СОТТАЛҒАНДАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ, МАТЕРИАЛДЫҚ ЖӘНЕ ТӘРТІПТІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

Сотталған адамдар жаза өтеп жүріп, әр түрлі дәрежедегі қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді жасауы мүмкін. Олар түзеу мекемелерінде жаза өтеп жүріп жасаған қауіпті әрекеттердің түрі мен дәрежесіне қарай қылмыстық материалдық, тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Яғни, сотталғандардың қылмыстыққа, жауапкершілікке тартылуы оның жаза өтеп жүріп жаңадан қылмыс жасауын білдіреді, жаңада қылмытық жауапкершілікке тартылып, жазаның түрімен көлемінде өзгерістер пайда болады. Мысалы: Егер соттаушы бас бостандығынан шектеу түріндегі жазаның өтей жүріп қылмыс жасаған болса онда оның жазасын бас бостандығынан айыр түріндегі жазамен ауыстырылады. Ал жазаның көлеміндегі өзгерістер, соттың үкімдер жиынтығы бойынша жаза тағайындалумен анықталады.

2.Сотталғандардың тәртіптік жауапкершілігі

Материалдық жауапкершілік толық немесе шектелген түрде белгіленеді.

Сотталғандардан келтірген материалдық шығынды өндіру, түзеу мекемесі бостандығының қаулысы шығумен басталады.

Бұл қаулы сотталған адамға жариаланып, одан жариалнғандығы туралы тілхат алынады. Сотталған адамның бұл қаулы туралы жоғарғы тұрған органдарға шағымдануға құқысы бар. Тәртіптік  жауапкершілік соттаған адамға көп қолданылатын жауапкершілік түрі болады. Оның мағынасы, соттауының жаза өтеу тәртібін бұзғаны үшін, оны жөнге шақыру тәсілі ретінде қолданылатын шаралар болып табылады. Бұл жауапкершілік соттаушыға мәбүрлі, яғни қылмыстық атқару заңында қарастырылған тәртіптік-жазалау  шараларын қолдану ретінде іске асырылады , оның көлемін анықтайды. Сотталған адамдарға тәртіпті жауапкершілік еріксіз мәжбүрлі түрде қолданып, алдағы уақыттарда тәртіп бұзатын әрекеттер жасалынбау және сотталушыны түзеу үшін жүргізіледі. Мыс: Бас бостандығын шектеу жазасын өтеуші сотталған адамның жазаны өтеу тәртібін бұзғаны үшін бір айға дейін жұмыстан бос уақытында жатақханадан сыртқа шығуына тыйым салынады. Қамау жазасына сотталған адамдарға сөгіс немесе 10 тәулікке дейінгі мерзімге айыппұл оқшаулау орнына шығару түріндегі жазалау шаралары қолданылады.

Түзеу жұмыстары түріндегі жазаны өтеудің тәртібі мен ережелерін бұзғаны үшін сотталғандарға түзеу жұмыстары жазаны басқа түрімен ауыстыру туралы жазбаша ескерту қолданылады. Бас бостандығынан айыру орындарындағы режимді соттанушының бұзғандығы үшін 15 тәулікке дейін мерзімге айыптылық оқшаулау орнына камералық үлгідегі үй жайларға, жалғыз адамдық камераларға ауыстыру тәрізді тәртіптік жазалау шаралары қолданылады.

Жаза сотталғандарға түзеу мақсатына тағайындалатындығы тәрізді, әр түрлі жазалау шараларында алдағы уақыттарда тәртіпсіздіктің қайталанбауы мақсатына қолданылады.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!