Заңды күшіне енген 1-сатыдағы сот шешімдері мен ұйғарымдарын қайта қарау

Қадағалау сатысында іс жүргізу дегеніміз – ҚР барлық соттардың заңды күшіне енген сот қаулыларынтәртібімен қайта қарау. (ҚР Жоғарғы сот пленумының қаулыларынан басқа).

Соттың заңды күшіне енген шешімдеріне, ұйғарымдарына, қаулыларына және сот бұйрықтарына тараптар және апелляциялықшағымдар беруге құқығы бар іске басқа да қатысушылар істі, қадағалау тәртібімен қайта қарауға өкілетті сотқа тікелей шағымдана алады.

Заңды күшіне енген сот актісіне:

  • ҚР Бас Прокуроры – облыстық және оған теңестірілген соттың қадағалау алқасына, ҚР Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі алқасы мен қадағалау алқасына;
  • ҚР Бас Прокурорының орынбасарлары – облыстық және оған тенестірілген сотың қадағалау алқасына және ҚР Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі алқасына;
  • Облыстардың прокурорлары мен соларға тенестірілген прокурорлар — облыстық және оларға тенестірілгенсоттың қадағалау алқасына наразылық келтіруге құқылы.

Шағымды, наразылықты іс ққадағалау сатысында қаралғанға дейін осы қадағалау тәртібімен істі қараушы сотқа тиістінше арыз беру жолымен түсінген тұлға кері қайтарып алуы мүмкін. Сот іске қатысушы тұлғаға наразылықтың кері қайтарып алғандығы туралы хабарлайды.Қадағалау шағым мен наразылығын кері қайтарып алу қадағалау сатынсында іс жүргізу қысқартылуына әкеп соғады.

Істі қадағалау тәртібімен қарайтын соттар:

  1. Облыстық және оған тенестірілген соттық қадағалау алқасы;
  2. ҚР Жоғарғы Сотының азаматық істер жөніндегі алқасы;
  3. ҚР Жоғарғы Сотының қадағалау алқасы.

Заңды күшіне енген сот актілеріне шағым жасау, наразылық келтіру мерзімдері.

Соттың шешімі, ұйғарымы, қаулысы заңдыкүшіне енген күннен бастап 1 жыл ішінде қадағалау шағымын, наразылығын білдіруге болады.

Егер қадағалау наразылығын келтіру туралы өтінімпрокурорға белгіленген мерзім сақтала отырып берілсе, бірақ ол бойынша шешім қабылданбаса, сот наразылық келтіру мерзімін ұзартады. Наразылықта бұл туралы көрсетілуі тиіс.

Наразылықтың көшірмелерініске қатысушы адамдарға наразылық келтіргенпрокурор жібереді.

Шағымды алдын ала қарау бойынша қабылданатын шешімдер.

Қадағалау шағымын алдын ала қараудың нәтижелері бойынша мына шешімдердің бірі қабылданады.

  1. шағым жасалған сот актілерін қадағалу тәртібімен қайта қарау туралы;
  2. шағым жасалған сот актілерін қайта қараудан бас тарту туралы;

Шағым жасалған сот актісін қайта қарау туралы ұсынымды:

  1. ҚР Жоғарғы Сотының төрағасы облыстық және оған тенестірілген соттың қадағалау алқасына, ҚР Жоғарғы Соттың алқасына;
  2. ҚР Жоғарғы Соты алқасының төрағасы – облыстық және оған тенестірілген соттың қадағалау алқасына, ҚР Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі алқасына;
  3. Облыстық және оған тенестірілген соттың қадағалау алқасының судьялары осы соттың қадағалау алқасын енгізеді.