ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕССКЕ ҚАТЫСУШЫЛАР

  1. Қылмыстық іс жүргізу көптеген субъектілердің қатысуымен атқарылатын қызмет болып тбылады. Бұл субъектілер заңмен белгіленген құқықтары мен міндеттері болғандықтан, олардың әрқайсысы қылмыстық іс жүргізу кезінде басқа субъектілермен құқықтық қатынастарға кіру арқылы іс-әрекеттер жасайды. Демек, қылмыстық процестің сбъектілері туралы айтқанда, олардың құқықтыөқ қатынастарымен қамтылатындығын ескеру қажет.

Осы айтылған мәліметтердің негізінде қылмыстық процестің субъектілер ұғымын былайша тұжырымдапмыз: заңда көрсетілген құқықтар мен міндеттері болғандықтан процессуалдық құқықтық қатынастармен қамтылатын жне қылмыстық іс жүргізукезінде заңды жолмен іс-әрекеттер жасайтын өкілеттімемлекеттік органдарменолардың лауазымды адамдары, сондай-ақ осы іс-әрекеттер жасауға құқылыжеке тұлғалар қылмыстық процестің субъектілері болып табылады.

Сот (судья) және оның өкілеттілігі. Қылмыстық процесті жүргізуші мемлекеттік органдардың ішіндесоттың ерекше орны – оның қылмыстық істер бойыншасот төрелігін жүрзегеасыратындығымен айқындалады. Яғни, адамды қылмыстық жасалуына кінәлі деп тану және оған жаза тағайындауөкілеттігі тек қана сотқа берілген.

Соттың заңды болуы сот төрелігін атқаратын судьялардың заңда орнатылған тәртіппен сайлануларын немесе тағайындалуларын қажет етеді. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьяларын Қазақстан РеспубликасыПрезидентінің ұсынуы бойынша Сенат сайлайды; облыстық және оғантеңестірілгенсоттардың судьяларын Жоғарғы СотыКеңесініңкеплдемесі бойыншаҚазақстан Республикасының президенті таайындайды; аудандық және оған теңестірілген соттардың судъяларын Әділет министрінің Әділет білікті алқасының кепілдемесіне негізделген ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды.

Соттың тәуелсіздігі  Қазақстан Республикасының Конституциясында және оған сәйкес басқа заңдарда жазылған ережелердіңсақталуы арқылы қамтамасыз етіледі: судъялар сот төрелігін жүзеге асыру кезінде тәуелсіз және Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңға ғана бағынады;ешкімнің сот төрелігін жүзеге асыруісіне араласуға жәнесудьяларға қандай болмасынықпал етуге құқығы жоқ; судья қаралған немесеқаралып жатқан сот істерініңмән жөнінде қандай біртүсінік беруге міндетті емес; соттарды қаржыландыру және судьяларды материалдық қамтамасыз ету жеткілікті мөлшерде республикалық бюджет қаражатының есебінен жүргізіледі.

Соттың құзіреттілігі Қазақстан Республикасы соттарының әрқайсысы өзіне берілгенөклеттік шеңберіндежәне заңменкөрсетілген қылмыстықістерді қарапшешетіндігін білдіреді. Аудандық және оған теңестірілгенбірінші сатыдағы соттар облыстық соттың қарауынажатқызылған істерден басқабарлық қылмыстық ісерді қарап шешіді. Облыстық және оған теңестірілген соттар бірінші, апелляциялық және қадағалау сатыларыретінде істерді қарайды. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотыапелляциялық және қадағалаусатыларындағы сот ретнде іс жүргізу қызметін атқарады.

Соттың бейтараптығы сот қылмыстық істі айыптау және қорғау тараптарының бәсекелестігі негізінде, ісьің мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті зерттеу арқылы әділ шешуге тиістіекендігін білдіреді.Соттың бетараптығынқамтамасыз ету мақсатында, егер судья тікелей немесе жанама түрде осыіске мүдделі болса, онда ол бұл істі қорғау кезінде процеске қатысуша адамдардың құқықтарымен заңды мүдделерін ескере отырып, олардың барлығының дақылмыстық с жүргізу заңыныңталаптарын сақтауларын қамтамасыз етуге міндетті.

Прокурор, оның қылмыстық процестегі өкілеттігі. Прокурор мемлекеттік биліктің өкілі болып табыладын және заңдардың, өзге денормативтік құқықтық актілердің біріңғай қолданылуын қадағалауды жүзеге асыратын, сотта мемлекет мүддесін білдіретін, сондай-ақ заңда белгіленгентәртіп бойынша қылмыстықө ізге түсуді жүзеге асыратын лауазымды адам. Прокурордың өкілеттілігіне ие болатын лауазымды адамдарға мыналар жатады: Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, оның орынбасарлары, аға көмекшілер мен көмекшілері; прократура органдары департиаменттерінің, басқармаларымен бөлімдерінің бастықтары және олардың орынбасарлары; облыстардың прокурорларыжәне оларға теңестірілген прокурорлыр, олардың орынбасарлары; облыстардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар, олардың орынбасарларымен көмекшілері; қалалық,аудандық прокурорлар және оған теңестірілген прокурорлар, олардың орынбасарларымен көмекшілері; қадағалау саласы бойынша прокурорлар; прокуратура басқармалары мен бөлімдерінің аға прокурорлары және прокурорлары; мамндандырылған және арнайы прокрорлар (әскери, көлік, табиғат қорғау және т.б.).

Прокурор өз өкілеттілігін жүзеге асыру кезінеешкімге де тәуелді болмай, тек заңға ғана бағынады және заңның талаптарынбасшылыққа ала отырып қызмет атқарады.

Тергеу бөлімінің бастығы. ҚІЖҚ-нің 63-бабына сәйкес, терге бөліміні бастығы алдын ала тергеу жүргізу органдары бөлімшесінің тиісті жұмысын басқаратынлауазымды адам жәнеоның орынбасарлары болып табылады. Ішкі істер орпгандары, ұлттық қауіпсіздік органдары және қаржы полиция органдарының құрамына кретін тергеубөлімшесін басқаратын лауазымдыадам осы бапта көрсетілген өкілеттіктерді қолдану арқылы өзінің қарамағыныдағы тергеушілерді күнделікті жұмысын ұйымдастырып, алдын ала тергеу жұмысының қойылатын талаптар деңгейіндежүргізілуі үшін жауапты болады.
Атап айтқанда тергеу бөлімі бастығының маныдай өкілеттіктері бар:
— қылмыстық ізді қозғауға құқылы
— қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізуді өзініңқарамағындаы тергеушіге тапсырады
— қажет болағн жағдайда тергеушілер тобын құрып, олардың жұмысын ұйымдастырады
тергеу әрекеттерін жүргізу жөнінде тергеушігенұсқаулар беруге құқылы
тергеу әрекеттерінің уақытындаорындалуын, тергеу жүргізу және қамауда ұстау мерзімдерінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады
прокурордыңнұсқауларының және басқа тергеу органдары тапсырмаларының орындалуыны қадағалайды
тергеушіні тергеу жүргізуденбостатуға құқылы
— қылмыстық істі өзініңқарамағындағы басқа тергеушігенемесе өзіне бағынышты басқа тергеубөлімшесіне беруге құқылы
терегу жүргізу аяқталған соң қылмыстық істі тиісті прокурорға жолдайды.

Қылмыстық процестетергеуші бір-ақ функция атқарады. Ол функция – қылмыстық істер бойыншаалдын ала тергеу жүргізе немесе, басқаша айтқанда, қылмыстық ізге түсу қызметі. Осыған сәкес тергеушінің негізгі міндеті қылмысты тез және толық ашу, қылмыс жасаған адамдытиісті жауапқа тартып, оның сотқа берілуінқамтамасыз ету болып табылады.