СОТТАЛҒАНДАРДЫҢ ЕҢБЕГІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

Сотталғандардың еңбегі санитарлық – гигиеналық талаптарға сай, қауіпсіздік техникалары қамтамасыз етілген, адам денсаулығы мен өміріне тікелей зиянсыз жағдайда қолданылуы керек. Сонымен қатар, олардың еңбек ету орындары және жұмыс құралдары қазіргі дамыған техникалармен жабдықыталуы тиіс.

Түзеу мекемелерінің әкімшілігі сотталғандардың жынысын, жасын, еңбеке қабілеттілігн және мүмндгінше мамандығын ескере отырып, еңбекке тартуы керек. Бұл ереже – адамның еңбекке дегендегікөзқарасына елеулі тәрбиелік ықпал жасап, сотталғандардың бірте-бірте біліктілігін арттыруына жағдай жасайды. Түзеу мекемелері сотталғандарды еңбеккетартқанда мамандықтарын ескеру керек. Бірақ бұл ереженің барлықжағдайларда сақталуы мүмкін емес.

Сотталғандымамандығына сай еңбекпен қамтамасыз ету түзеу мекемесінің қызметіне қауіпті және оның қылмыс жасау уақиғасымен байланысты болғанда, жүргізілмейді. Түзеу мекемесі мұндай жағдайда, ол сотталғандымамандығы бойынша емес басқа жұмыстарға жіберіп, басқа мамандықтар бойыншабоынша оқыту жұмысын жүргізу алады. Сотталғанға негізгі жазамен қатар қосымша жаза ретіндебелгілі бір лауазымды иелену немесе белгілі бірқызметпен айналысуқұқығынан айыру жазасы тағайындалғанда, түзеу мекемесі әкімшілігінің ол сотталғанға сол мамандық бойынша жұмыс беруге құқысы жоқ. Түзеу мекемелеріндегі “ішкі тәртіп ережесі” сотталғандарды түзеу мекемесі қызыметкерлері жұмыс істейтін штабтарда, үй-жайларда, құжаттар, қару, радиотелеграф, телефон, телефакс, дәрі-дәрмек сақталатын және берілетін, сондай-ақ жарылғыш заттар мен улы заттар сақталатын жерлердегі еңбекке тартуға тиым салады. Сонымен қатар, сотталған адамдар оперативтік машиналардың айдаушысы, сатушы, кассир, бухгалтер, тұрмыстық заттарсақталатын қойма меңгерушісі болып жұмыс істегежіберілмейді.Мұндай жұмыстарғатүзеу мекемесі әкімшілігі жалдамалы қызметкерлерді тартады.

Егер бас бостандығынан айыру жазасын өтеушілерге түзеу мекемесі әкімшілігі айдауылсызжүруге арнайы қаулы шығармаса, онда күзет пен бақылау жағдайында жұмыс істейді. Бұл ереже – сотталғандарды әртүрліменшік нысанындағы жұмыстарға тарту кезінде де сақталады. Түзеу мекемесіне өзге тапсырыс, жұмыстар келіп түскенде, сотталғандарға ол жердегі жұмыстарғатек қауіпсіздік шаралары қамтамасыз етілгендежіберіледі.

Сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру — әр бір түзеу мекемесінің күрделі мәселелерінің бірі болып табылады. Түзеу мекемелері бұл талапты іске асыруды сотталғандарға білім беру мен мамандыққа даярлаудан бастайды.

Сотталғандардың еңбегін ұйымдастырудың мынадай нысандар бар:

  • жазаны атқарушы мекеменің кәсіпорындары;
  • түзеу мекемесіндегі немесе одан да өзге жерлердегі кез келген меншік нысандағы мекемелердің жұмыс объектілері;
  • жазаны атқарушы мекеменің меншікті өндірістері;
  • жазаны атқарушы мекемелердің және тергеу изоляторларының шаруашылық жұмыстары.

Бас бостандығынан айыру жазасына сотталған адамдардың еңбегін түзеу колонияларының өзіндегі кәсіпорындарда пайдалану – түзеу мекемесіне де, қоғамға да ыңғайлы. Яғни сотталғандар түзеу колониясының өндірісінде еңбек еткендеғ қоғам қауіпсіздігіне қауіп туындамайды. Түрмеде жаза өтеушілердіңеңбегі түрмеаумағында ұйымдастырылады, Кеңес үкіметі уақытында түзеу мекемелерінетапсырыс мемлекеттарапынан жүргізілгендіктен, соталғандар түзеу мекемесінің аумағына жататын кәсіпорындарда еңбек етті. Қазіргі меншік нысандарының көбеюі және түзеу мекемелерінежұмыс тапсырыстарының мемлекет тарапынанретті түрде жүргізілмеуі сотталғандардың еңбегін үйымдастырудың басқа да түрлерінінің пайда болуына әкелді.

  1. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды құқықтық реттеу

Бас бостандығынан айыруға сотталғандар жаза өтеу орындарында еңбекке тартылып, ол үшін еңбек ақы алуға құқылы. Жұмыс уақытының белгіленген нормасын толық істеген және өздеріні еңбек міндеттерін немесе жұмыс нормаларын толық орындағансотталғандардың айлық табысы ең төменгі айлық табыс мөлшерінен кем болмауы керек. Түзеу мекемелері жұмыстың түріне, оның ауырлығына қарай әртүрлі бағалар белгілейді. Бұл бағалар, әдеттегі түзеу мекемесіне жатпайтын мекемелердегібағалармен бірде бола бермейді. Бірақ сотталушыныңеңбегн қанайтындай өте төмен баға белгіленбеуі керек. Сотталғандардың айлық табысы олардың жеке есеп шотына жазылады және заң бойынша рұқсат етілген қажеттіліктерін, осы қаражат есебінен қолма-қол есеп айырыспай сатып алады. Олардың жеке есеп шотына айлық табысынан заңбойыныша ұсталынатын шығындар өтелгеннен кейін қалған соммасы жазылады.

Сотталғандардың еңбегіне ақы шығарған өкімінің санына, сапасына қарай төленеді.Түзеу мекемелері сотталғандардың еңбегін ай ішінде орындаған жұмыс сағаттарына және жасаған жұмыстарының санына қарай бағалайды және ақы төлейді. Қазақстандағы көпшілік түзеу мекемелері, ақылы орындалған жұмыс сағаттарынақарай төлейді. Еңбекті бағалаудың мұндай түрінің қалыптасу себебі – ол сотталғандардың үстінен үнемі әкімшілік қызметкерлерінің бақылау жүргізуіне байланысты.

Сотталғандардың үстінен үнемі бақылау орын алғанда, жаза өтеушілер жұмыс оырндарын себепсіз тастап кете алмайды да, үнемі жұмыс сағаттарын орындайды. Оларға ұзақ еңбек еткен жылдарына сыйлық ретіндегі және ауыр климаттық жағдайларда жұмыс істегендігі үшін, жасалатын жеңілдіктер мен үстеме ақыларды қоспағанда, әдеттег мемлекеттік кәсіпорындарда кездесетін айлығына үстеме ақша, үстеме ақы, сыйақы сондай-ақ, коэффициенттер тәрізді қосымша ақшалар да беріле алады.

Өндірілген товар немесе орындалған жұмыс – сотталғанның кінсінен жарамсыз (барк) деп танылғанда, ол жұмыстар үшін ақы төленбейді. Ал, товар сотталғанның емес, басқа себептерге байланысты жарамсыз деп танылғанда, сотталғанға ол жұмыстың құны төменгі ақымен төленеді.

Сотталған сот үкімінен кейін түзеу мекемесіне келіптүскенде, оған болашақ орындайтын еңбегінің есебінен аванс ақша төленеді. Аванс – 1 айдың ішінде азық-түлік өнімдері мен бірінші кезектегі қажетті заттарды сатып алатындай айлық есеп көрсеткіші мөлшерінде беріледі. Ал, қоныстану колонияларындағы аванс – сотталғанның айлық табысы мөлшерінде белгіленеді.

Бас бостандығынан айыру жазасын өтеуші сотталғандардың материалдық-тұрмыстық заттармен қамтамасыз етілу мөлшері, түзеу мекемесінің түріне, сотталушының жасына, жынысына, денсаулығына қарай әр түрлі көлемде белгіленеді. Мысалы ретінде сотталғандардың мынадый топтарынкелтіруге болады:

  1. түзеу колонияларында жаза өтеуші адамдарға белгіленген нормалар;
  2. түзеу колонияларында жаза өтеуші әйелдерге белгіленген нормалар;
  3. түрмеде жаза өтеушілердің нормалары;
  4. кәмелетке толмағандарға белгіленген нормалар;
  5. жүкті әйелдер мен емізулі баласы бар әйелдердің нормалары;
  6. аранйы емдеу-түзеу мекемелеріндегі ауру сотталғандарға белгіленген нормалар;

Түнгі ауысымдағы жұмысқа шығарылатын сотталғандарға, түнгі уақытта қосымша тамақ беріледі.