БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРУ МЕН БАЙЛАНЫСТЫ ЕМЕС ЖАЗАЛАРДЫҢ АТҚАРЫЛУ ТӘРТІБІМЕН ЖАҒДАЙЛАРЫ

Айыппұл ҚР қылмыстық заңында көрсетілген реттерде және жаза тағацындау кезінде қолданып жүрген айлық есеп көрсеткіштің белгілі бірмөлшерінде , не сотталушы адамның жалақысының немесе белгілі бір кезден басқа да табыстар (негізнде) көлемінде тағайындалатын ақша өндіру болып табылады. Ол заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 25 тен 30 мыңға дейінгі шегінде немесе сотталған адамның жалақысының 2- аптадан 1 жылға дейінгі кезеңдегі табысы және өзге табысы мөлшерінде тағайындалады.

Сот айыппұлмен жазалау туралы үкімді жарялағаннан кейін сотталушы адамға 1-айдан кешіктірмей айыппұлды төлеуге міндетті екені және айыппұлды ерікті түрде төлемеген жағдайда ол мәжбүрлі түрде өндірілетіні жөнінде білу керек.

Сотталған адамның айыппұлды бірден төлеуге мүмкіндігі болмаған жағдайда , сотталушының өтініші бойынша сот төлм мерзімін ұзартады немесе 6 айға дейін бөліп-бөліп төлеуге мүмкіндік береді. Айыппұл жазаның негізгі түрі ретінде тағайындалып оны төлеуден әдейі жалтарған жағдайда қылмыстық заңда көзделген ережелерге сәйкес айлық есеп көрсеткішінің 3 еселенген мөлшерінен немесе айыппұл сомалы үшін тиісінше бір ай түзеу жұмыстарына немесе 80 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 10 күн қамаумен ауыстырады .

Айыппұлды төлеуден жалтарғаны үшін түзеу жұмыстарына сотталған адам егер түзеу жұмысын өтеуден жалтарса, онда сот түзеу жұмысының өтелмеген мерзімін нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыру, қамау бас бостандығынан шектеу жазалары мен ауыстыра алады.

  1. Белгілі бір лауазымда болу және белгілі бір қазметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі жазаны атқару жүйесі

Белгілі –бір лауазымды болу немесе белгілі –бір қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасы мемлекеттік қызметте, жергілікті басқару органдарында немесе басқа да қызметтерде жұмыс істеітін адамдарға тағайындалады. Бұл жаза негізі және қосымша жаза ретінде тағайындала алады.

Негізгі жаза ретінде 1жылдан 5 жылға дейін тағайындалса, қосымша жаза ретінде 6 айдан 3 жылға дейін тағайындалады.

Белгілі бір лауазымда болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру, бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазалауға қосымша жаза ретінде тағайындалса немесе негізгі жаза ретінде тағайындалса ол қылмыстық атқару инспекцияларыменатқарылады. Егер бұл жаза бас бостандығынан айыру жазасына қосымша жаза ретінде тағайындалса, онда ол сотталған адам жаза өтеп жүрген түзеу мекемесі әкімшілігінің бақылаумен атқарылады.

-Белгілі бір лауазымда бол немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасын бақылау жүргізу ретінде атқарылады. Қарастырып отырған жаза, екі саладағы қызмет түрімен айналысуға тыйым салады:

  • мемлекеттік қызметте немесе жергілікті басқару органдарында лауазым иеленуге тыйым салды.
  • Белгілі бір маманықпен немесе өзге кәсіп түрлерімен айналысуға тыйым салу. Бұл тыйым салу түрі мекеме, кәсіпорындарда белгілі бірмамандық бойынша жұмыс істеуге тыйым салуды немесе жұмыс орнын пайдалану (мысалы: автотранспорт құралдарын айдау құқығы) аталған жаза құқығынан айыруды білдіреді.Бас бостандығынан аырумен байланысты емес негізгі жаза қосымша жаза ретінде тағайындалғанда , сотталушаның тұрғылықты жері бойынша бақылау түрінде атқарылады.