1-ші сатыдағы соттың қаулысы

Сот бұйрығының негізінде берешекті өндіріп алу:

  1. сот бұйрығы өндіріп алушының ақшалай саомаларды өндіріп алу немесе мүлікті бөрышкерді немесе өндіріп алушыны олардың түсіндірмелерін тындау үшін шақырмай-ақ және сотта іс қарамай-ақ, даусз талаптар бойынша борышкерден талап ету туралы арызы бойынша шығарылған судьяның актісі болып табылады.
  2. сот бұйрығының мазмұны осы Кодекстің 146-бабымен белгіленеді.
  3. сот бұйрығының атқарушылық құжат күші болады. Ол бойынша өндіріп алу бұйрық берілгеннен кейін және сот шешімдерін атқару үшін белгіленген тәртіптежүргізіледі.

Сот бұйырығы шығарылатын талаптар. Сот бұйрығы:

  1. егер талап нотариатта куәландырылған мәмілеге негізделсе;
  2. егер талап жазбаша мәмілеге негізделсе және оны жауапкер таныса;
  3. егер талап төленбеген вексельге, акциптің болмауына және нотариусжасаған акцептің күні белгіәленбеуіне білдірілген наразылыққа негізделсе;
  4. егер әкеліктің белгіленуіне немесе үшінші тұлғаларды тарту қажеттілігіне қатысы жоқ, кәмелетке толмаған балалар үшін алименттерді өндіріп алу туралы талап мәлімделген болса;
  5. егер азаматтардан және заңды тұлғалардан салықтар мен басқа да міндетті төлемдер бойынша бересіні өндіріп алу туралы талап мәлімделген болса;
  6. егер қызметкерге аударылған, бірақ төленбеген жалақы мен өзге де төлемдерді өндіріп алу туралы талап мәлімделген болса;
  7. егер жауапкерді немесе борышкерді іздестіру жөніндегі шығындарды өндіріп алу туралы талаптарды ішкі істер органдары немесе қаржы полициясы мәлімдеген болса;
  8. –9) 140-баптың 8)-9 тармақшалары Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 11 шлідедегі №238-ІІ Заңымен алып тасталды.

10.егер кепіл беруші – борышкерге кепілге салыныған затынан өндіріп алу туралы ломбарттың талабы мәлімдеген болса, шығарылады.

 Сот бұйрығының мазмұны.

  1. Сот бұйрығында: жүргізілетін істің нөмірі және бұйрықтың шығарылған күні; соттың атауы, бұйрық шығарған судьяның тегі және аты-жөні; өндіріп алушының атауы, тұрғылықты жері немесе тұрған жері; борышкердің атауы, тұрғылықты жері немесе тұрған жері; талапты қанағаттандыруға негіз болған заң; өндіріп алынуға жататын ақша сомаларының мөлшері немесе оның құны көрсетіле отырып, талап етілуге жататын мүліктің белгіленуі; егер оны өндіріп алу заңмен немесе заңмен көзделсе, тұрақсыздық айыбының мөлшері; борыышкерден өндіріп алушыны пайдасына немесе жергілікті бюджетке өндіріп алынуға жататынмемлекеттік баждың соммасы; сот бұйрығына шағым берудің мерзімі мен тәртібі көрсетіледі.
  2. Кәмелетке толмаған балаларға алимент өндіріп алу туралы сот бұйрығында осы баптың 1) –5), 8) тармақшаларында көзделген мәліметтерден басқа борышкердің туған күні мен туған жері, оның жұмыс орны, оларды күтіп-бағуға алимент алып берлетін әрбір баланың аты мен туған күні, борышкердің ай сайынөндіріп алынатын төлемдердің мөлшері және оны өндіріп алудың мерзімі көрсетіледі.
  3. Сот бұйрығына судья қол қояды.