Заңды күшіне енген шешімдерді ұйғарымдар мен қаулыларды жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау

Сот азаматтық істерді сотта қарау және шешу кезінде көптеген процессуалдық әрекеттерді жүргізеді. Соттың осы әрекеттері жазбаша түрдегі соттыққаулылар түрінде көрсетеді. Азаматтық істер бойынша сот қаулылары екіге бөлінеді.

  1. Сот шешімі.
  2. Сот ұйғарымы.

Сот шешімі бойынша іс негізі бойынша шешіледі. Ал сот ұйғаруы бойынша іс негізі бойынша шешілмейді. Сот шешімі ҚР-ң атынан шығатын әділет актісі болып табылады. Сот шешімін тек қана сот шығарады, себебі әділеттілікті тек қана сот органыжүрогізеді. Сот шешімінде соттың іс әрекетінің бірнеше сатылары көрсетіледі:

  1. даулы қатынастардың мазмұның анықату
  2. құқықтың нормаларын анықтау
  3. іске қатысушы субъектілердің құқықтары мен міндеттердің көлемін анықтау.

Сот шешімінің пәні – бұл сотпен зерттелген, нақты материалдық құқықтық қатынасболып табалады. Сот шешімі жеке дербес процессуалдық құжат ретінде жазбаша жазылатын құжат, оны төрағалық етуші судья жазады. Сот шешімі 4 бөлімнен тұрады.

  1. Кіріспе бөлімі
  2. Бейнелеу бөлімі. Сипаттау бөлімі.
  3. Негіздеу бөлімі. Дәлелдеу бөлімі.
  4. Резорютиаті бөлім. Қарар бөлім.

Заңды және негізділік сот шешіміне қойылатын негізгі талаптар болып табылатынзаңды және негізделген шешім соттық қорғ,ауға байланысты конституциялық құқықтықамтамасыз етеді және тәрбиелеу мақсатын орындайды. Материалдық құқықты нормаларымына жағдайларда дұрыс емес деп танылады.

  1. егер сот қолдануға тиісті заңды қолданбаса;
  2. егер сот қолдануға тиістіемес заңды қолданса;
  3. егер сот заңды дұрыс емес талқыласа.

Егер процессуалдық құқықтықнормалары бұзылса, немесе дұрыс емес қолдансаонда бұл негіздер сот шешімін бұзуға әкеп соқтырады.

Шешім мына жағдайларда бұзылады:

  1. егер істі қарау кезінде соттың құрамы заңсыз болса;
  2. егер іске қатысушы тұлғалардың біреуі соттың болатындығын ескертілмесе; және олардың қатысуынсызіс қаралса ;
  3. егер істі қарау кезініде тіл туралы ереже бұзылса;
  4. егер сот іске қатыспаған тұлғалардыңқұқықтарымен міндеттерітуралы сұрақтарды шешсе;
  5. сот шешімін шығару кезінде судьялардың құпиялы түрдекеңесу принципі бұзылса;
  6. егер шешімге судья қол қоймаса;
  7. егер істің ішінде хаттама болмаса;

Азаматтық процессуалдық нормалардың және материалдардың нормаларының барлығыда дұрыс орындалғанда ғана сотбарлығы да дұрыс орындалғанда ғана сот шешімізаңды деп есептеледі. Егер шешімде іске қатысты барлық фактілер дәлбейнеленсе, онда сот шешімі дұрыс негізделген болып табылады.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!