Азаматтық істерге қоғаммен еңбек ұжымының қатысуы

Тараптар: дау нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар, прокурор, мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар немесе осы Кодекстің 56 және 57 – баптарында көзделген негіздер бойынша процеске қатысатын жекелеген азаматтар, сот ерекше іс жүргізу тәртібімен қарайтыністер бойынша мәлімдеушілер мен мүдделі адамдар іске қатысушы тұлғалар болап танылады.

Азаматтық іс жүргізу құқықтарымен міндеттеріне ие болу қабілеттілігі материалдық құқық субъектілері болып табылатын барлық азаматтар мен ұйымдар үшін бірдей дәрежеде танылады.

Азаматтық іс жүргізу әрекет қабілеттілігі:

  1. сотта құқықтарын өз іс-әрекеттерімен жүзеге асыру және міндеттерін орындау, іс жүргізу өкілге тапсыру қабілеттілігі он сегіз жасқа толған азаматтарда және ұйымдарға толық көлемде болады;
  2. он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың , сондай-ақ әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сотта олардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері қорғайды, алайда сот мұндай істергекәмелетке толмағандардыңнемесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың өздерін тартуға міндетті;
  3. он төрт жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сотта олардың заңды өкілдері қорғайды;
  4. Заңда көзделген жағдайларда, азаматтық, облыстық, еңбек, кооперативтік және өзге де құқық қатынастарынан және тапқан табысына немесе кәсіпкерлік қызметінентүскен кірістеріне билік етуге байланысты мәлімдемелерден туындайтын істербойынша он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың өз құқықтарын және заңменқорғалатын мүдделерін сотта өз басы қорғауға құқығы бар. Кәмелетке толмағандарға көмек көрсету үшінкәмелетке толмағандардың заңды өкілдерін мұндай істергеқатысуға тарту соттың қалай шешуіне байланысты.