МЕДЕЦИНАЛЫҚ СИПАТТАҒЫ МӘЖБҮРЛЕУ ШАРАЛАРЫН ҚОЛДАНУ ТУРАЛЫ ІСТЕР БОЙЫНША СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУ

ҚР Қылмыстық Кодекстің 90-бабында аталған медециналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану жөнінде іс жүргізу  есі кіресілі-шығасылы күйде қылмыстық заңмен тыйым салынған  әрекет жасаған немесе қылмыс жасаған соң жаза тағайындау немесе  оны орындау мүмкін болмайтын  дәрежеде психикасы  бұзылып ауырған  адамдарға қатысты істер бойынша жүзеге асырылады.

Медециналық сипаттағы мәжбүрлеу  шараларын дертті психикалық ауытқушылық өзі немесе басқа адамдар үшін қауіпті қатермен байланысты болған  не оның өзге де елеулі зиян келтіру мүмкін болған жағдайда ғана тағайындалады. Медециналық сипаттағы мәжбүрлеу   шараларын қолдану туралы істер бойынша іс жүргізу  ҚІЖК-ң жалпы қағидаларымен және сонымен бірге ережелермен бірге айқындалады.

         Алыдын ала тергеу жүргізу кезінде  мынадай мән-жайлар анықталуы тиіс:

  • жасалған әрекеттің уақыты, орны, тәсілдері мен басқа да мән-жайлары;
  • осы адамның қылмыстық заңмен тыным салынған әрекетті жасауы;
  • рекетпен келтірілген залалдың сипаты мен мөлшері;
  • қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетті жасаған адамның оны жасағанға дейінгі, сондай-ақ одан кейінгі мінез-құлқы;
  • осы адамда бұдан бұрын психикалық ауытқушылықтың бар жоғы, қылмыстық заңмен тиыйым салынған әрекетті жасау кезінде немесе істі қарау кезнде психикалық сырқаттану дәрежесі мен сипаты. Заңмен тыйым салынған әрекетті жасаған және психикалық  сырқатқа шалдыққан адамдарға бұлтартпау  шараларын қолдануға болмайды. Осы адамдарға қажет болған жағдайда мынадай қауіпсіздік шаралары қолданылады.

а) денсаулық сақтау орындарын хабарландыра отырып, ауруды туыстарының, қамқоршыларының, қорғаншыларының қарауына беру;

ә) психикалық көмек көрсететін арнаулы медециналық мекемеге  орналастыру.

Өзіне қатысты медециналық сипаттағы мәжбүрлеу  шараларын қолдану туралы  іс жүргізілетін адам, сот-психиятриялық сараптама қорытындысы бойынша бұған  оның сырқатының сипаты мен ауырлық дәрежесі  кедергі келтірілмейтін болса; өзін қандай әрекетті жасағаны үшін айыптайтындығын білуге; түсініктемелер беруге; дәлелдер келтіруге; өтініштер мен бас тартулырды мәлімдеуге; өзінің ана тілінде немесе  білетін тілінде түсінісуге аудармашының  көмегін тегін пайдалануға; қорғаушысы болуына және онымен оңаша және құпия кездесуге; тергеушінің рұқсатымен оның өтініші немесе қорғаушысының өтініші бойынша жүргізілетін тергеу қимылдарына қатысуға; осы қимылдардың хаттамаларымен танысуға және оларға ескертпелер жасауға; сараптама тағайындау тралы қаулы мен және  сарапшының қорытындысы     мен танысуға; алдын ала тергеу аяқталған соң  істің барлық материалымен танысуға және одан кез-келген көлемде кез-келген мәліметті көшіріп алуға; тергеушінің, прокурормен соттың іс-әрекеттері мен шешімдеріне  шағымдар жасауға, медециналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін істі сотқа жіберу  туралы қаулының көшірмесін  алуға құқылы. Істің сотта талқылауында, бұдан басқа, аталған адамның дәлелдерді зерттеуге және сот  жарыссөздеріне қатысуға; соттың отырысының хаттамасымен танысуға және оған ескертпелер жасауға; соттың қаулысына шағымдануға және шағымданатын шешімдердің көшірмелерін алуға; ісі бойынша келтірілген шағымдар мен наразылықтарды соттың қарауына қатысуға құқығы бар.

Өзіне қатысты медециналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы іс жүргізілетін адамдардың жақын туысқаны осы адамдардың заңды өкілі болып табылады және тергеушінің немесе прокурордың қаулысы бойынша  іске тартылуға қарастырылады.

Медециналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы  іс бойынша іс жүргізуге  қорғаушының қатысуы, егер қорғаушы бұдан бұрын іске өзге негіздер бойынша  араласпаған болса, өзіне қатысты іс жүргізіліп отырған  адамдардың есінің кіресілі-шығасылылығы немесе психикасының  бұзылу фактісі  анықталған кезден бастап міндетті болып табылады.

Алдын ала тергеу аяқталғаннан кейін тергеуші:

  • іс жүргізу ісін – 37 бапта және 269-бабының ІІІ-бөлігінде көзделген сондай-ақ сырқатты психикасының бұзылуы өзі немесе басқа адамдар  үшін қауіп-қатермен не өзге елеулі  зиян келтірілуі мүмкін жағдайда қысқарту туралы;
  • істі медециналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін сотқа жіберу туралы қаулы шығарады.

Істі қысқарту туралы немесе  істі сотқа жіберу туралы тергеуші өзіне қатысты алдын ала тергеу жүргізілген адамға, егер өзінің психикалық жай-күйі бойынша бұл адам тергеу қимылдарына  қатысуға қабілетті болса, оның заңды өкіліне және қорғаушысына сондай-ақ жәбірленушіге хабарлайды. Тергеуші процестің аталған қатысушыларына олардың істің материалдарымен танысу құқығын түсіндіреді және бұл құқығын олардың қайда және қашан пайдалана алатының хабарлайды. Іспен танысудың тәртібі тексеруді  толықтыру туралы өтініштер мен рұқсаттардың тәртібі. ҚІЖК-нің 275-276-баптарымен белгіленеді.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!