Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңы және оның қайнар көздері

Құқықтың дамуы қандай заңдылықтарға бағынып, қандай факторлармен айқындалатын болса, құқық көздерінің дамуы да жалпыалғанда сондай заңдарға бағынадыжәне сондай факторлармен айқындалады.

ҚР-сы өткеріп жатқан өтпелі кезеңге қатыстыкез-келген құқық саласы, соның ішінде қылмыстық іс жүргізуқұқық көздерінің жай-күйіне тән ерекшелік – құқық мазмұнының құрылымы, жүйесі шегіндегі, демек құқықмазмұны шегіндегіолардың гетерогенді (әр текті) сипаты.

Құқық көздерінің әр текті ұлттық құқық жүйесінің қалыптасуының процесі факторларға байланысты. Сондай факторлардың ең елеулілері мыналар:

  • заңдардың өтпелі кезенде қолданылуының ерекшеліктері;
  • бұрын қолданылған құқық көздерінің жойылуы немесе құруы;
  • бұрын қолданылған құқық көздерінің қалыптасуы;
  • бір бөліктерде ұлттық құқық қалыптасуын процесінің серпінділігі, жеделдігі, басқа бөліктерде – кешеуілдеу феноменінің ықпал етуі,
  • құқықтық рецептуралық феноменнің байқалуы, соған байланысты ұлттық құқық үшін жеткілікті түрде елеулі факторларды теңдестіруқауіпі пайда болады.

Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасы деп заң шығару қызметін жүзеге асыратын ең жоғарғы мемлекеттікөкілді орган (Парламент) қабылдаған әне қылмыстықсот ісін жүргізудіңтәртіб мен мазмұнын айқындайтын нормативтікқұқықтық актілер жиынтығын айтамыз. Бұл құқықтық актілер Қазақстан Респбликасы тәуелсіздік алғаннан кейін,соның ішінде 1994 жылдың 12 ақпанында бекітілген құқықтық реформаныңМемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру кезінде қалыптасты.

Заңнанаманың ерекшемаңызы онда қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жүйеленіп тұжырымдалатынболғандықтан, ол қылмыс іс жүргізу құқығының негізгіқайнар көзі болып табылады.

2.Қылмыстық іс жүргізузаңдары менқылмыстықіс жүргізуқұқығыныңбайланысы.

Қылмыстық іс жүргізу заңнамасына жататын құқықтық актілерҚІЖҚ-нің 1-бабында көрсетілген. Осы бапта жазылғандай, Қазақстан Республикасының Конституциясының Қылмыстық іс жүргізу кодексімен айқындалады. Бұл заңдармен қатар, қылмыстық іс жүргізукезінде өзге дезаңдарды қолдану қажетболғандығыжөнінде осы бапта жазылған. Осы айтылғандарға сәйкес, қылмыстық іс жүргізу тәртібін реттейтін заңдар, олардың басым күшіне қарай, мынадай бірнеше деңгейге бөлінеді:

  1. Қазақсатн Республикасының Конституциясы — ең жоғарғы күші бар және тікелейқолданылатын заң.
  2. Конституциялық заң. Атап айтқанда, 2000 жылғы 25 желтоқсанды шыққан “Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы” конституциялық заң қылмыстық сот існ жүргізу саласында қолдануға жатады.
  3. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі. Бұл кодекспен конституциялық заң ережелерінің арасында қайшылық болған жағдайдаконституциялық заңныңережелер қолданылуға тиіс (ҚІЖҚ-нің 2-бабының 2-бөлігі)..
  4. Өзге заңдар. Өзге заңдар мен ҚІЖҚ-і ережелерінің арасында қайшылық кездесетін болса, онда жағдайда Кодекстіңережелері қолданылады (2-бабының 2-бөлігіне сәйкес). Бұл топқа Қазақстан Республикасынының мына заңдары жатқызылады: Қазақстан Республикасынның прократурасы туралы (1995 жылғы 21-желтоқсандағы), Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы (1995 жылғы 21-желтоқсандағы), Қазақстан республикасыныңішкі істер органдары туралы (1995 жылғы 21-желтоқсандағы), Жедел іздестіруқызметі туралы (1994 жылғы 15-қыркүйектегі), Қазақстан Республикасы Кеден ісі туралы (1995 жылғы 20-шілдедегі), Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы (1998 жылғы 26-маусымдағы), Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттікқорғау туралы (2000 жылғы 5 шілдедегі), Адвокаттық қызмет туралы (1997 жылғы 5-желтоқсандағы), Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдары туралы(2002 жылғы 4-шілдедегі), Әділет органдары туралы (2002 жылғы 18-наурыздағы), Алқабилер туралы (2006 жылғы 16-қаңтардағы) және т.б.
  5. ҚР қылмыстық іс жүргізу заңдарыныңпайдаболуымендамуы.

Жоғарыда аталған заңдарды олардың басым күшіне қарай дәрежелеумен қатар, ол аңдардың қылмыстық іс жүргізусаласында қолдану көлеміжөнінде де айту қажет. Яғни, қылмыстық іс жүргізу тәртібі толығымен ҚІЖҚ-нің нормалармен реттелгендігін біле отырып, басқа заңдардың бұл саладакейбір жеке мәселелер бойынша қолданылатындығынескеру керек.

Қорыта айтқанда, ҚазақстанРеспубликасы Конституциясының 4-бабының және ҚІЖҚ 1-бабының негізінде,қылмыстық іс жүргізу құқығының қайнар көздері мынадайтоптарға бөлуолардың сипатымен иерархиялық құрамына (жоғарыдан төмен) сәйкес келеді:

  • Қазақстан Республикасының конституциясы;
  • Конституциялық заң, ҚІЖҚ және өзге заңдар;
  • Халықаралық шарттар;
  • Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі мен Жоғарғы Сотының қылмыстық сот ісін жүргізу тәртібіне байланысты мәселелер бойынша нормативтік қаулылары;
  • Өзге нормативтік құқықтық актілер.

Қазақстан мемлекетінің қылмыстық іс жүргізу заңнамасының қалыптасуы Кеңес Одағы кезіндегі заңдардың қалыптасып дамуыментығыз байланыстыболып табылады. Сондықтан бұл мәселені Кеңес өкіметі орнатылған кезден бастап қарастыру қажет. Атап айтқанда,Кеңесөкіметінің алғашқы 1917-18 жылыдарында қабылданғансо туралы №1,2 және №3 деректерге сәкес Қазан революциясына дейін болған соттар жойылып, олардың орнына жаңа, социалистіксоттардықұру қолға алынды. Бұл деректер негізінен жаңа соттарды құру және ұйымдастырумәселелеріне арналып, ал іс жүргізудің процессуальдық мәселелерін толық түрдеқамти алмады. Бірақ, кейбір мынадаймаңызыды ережелердіңол декреттердебелгіленгендігін айту қажет:қылмыстық істердің басым көпшілігін жергілікті халық соттарының қарауына беру; аппеляциялық шағымдануды жойып, оның орынан кассациялықтәртіппен іс жүргізуді еңгізу;істерді қарапшешу үшін Кеңес өкіметінің декреттерін және ревалюциялық ар-ождан мен социалистік құқықтық сана-сезімджі басшылыққа алу қағидасы. Бұлармен қатар, сотта істі қараудың жариялығы, айыпталушыныңқорғану құқығы, сот ісін ұлттық түрде жүргізу қағидаларыда сот туралы деректерде бекітілген болатын.

ХХ ғаысрдың аяғында Кеңес Одаы ыдырап, Қазақсатн тәуелсіздікке ие болғаннан кейінқұқық салаларында да жаңа даму кезеңібасталады.

  1. ҚР қылмыстық іс жүргізузаңдарыныңқазіргікездегіжүйесі.

1997 жылы қабылданған ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі – қылмыстық іс жүргізу тртібінреттейтін құқықтың нормалар жүйеленген түрде жазылған арнайы заң болып табылады. Оған дейін қолданылып келген ҚазақКСР-ның заңымен салыстарғандаКодекстің көптеген маңызды ерекшеліктерінатап көрсет қажет.

  1. Бұл Кодекс жаңа концептуальдық негіз есебінде адам құқықтарымен бастандықтарын қорғау мақсатын алға қойып, процеске қатысушы адамдардың құқықтарын қаматамасыз етудің кепілдіктерін күшейтугебағытталған жне осыған байланысты бұл салада халықаралық жалпыпринциптері мен нормаларыныңбасымдылығынмойындайды деп тануға жатады.
  2. алғаш рет сот төрелігін атқару қызметі қылмыстық ізге түсу (айыптау) функциясынан анық бөлектеніп, соттың қылмыстық істі мәні бойыншабойынша қарап шешуіайыптау және қорғаутараптарының бәсекелестігі мен олардың тең құқықтылығының негізделетіндігіқылмыстық іс жүргізудіңбасты принциптерінің бірі ретінде көзделген.
  3. ҚР ҚІЖҚ-де прокурордың мемлекеттік айыптаушы ретінде басты сот талқылауынақатысуы міндетті деп көрсетілген.
  4. ҚІЖҚ-де қылмыстық процестерді жаңа құқықтық саясатқа сәйкес толықтырылып, олардың ішінде кейбір принциптер алғаш ретжеке нормалар түрінде жазылып бекітілген.
  5. Кінәсіз ада айыпталған немесе сотталған болса, оның дереу және толық ақталуын қамтамасыз ету институты алғаш рет ҚІЖҚ-де қамтылып отыр.
  6. Қылмыстық процесте диспозитивтік принциптің қолданылуын ұлғайту мақсатында жеке айыптау жне жеке жариялыайыптау тәртібімен жүргізілуге жататын қылмыстырдың түрлері ҚІЖҚ-де көбейтіліп көрсетілген (33-34-баптар).
  7. Қазіргі ҚІЖҚ-не сәйкес, соттың өкілеттілігіне қылмыстық істі түсу органдарының әрекеттерімен шешімдеріне шағымдарды қарау қосылған.
  8. Қолданыстағы ҚІЖҚ-де дәлелдемелердің заңды болуын қамтамасыз етуге бағытталған процессуалдық кепілдіктер күшейтілген.
  9. ҚЫЛмыстық істің заңға сәкес жүргізіліп, оның дұрыс шешілуін қамтамасыз ету және мүдделіадамдардың құқықтарының кепілдіктерінарттыру мақсатындапроцеске қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары және оларды оларды қолдану тәртібіалғаш рет ҚІЖҚ-де реттеліп көрсетілген. Осыған баланысты Кодекске жаңа тарау енгізілді.
  10. Қылмыстық ізге түсуден иммунитетті бар адамдарға қатысты қылмыстық іс жүргізудің ерекшеліктері алғаш рет Кодексте реттеліп,бұл ҚІЖҚ-не арнайы тарау енгізілді.

11.ҚР қылмыстық іс жүргізу органдардың шет мемлекеттердің құзіретті органдарымен жәнелауазымды адамдармен өзара байланысты қызметатқарудың негізгі ережелері ҚІЖҚ-нің арна-йы тарауындабаяндалған.

12.Сотқа дейінгі өндіріс бойынша анықтау жүргізудің шарттары және процессуалдық тәртібі өзгертілді.

  1. Бірінші саты сотындағы өндірістің атаулары өзгертілді және оның жүргізілу тәртібіне өзгерістер еңгізілді.
  2. Қылмыстық істер бойынша бұрын қолданылып келген бұлтартпау шаралары толықтырылып, олардың жана түрлеріретінде кепілжәне үйде қамап ұстаушүараларын қолдану тәртібі белгіленді.