БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРУҒА СОТТАЛҒАНДАРДЫҢ ЕҢБЕГІНЕ АҚЫ ТӨЛЕУ

Бас бостандығынан айыру жазасына сотталғандарды медециналық-санитарлық қамтамасыз ету – жазаны өтеу және атқару мәселесінен туындайтын қатынастын бір түрі болып табылады. Сотталғандарға ҚР-ның заңдарымен түзеу мекемелерініңішкі тәртіп ережесінесәйкес емдеу-профилактикалық және санитарлық-гигиеналық көмек ұйымдастырылады және беріледі.

Бас бостандығына айыруғасотталғандарға медециналық көмекті беру тәртібін ҚР-ның Әділет министрлігімен ҚР-ның денсаулық сақтау министрлігі бірлесе отырып анықтайды.

Бас бостандығынан айыруорындарында емдеу-профилактикалық мекемелер, ал жұқпалы аурумен ауыратын сотталғандар үшін емдеу-түзеу мекемелері ұйымдастырылған. Мұндай емдеу жұмысымен айналысатын мекемелер өзара сотталушының ауруының қауіптілік деңгейіне байланысты ажыратылады. Барлық түзеу мекемелерінде емдеу қызметімен айналысатынемханалар ұйымдастырылған.Түзеу мекемесінде поликлиника ғана болғанда сотталғандар тек амбулаториялық емдеуді пайдаланады. Сонымен қатар, түзеу мекемсі ірі мекеме болып саналғанда немесе ол түзеу мекемесіндегі сотталғандардың саны басқа түзеу мекемелерімен салыстырғанда көп деп танылғанда, стационалрлық емдеуді жүргізу мақсатындаемдеу-профилактикалық орын жұмыс істейді. Түзеу мекемесіндегі емдеу-профилактикалық орындар аурухыналартүрінде, арнаулы психиатрия, туберкулез ауруханалары және медециналық бөлімдер ретінде жұмыс істеп, аталған науқас түрлері бойыншаұйымдастырылады. Ал, науқастың ауру өміріне қауіпті деп танылғанданемесе туберкулездің ашық түрімен, алкоголизммен, нашақорлықпен ауыратындарды, ВИЧ жұқтырған сотталғандарды емдеу үшін арнайы емдеу-түзеу мекемелеріұйымдастырылып, мұндай ауру сотталғандар жаза өтеу орнынан емдеу-түзеу мекемесіне жіберліледі. Емдеу-түзеу мекемелеріемдеудімәжбүрлі түрде жүргізеді.

Түзеу мекемелерінің медециналық-санитарлық бөлімі сотталғандарға дәрігерлік көмек көрсетіп қана қоймай санитарлық бақылау жәнепрофилактикалықшараларды да жүргізеді. Медециналық-санитарлықбөлімде амбулатория, стационар, аптека тәрізді т.б. дәріге-рлік көмек көрсете алатын кабинеттер болады.

  1. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың еңбегіне ақы төлеу ерекшелігі

Медициналық-санитарлық бөлім – түзеу мекемесінің тұрғын колониясында орналасады, ол сотталғандар жұмыс істейтін өндірістік колонияда алғашқы медециналық көмек көрсету үшін, әрбір жеке жұмыс орындарында дәрі-дәрмек қобдишалары (аптечка) болады және кейбір өндірістік колонияларда медпункттер жұмыс істейді.