Режимді белгілеудің және өзгертудің тәртібі

Түрменің шаруашылық жұмыстарын орындау үшін ауыстырылғандар түзеу колонияларының жалпы режимі жағдайында жаза өтейді. Олар түрмеде жаза өтеушілердіңтобына жатаханамен басқа сотталғандардан бөлек тұрғын- жайларда және сыртынан жабылмайтын жалпы камераларда тұрады.Олар күніне 2 сағаттық сейілдеуді пайдалана алады. Ал посылка, бандероль, сәлемдемелер алуының және кездесулер өтткізуінің саны, сондай-ақ қажетті рұқсат етілген заттарды сатып алуының мөлшері – жалпы режимдегі түзелу колонияларының жаза өтеу жағдайлары мен сәйкес беріледі.

Сотталған сот- тергеу қызметі үшін түрмеге уақытша ауыстырылғанда, түрме тергеу изоляторының ролін атқарады. Сот тергеу жұмыстары үшін сотталушы мынадай жағдайларда түрмеге ауыстырылуы немесе тергеу изоляторында қалдырылады:

  • басқа адам жасаған қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттерін жүргізу қажет болғанда, жазаны түзеу немесе тәрбиелеу колонияларында өтеп жатқан сотталған, ҚР –ның қылмыстық іс жүргізу заңында белгіленген мерзімге тегеу изоляторына қалдырылады немесе түрмеде ауыстырылады.
  • Басқа адамдар жасаған қылмыс бойынша қозғалған іске, сот ісіне қатысу қажет болған жағдай сотталған соттың қаулысы бойынша тергеу изоляторында немесе түрмеге қалдырылады.
  • Сотталған адам басқа қылмыстық іс бойынша қылмыстық жауапқа тартылып, осы жағдай үшін тергу органдары арқылы бұлтартпау шарасын қолдану ретінде қамауға алынса , қылмыстық іс жүргізу заңында белгіленген уақытқа дейін тергеу изоляторында қалдырылады немесе түзеу колонияларынан түрмеге ауыстырылады.

Сотталғандар айыптық оқшаулау орындарынакамералық тұрғын-жайларға немесе жаллғыз адамдық камераларға жаза өтеудің тәртібін қасақана бұзған жағдайда, жазалау шарасы ретінде ауыстырылатындыға белгілі, жазаны мұндай жерлерде өтеудің де өзіндік ерекшеліктері бар.

14 пен 18 жас арасында қылмыс жасағандығы үшін бас бостандығынан айыру жазасына сотталған кәмелетке толмағандар жазаны тәрбиелеу колонияларында өтейді. Тәрбиелеу колонияларының ересектерге арналған түзеу колонияларынан біршама ерекшеліктері бар. Қылмыстық –атқару заңы 14 пен 18 жас арасында жасөспірімдердің әлі толық қалыптаспағандығын ескере отырып, оларға жаза өтеу барысында көптеген жеңілдіктер өтеудің тәртібі мен жағдайларынан байқалады.

Кәмелетке толмағандарғақылмыстық заң біршама жеңілдіктерді келтірген. Ең алдымен оларға бас бостандығынан айыру жазасы жиі тағайындала бермейді. Кәмелетке толмаған адамның қылмысы маңызы ауыр емес немесеорташа ауыр болып саналғанда шартты соттау немесе тәрбиелік сипаттағы мәжбүрлеу шаралары тағайындалады. Оларға бас бостандығынан айыру жазасы, жасалған қылмыс ауыр немесе аса ауыр болып саналады, ең соңғы шара ретінде тағайындалады.

Кәмелетке толмағандар бас бостандығынан айыру жазасы ең жоғарғы мерзімге дейін, яғни 15 жылға дейін тағайындалмайды. Оларға бұл жаза ең ұзақ дегенде 12 жылға дейін тағайындала алады. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандар өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы және өлім жазасына тартылмайды.

Ал, күшейтілген режимдегі тәрбиелеу колонияларында, бұрын бас бостандығынан айыру жазасына сотталғандар ер жыныстылар жаза өтейді.

Тәрбиелеу колонияларында бұрын бас бостандығынан айыру жазасын бір-бірінен бөлек өтейді.

  1. Режимді өзгертудің тәртібі

Тәрбиелеу колонияларында жазаны өтеудің қатаң, дағдылы, жеңілдетілген және жеңілдікті жағдайлары белгіленген. Кәмелетке толмаған сотталушы сот үкімінен кейін колонияға келіптүскенде, бастапқы кезде жазаны дағдылы жағдайда өтейді. Сонымен қатар, дағдылы жағдайда, жазаны өтеудің қатаң жағдайынан көтермелеу шарасы ретінде ауыстырылғандар мен жеңілдетілген жағдайдан жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзғандығы үшін жазалау шарасы ретінде ауыстырылғандар өтейді.

Тәрбиелеу колонияларындағы сотталғнадарды жазаны өтеудің бір жағдайынан басқасына ауыстыру мәселесін, колонияның оқу- тәрбие жұмысымен айналысатын кеңестің бастыға жазаның әр түрлі жағдайларына ауыстыру жұмысын жүргізгенде, қылмыстық –атқару заңында белгіленген мына ережелерді ескеруі тиіс.

Бас бостандығынан айыру жазасын алғаш рет өтеп жатқан барлық сотталғандар, дағдылы жағдайда жаза мерзімінің кемінде үш айын өтеу кезінде оқу мен еңбекке адал қараған және жаза өтеудің тәртібін бұзушылығы болмаған жағдайда, жеңілдетілген жағдайға ауыстырылады. Ал, бұрын бас бостандығынан айыру жазасын өтеген ер өтегеннен кейін еңбекке, оқуға адал қараған жағдайдажеңілдетілген жағдайға ауыстырылады.

Жазаны жеңілдетілген жадайда өтеп жүргендер “жаза өтеудің белгіленген тәртібін қасақана бұзушы” –деп танылғанда, жеңілдетілген жағдайдан дағдылы жағдайға ауыстырылады. Мұнан кейін жеңілдетілген жағдайға қайта ауыстыру 3 айдан кейін немесе бұрын бас бостандығынан айыру жазасына тартылған болса, онда 6 айдан кейін, тәртіп бұзушылығы болмаған жағдайда ғана жүргізіледі.

Тәрбиелеу колонияларындағы жаза өтеушілердің құқықтық жағдайлары жалп режимде де, күшейтілген режимде де бірдей көлемде белгіленген.

Жазаны дағдылы жағдайда өтеп жатқан кәмелетке толмағандар, тәрбиелеу колонияларының аумағындағы жатаханаларда тұрады. Олар азық-түлік өнімдері мен бірінші кезектегі қажетті заттарды өздерінің жеке есеп шотындағы қаражатынан 5 айлық есеп көрсеткішіне дейін сатып ала алады және жыл шінде 8 посылка, 8 сәлемдеме және 8 бандероль алуға құқылы.

Қылмыс жасаған адамға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау кезінде, соттар режимнің түрінде анықтайды.