АЙЫП ТАҒУ ЖӘНЕ АЙЫПТАУШЫЛАРДАН ЖАУАП АЛУ

Тергеу іс әрекеттері –бұл жүргізетін ісі жасалған қылмыстың сипаты, ауырлығы жөнінде тұтас түсінік қалыптастыруға, қылмыстық заңның нормаларына сәйкес жазалауға жататын нақты адамның айыптылығына көз жеткізуге бағытталған іс жүргізу әрекеттерінің жүйесі. Тергеу іс-әрекеттері хаттамасының жасалу әдісінің, техникасының айтарлықтай рөлі жоқ. Ең маңыздысы-бұл құжаттың мазмұны жөнінен қойылатын талаптарға сай болуы, оқу мен түсінуге қолайлылығы, яғни басынан аяғына дейін бір тілде жазылуы немесе түпнұсқаның мәтіні тергеу іс әрекеттеріне қатысушының тілінде болып, сот ісі жүргізетін тілге бірдей аударылуы. Хаттама міндетті түрде заңда жасалады. Бұл хаттаманың міндетін дербес электронды есептеу машинасының жадында сақтау кейін қажетті қолдарды қойып, оны қылмыстық істің материалдарынан қосу арқылы хатаманы қағазға басып шығару туралы талаптардың күшінде болатынын білдіреді.

Тергеу мерзімі қылмыстық істер жөнінде алдын ала тергеу қылмыстық іс қозғаған күннен бастап 2 ай мерзімнен кешіктірмей аяқталуға тиіс. Сол сияқты алдын ала тергеу мерзіміне іс қозғаған күннен бастап істі айыптау қорытындысымен немесе медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы мәселені қарау үшін істі сотқа беру туралы қаулымен бірге прокуратураға жіберген күнге дейін не іс бойынша іс жүргізуді қысқарту туралы қаулы шығарылған күнге дейінгі уақыт енгізіледі. Алдын  ала тергеу мерзіміне ҚІЖК-де көзделген негіздер бойынша алдын ала тергеу тоқтатыла тұрған уақыт. Айыпталушы оны қорғаушысы қылмыстық іс материалдарымен танысу уақыты, сондай-ақ айыпталушының шағымы бойынша талап етілген қылмыстық істің сотта және прокуратурада жатқан уақыты енгізілмейді.

     Сол сияқты ҚІЖК-де белгіленген тәртіппен алдын ала тергеу мерзіміне тергеушісінің дәлелді қаулысы бойынша:

  • істің күрделілігіне байланысты аудандық және оған теңестірілген прокурорлар 3 айға дейін;
  • аса күрделі болуына байланысты облыспрокуроры оған теңестірілген прокурорлар мен орынбасарлары 6 айға дейін ұзартуы мүмкін;
  • алдын ала тергеу мерзімі одан әрі ұзартуға тек айрықша жағдайларда істің күрделілігі ескертіле отырылып жол беріледі және ҚР бас прокуроры оның орынбасарлары, бас әскери прокурор жасайды.

ҚІЖК-ң іс жүргізу әрекеттерінің  хаттамалары туралы 122 бабының мағынасына қарап, ҚІЖК-де әрекетті кеңейте т.сіндіруге қажетті әлде бір ерекшеліктер мен негіздер жоқ тергеу іс әрекеттерінің тізбесі берілген деп жорамалдауға  болады.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!