АЛДЫН-АЛА ТЕРГЕУДІҢ АЯҚТАЛУЫ

Бұл нормада қарап тексеру куәландыру, алу, тінту, ұстап алу, телефонмен және басқа сөйлесулерді тыңдау және жазып алу, тануға ұсыну, зерттеу үшін үлгілер алу, мәйітті жерленген жерінен қазып алу, (эксгумация) айғақтарды қылмыс болған жерде тексеру, тергеу эксперименті заттай дәлелдерді зерттеу кезінде анықталған, қылмыстық процесті жүргізуші адам тікелей түсінген мән-жағдайларды куәландыратын тергеу іс әрекеттерінің хаттамаларында тіркелген іс жүзіндегі деректер қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер болатынын баянды етілген. Алайда төмендегі ой пікірлерге болатын бұл тізбені мейлінше толық немесе даусыз деп тануға болмайды.

  • мүлікке тыйым салу азаматтық талап пен мүлікті тәркілеуді қамтамасыз ету үшін арнайы көзделген мәжбүрлеу шарасы болып табылады, және қылмыс жасаудың мән жайларын дәлелдеу мақсаттарына пайдаланыла алмайды;
  • ҚІЖК-де хат хабарларға тыйым салу секілді іс жүргізу әрекеттерін реттеудің белгілі бір тәртібі көзделмеген. Алайда пошта телеграф жөнелтілімдеріне тыйым салу оларды қарап тексеру және алу жөнінде норма бар, бұл жалпы мағынаны бұзбағанымен, терминалогиялық ала-құлалық туғызады.
  • ҚІЖК-де телефонмен және басқа сөйлесулерді тыңдау мен жазуды реттеу жөнінде сөз болмайды, бірақ сөйлесулерді тыңдау мен жазу туралы нормалар бар;
  • ҚІЖК-де зерттеу үшін үлгілер алу тәртібітуралы нұсқау жоқ. Осымен қатар, ҚІЖК-ң 33 таруына енгізілген нормалар сарапшылық зерттеулерге қажетті үлгілер алу мәселелерін реттейді. Мұндай алшақтылықты ескерудің маңызы бар, өйткені істің материалдарын зерттеу үшін маман қарастырылады, ал сараптамалық зерттеуді-сарапшы жасайды.
  • ҚІЖК-де «маман жүргізген бұлтартпас дәлелі зерттейді» секілді дербес іс әрееттер көзделмеген. Зерттеуді дәлелдеу жөніндегі қызметтің бір элементі ретінде қабылданған. Маман жасаған зерттеу ескертпесін процестің осы қатынасушысы құқықтың бірі ретінде түсіну қажет.

Тергеу әрекеттерінің тізбесі туралы мәселеге неғұрлым өнімді жақтан, атап айтқанда, кейін тергеу әрекеттерінің өзін бөлшектей отырып, іс жүргізу ірекеттері жүйесіне тікелей талдау тұрғысынан қарау үшін келтірілген мән-жайлар толық жеткілікті болып көрінеді. Сонымен, ҚІЖК-ң 122 бабының ережелері тергеу әрекеттерінің тізбесіне қосуға жататын іс жүргізу әрекеттері туралы біраз түсінік береді, бірақ бұл түсінік біріншіден, мәселені түгел қамтымайды, екіншіден, жекелеген бөліктерінде даулы болып шығады. Осының негізге ала отырып, тергеу әрекетінің ауқымын ҚІЖК нұсқауларының белгілі көлемінің талдауына негізделген қисынды жолмен анықтау әрекетін жасауға ұмтылайық. Мұнда мынадай жайлар маңызды болып келеді:

  • тергеу іс әрекетінің мазмұнына іс жүргізу шешімдері кірмейді, өйткені ҚІЖК-ң 7 бабының 32 тармағына сәйкес шешімдер –бұл құжатты (үкімді, қаулыны, қорытындыны, ұсынысты, санкцияны) қолдану актілері
  • тергеу іс әрекеттерін жүргізу тергеушінің қызметімен де, алдын ала тергеу сатысыменде шектелмейді. Сотқа дейінгі қызметті реттейтін нормалар тергеу іс әрекеттерін тергеушінің, сондай-ақ анықтау органының, анықтаушының, қажет жағдайларда- прокурордың жүргізуін көздейді. Сотқа қарау барысында соттың қаулысы бойынша судья тану, куәландыру, айғақтарды тұрған жерінде тексеру және нақтылау сияқты әрекеттерді жүргізе алады, бұл ҚІЖК-ң 200 б-ң 1 бөлігінің мағынасы бойынша тергеу іс әрекетіне жатады;
  • іс жүргізу әрекеттері кейбір нормаларда тергеу әрекеттері деп тікелей аталған,
  • іс жүргізу әрекеттерінің белгілі тобын жүргізу тергеу тобына жатқызу оларды заңда арнайы көзделіп, қылмыстың жасалу мән-жайларын жаңғыртуға және қылмыстың белгілерін қылмыстық жолмен жазалатын белгілер ретінде дәлелдеуге арналған құралдар ретінде түсінуге бағдарлайды.