БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРУ МЕКЕМЕЛЕРНДЕГІ РЕЖИМДЕ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҚҰРАЛДАРЫ

Түзеу мекемелеріндегі режимді сақтау-режим мазмұнымен іске асырылмайды. Режимнің сақталуын қамтамасыз ету үшін режим мазмұны мен талаптарының қорғалуын іске асыра алатындай заң нормаларымен блекітілген құралдар болуы керек.

Қылмыстық атқару заңының кейбір нормалары, бағыты бойынша заңдылық пен тәртіпті сақтауға бағытталып, ол үшін біршама тәсілдер келтіреді. Режимнің сақталуна құрал болып табылатын нормалар, ең алдымен түзеу мекемесі әкімшілігі қызметкерлеріне қатысты болып табылады.

Режимнің қамтамасыз ету құралдары дегеніміз: бас бостандығынан айыру орындарындағы режимнің бір қалыпты сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған заңмен белгіленген түзеу мекемеснің қызметі болып табылады.

Бұл қызмет мынадай құралдарарқылы іске асырылады:

  • қылмыстық атқару заңының талаптарын түзеу мекемелері қызметкерлерінің бұлжытпай орындауы
  • сотталғандарды күзетпен қамтамасыз ету
  • сотталғандарға бас бостандығынан айыру орындарында әкімшілік тарапынан бақылау жүргізу
  • сотталғандарға мадақтау және жазалау шараларын қолдану
  • сотталғандарға қауіпсіздікті шараларын қолдану
  • түзеу мекемелерінде оперативтік- іздестіру қызметінің жұмыс істеуі.

 Түзеу мекемесі қызметкерлері жаза өтеу мәселесінің дұрыс, әрі заңды түрде жүргізілуі үшін, қылмыстық атқару заңының және осы салада шығарылған өзге де нормативтік актілердің талаптарын сақтауға міндетті. Режим талаптары сақталмаған немесе әкімшілік тарапынан заңсыздыққа жол берілген жағдайда, түзеу мекемесіндегі режимге қарасты өмір бұзылуы мүмкін. Олар өз қызметтерінде заң талаптарын сақтаумен қатар, адамгершілік қағидасын дұрыс игеріп, моральдық-этикалы тұрғыдан өзгелерге өнегелілік көрсетіп, адаммен жұмыс істеу барысында педагогтық парасаттылықты таратуға ұмтылуы керек. Себебі, бұл қызметкерлердің мақсаттары түзеу мекемесіндегі тыныштықты сақтауға ғана емес, сонымен біргесотталғандарды тәрбиелеуге, қылмытылықтың алдын алуға бағытталған.

Түзеу екемелерінің әкімшілік қызметкерлері өздерінің жасаған заңсыз іс-әрекеттері мен сотталған адамдарға деген адамгершілікке жатпайтын қылықтары үшін заң алдында жауапкершілікке тартылады. Олар бір жылдың ішінде қайталап тәртіптік шараға тартылмайды. Заң талаптарын көрінеу қайталай бұзғандығы үшін, әкімшілік қызметкерін екінші ретінде жұмыстан шығарып жібереді.

Қылмыстық атқару заңында қарастырылған мадақтау шараларын, деңгейіне және маңыздылығына қарай үшке бөліп қарастыруға болады.

Бірінші топ қарапайым және бастапқы қолданылатынмадақтаулар болып табылады, оларға мыналар жатады:

  • алғыс жариялау
  • сыйақы беру
  • қосымша посылка немесе сәлемдеме алуға рұқсат беру
  • телефон арқылы қосымша сөйлесуге рұқсат беру
  • қосымша қысқа немесе ұзақ мерзімді кездеуге рұқсат беру
  • мереке күндері азық-түлік өнімдері мен бірінші қажеттегі заттарды сатып алуға, бір айлық есеп көрсеткішіндегі сомада қосымша ақша жұмсауға рұқсат беру
  • бұрын тағайындалған жазалау шарасын мерзімінен бұрын алып тастау

Сонымен бірге, қоныстану колонияларында жаза өтеуші сотталғандарға, осы аталған мадақтау шараларын басқа, мереке және демалыс күндері қоныстану колониясының аумағынантысқары жерде қыдыруға рұқсат беріледі.

Бұл мадақтау шаралары сотталушының еңбекке адал қарағандығы, оқуды үздік оқығандығы, тәрбиелеу жұмстарына, сондай-ақ сотталғандардың өзіндік үйірмелеріне ат салысқандығы үшін көзге түскенде және өзінің түзелу жолына түскендігін байқатқанда, мынадай екінші топтағы көтермелеу шаралары қолданылады:

  • түрмеде түзеу колониясына ауыстыру
  • жалпы және қатаң режимдегі түзеу колонияларынан қоыстану колонияларына ауыстыру.

Мұндай жеңілдік шаралары сотталушы түзелу бағытына түскен жағдайда қолданылады. Сондықтан бұл шараларды көтермелеу шаралары ғана емес, жеңілдік деп түсінуге де болады. Мұндай жеңілдік шарасына тартылған адам, негізгі өтеп жатқан жазасында қанша мерзім қалса, сонша мерзім жеңілірек жазамен өтейді. Кейбірсотталған адамдарың тобына бұл жеңілдік шаралары қолданылмайды.

Үшінші топтағы жеңілдік шараларына мыналар жатады:

  • жазадан шартты түрде ерте босатуға ұсыну
  • кешірім жасау туралы ұсыныс шығару.
  1. Түзеу мекемелеріндегі режимді қамтамасыз ету құралдары

Бұл жеңілдік шаралары сотталған түзелу бағытына түсіп қана қоймай өзінің түзелгендігін әкімшілігі аталған жеңілдік шарасын қолданғанда оларда сотталғанның түзелгендігне күмән болмауы керек. Түзеу орындарының және жазаның негізгі мақсаты- сотталғанды түзеу болғандықтан, жаза өтеп жатқан адам өзінің түзелегендігінбайқатқанда , ол адамды әрі қарайтүзеу орнында ұстаудың еш мағынасы жоқ. Сотталғандардың түзелегендігін немесе бұзылап бастағандығынанықтап, ған шара қолдану үшін, әрбір түзеу калониясында кымиссия жұмыс істейді.

  • Сотталғандарға тағайындалатын жазалау шаралары екі топқа өлуге болады.

Бірінші топтағылар соттаушының тәртіп бұзуының түрі мен оның ауырлық деңгейіне қарай қолданылады.

Оларға мыналар жатады:

  • Ескерту немесек сөгіс;
  • Екі айлық есеп көрсеткіші мөлшеріндегі тәртіптік айыппұл;
  • Түзеу калониясында және түрмеде жаза өтеуші сотталғандарды 15 тәулікке айыптау оқшавулау орнына қамау;
  • Жалпы және қатаң режимдердегі түзеу калонияларында жаза өтеудің белгіленген тәртібін қасақана бұзушы деп танылған сотталған ер адамдарды камералық үлгідегі уй-жайларға, ал ерекше режимдегі калонияларда жалғыз адамды камераға 6 дйға дейінгі мерзімге ауыстыру;
  • Жаза өтеудің белгіленген тәртібін қасақана бұзушы сотталған әйелдерді 3 айға дейінгі мерзімге камералық үлгідегі үй жайларға ауыстыру;
  • Бас бостандығынан айыру жазасын қоныстану калонияларында өтеушілерге жазалау шарасы ретінде калония аумағында тыс жерлерде тұру құқығынан айыру және жұмысынан бос уақытта 30 күнге дейін жатақханада шығуға тыйым салу қолданылады.

Қоныстану калонияларында жоғарыда келтірітлген жазалау шаралары түгел қолданыла бермейді.Олара камералық үлгідегі үй жайға немесе жалғыз адамдық камераларға ауыстыру тәрізді жазалау шаралары қолданылмайды. Себебі олардың жаза өтеу орындарында камералық үй-жайлар болмайды.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!