол ҚІЖ қызметінің өзі болып саналады. Екінші жағынан осы қызметінің нәтижесін құжат ретінде бекіту деп саналады. Үшінші жағынан алғанда ҚІЖ құжаттары деп қылмыстық процесте қолданылған барлық жазбаша материалдарды айтамыз.

ҚІЖК-де қылмыстық іс жүргізуде көп кездесетін қолданатын құжаттар аталған. Олар:

  1. сот шешімі
  2. үкім
  3. қылмыстық іс
  4. тергеу және сот құжаттары
  5. бас прокурордың нұсқаулары
  6. қаулы
  7. хат тама
  8. наразылық
  9. шағымдар
  10. жазбаша арыздар
  11. қылмыс істеді деп күдік туғызған адамдарды ұстау хаттамасы.
  12. бұлтартпау шарасын таңдау туралы қаулы.
  13. тергеу әрекеттерінің хаттамасы
  14. қорғаушының жазбаша ескертпесі
  15. азаматтық талап арыз
  16. қалау тілек
  17. сарапшының қорытындысы
  18. ешқайда кетпеу туралы қол хат
  19. прокурордың жазбаша ұсынысы.

Процессуалдық құжаттардың түсінігі әртүрлі болуына қарамастан құжаттардың өз белгілері болады. Олар: 1.құжаттар процеске қатысушылардың қызметінің құқықтық нысанын белгілейді.

  1. құүқықтық қатынастардың пайда болу шарты ретінде қолданылады.
  2. белгілі бір заңды салдарға алып келеді
  3. процессуалдық құжаттар бір-бірімен тығыз байланыста болады өз нысаны мен мазмұны бойынша заңдылық принципке сәйкес болуы қажет.

Осы аталған белгілер кез келген процессуалдық құжатқа тән болады. Қылмыстық процесте құжаттар атқаратын рөліне байланысты пайда болуына байланысты және сатысына байланысты бөлінеді:

  • іс жүргізуде атқаратын рөліне байланысты былай бөлінеді.

А) тергеу және сот әрекеттерін жүргізуді бекітетін олардың мазмұны мен нәтижесін бекітетін құжаттар

Б) қылмыстық процесте қабылдаған шешімдердің мазмұны мен сипатынбелгілейтін құжаттар

В) дәлелдемелер ретінде қолданылатын құжаттар

Г) іске қатысушылардың процессуалдық статусын белгілейтін құжаттар

  • пайда болуына байланысты құжаттардың бөлінуі:

А) қылмыстық процесті жүргізуге уәкілетті лауазымды адамдар мен органдар құрастырған құжаттар

Б) процесте өз құықтарымен мүдделерін қорғайтын адамдардың құрастырған құжаттары

В) іске қатысушы басқа да адамдардыңқұжаттары

  • қылмыстық іс жүргізу сатыларына байланысты бөлінетін құжаттар

А) қылмыстық істі қозғау сатысындағы құжаттар

Б) алдан –ала тергеу сатысындағы құжаттар

В) істі сотқа беру сатысындағы құжаттар

Г) істі сотқа алдын—алатыңдау сатысындағы құжаттар

Д) соттың негізгі талқылау сатысындағы құжаттар

Е) апелляциялық және касациялық сатыдағы құжаттар

Ж) үкімді орындау сатысындағы құжаттар

  1. Азаматтық талапкер ретінде тану

ҚІЖ заңына сәйкес хат тама ол процессуалдық құжаттардың бірі болып есептеледі. Осы құжатт арда тергеушінің немесе анықтаушының жасаған әр про цесссуалдық әрекеті және сот қарауындағы жасалатын әрекеттер белгіленеді. Тергеу әрекетінің хатамасы былай бөлінеді:

  • қылммыстық істі қозғау сатысындағы хаттамалар
  • істі алдын -ала тергеу сатысындағы хаттамалар

 Істі қозғаусатысындағы хаттамаларға мыналар жатады: а) қылмыс туралы ауызша арыз хаттамасы

б) оқиға болған жерді қарау хаттамасы

в) кінәсін мойындап келу хаттамасы

Алдын -алатергеу сатысына мыналар жатады:

А) қылмыс ты істеді деп күдік туғызған адамдарды ұстау хаттамасы

Б) күдікті адамдардан жауап алу хаттамасы

В) оқиға болған жерді қарау хаттамасы

Г) телефон әңгімелерін тыңдау хаттамасы

Д) тергеу тәжірибесінің хаттамасы

Е) беттестіру хаттамасы

Ж) куәдан жауап алу хаттамасы

З) жәбірленушіден жауап алу хаттамасы

И) айыпталушыдан жауап алу хаттамасы

К) айыпталушының және оның қорғаушысын істің материалдары ментаныстыру хаттамасы

Хаттаманы құрастыру үшін белгілі талаптар қойылады:

  • хаттаманы құрастыру уақыты, тергеу әрекетінің хаттамасы, негізгі сот талқылауының хаттамасы әрекет жасалып жатқан кезде құрастырылады. Ал егер оған мүмкіншілік жоқ болса әрекет жасалып болғаннан кейін тез арада құрастырылады.
  • хаттаманы жазу әдісі. Хаттаманы қол жаба ретінде құрастырылуы мүмкін немесе басылуы мүмкін. Тергеу әрекетінің кезегімен нәтижесі белгілі нысандағы бланкіде жасалуы қажет. Тергеу әрекетіне қатысушылар өз қолымен осы хаттамаға ескертпелер енгізілуі мүмкін.
  • талап қойылатын хаттаманың мазмұнында мыналар көрсетілуі қажет:

процессуалдық әрекеттің васалу орны және мерзімі: әрекетке қатысушы адамдардың тізімі және осы әрекетке қатысатын адамдардың түсініктемелері.

  • хаттамадағы басқа да жағдайлар: бұл жерде әрекетке қатысқан адамдарды хаттамамен таныстырып танысқаны жайлы қол қойылуы керек, хаттамаға енгізілген барлық өзгерістер жайлы арнайы көрсетпе васалу керек .

Процессуалықшешімдер өз құзіреті шегінде анықтаушы, тергеуші, прокуратура және сот органдарының қабылдайт ын актілері. Осы актілер арқылы процессуалдық қарым- қатынастар пайда болды, қатынастар өзгередінемесе тоқтатылады. Шешімдердіңтүрлері екі негід бойынша бөлінеді:

  1. мазмұны бойынша: міндетті шешімдер
  2. факультати втік шешімдер

міндетті шешімдер әр қылмыстық іс бойынша қабылданады. Мысалы.: қылмыстық істі қозғау туралы шешім.

Факультативті шешімдер белгілі бір жағдайда ған қабылданады. Мысалы: қылмыстық істі тоқтата тұру туралы, сараптаманы тағайындау туралы шешім.

  1. заңды күші бойынша заңы күшіне енген шешімдер және заңды күшіне енбеген шешімдер болады.
  2. Іс жүргізудің шығындары

Қылмыстық ізге түсу функциясынжүзеге асыру барысында бір факті бойынша түрлі өкілетті орган дарқылмыстық істерді дербес қозғап, сотқа дейінгі тергеудібір мезгіле жүргізетін жайттар пайда болуы мүмкін. Осы фактінің анықталуы бір адам және бір мән-жай бойынша екі іс жүргізілуінің дереу тиылуына әкеліп соғады. Өйтпегенжағдайда қайтадан соттауға және қылмыстық ізге түсуге жол беруге болмайтыны жөніндегі принциптің бұзылуына жол бері леді.

Бір оқиға жөнінде түрлі айыптаушларға қатысты істердің бөлек жүргізілуі қылмыстың тұтас көрінісінің қалпына келтірілуіне бөгет жасайтын жайттар қалыптасуы мүмкін, оның өзі сот төрелігінің мақсаттарына қол жетуін қиындатады. Осы жағдайды сол қылмыстық істерді бір іс етіп біріктіру жолымен жоюға болады.

Келтірілген және сол сияқты оқиғалар бір істі біріктіруге немесе бөлектеу шешімдер қабылдануын қжет етеді. Қылмыстық істі біріктіру және бөлектеу туралы мәселені дұрысшешудің маңыздылығы судьяның қылмыстық істі қосымша тергеу үін қайтару немесе істі бөлектеу құқығыменатап көрсетіледі.(ҚІЖҚ 303б, 1бөлік, 2 тармағы)

Қылмыстық істі біріктіруге тим салудың бір інші негізгі куәгерлік базаның бірлігі, ортақ жәбірленушінің бар екені бірнеше айыпталушы іс-әрекетініңөзара байланысты екенін білдірмейтінін көрсетеді. Қылмыстық істерді бір іске біріктіру үшін бір адамның кінәсі екінші адамның кінәсіне тікелей байланысты болуы қажет. Бірнеше айыпталушының бір жәбірленуші жөніндегі іс-әрекеттерінде сөз бай ласу, бірлесіп қатысу, келісіп Алу белгілерінің жоқтығы қылмыстық процесті түрлі айыпталушыларға қатысты бір қылмыстық іс шегінде жасауға мүмкіндік бермейді.

Тыйымның екінші негізінің мәні мынада: екі немесе одан адамның бір-біріне қатысты қылмыс жасауы оларды бір мезгіле жәбірленушімен айыпталушы жағына қояды. Іс жүзіндегі екі бәсекелесуші тұлғаның статустарын бір адамға тіркестіру заңмен берілген құқықтар мен жүктелген міндеттердің бірін-бірі жоққа шығаруына әкеліп соғады. Оның өзі бір адамға қарасты бір статусты артық санап, екінші статусты алып тастау оның Конституциялық құқықтары мен бостандықтарына екі бөлікте де елеулі қысым жасалуына әкеліп соғатынын білдіреді.

Заңдылықтың бұзылуына сөзсіз әкеліп соғатын мұндай жағдайға жол берму үшін ҚІЖК айыпталушылар бір-біріне қатысты қылмыс жасаған істер бойынша істерді біріктіруге тыйым салады.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!