Дене тәрбиесі ілімдегі зерттеу тәсілдері

Дене тәрбиесі басқа ғылымдар саласындай зерттеу жұмысын екі түрде өткізеді. Тәжірибе жүзінде және өзіндік теория жолымен. Ғылыми зерттеу тәсілдері көп жақты.

Дене тәрбиесіндегінегізгі қолданылатын талдау мен қорытынды жасау, педагогикалық бақылау, экспериментпен математикалық тәсілдерді қолдану аса үлкен орын алады. Сонымен қатар шектес ғылымның әртүрлі салалары дақолданылады мысалыға: социология, психология, физиология, биомеханика т.б.

Әдебиеттік талдау жұмыстарын жүргізуде өте көп қиындықтар кезедседі. Ол қиындықтар қазіргі хабарлардың, жаңалықтардың жер шарындаөсуі мен таралуына байланысты. Мысалы: тек қана физиологиясаласында бір жыл ішінде мыңдаған жұмыс жарияланады, ал ЮНЕСКО-ның хабарына сүйенсекдене тәрбиесінің ғылыми зерттеу жұмыстары жер шарының көптеген мемлекеттерінде қолға алынған. Ал жарияланған ғылымиеңбектердің көлемі әрбір оншақты жылда 2 есе артып отарады екен. Мұндай еңбектерді іздестіруде қосымша библиография пәні үлкен көмек көрсетеді.Библиография бірнеше бөлімдерден тұрады, біріншісі: күнделікті библиографияретроспективті оның мақсатыбір мәселелер жөніндеіздеу қарсаңызда шыққан ғылыми жұмыстардың мазмұны мен қысқашатаныстыру. Екіншісі: библиографиялық сипаттама яғни реферат түрінде еңбектің мазмұны мен ғылыми тақырыбымен таныстырады.Үшіншісі:библиографиялық іздеу бірінші ретте керекті әдебиетердітауып, тізімге алу жұмысыменайналысу, әртүрлі кітаптардағы бір оның фактілеріментеориялық жұмыстарының қарама-қайшылықтарын салыстыру. Бұл ғылыми жұмыстың бастамасы болып есептелінеді.

Педагогикалық бақылау әдісі. Бұл топқа дене тәрбиесіғамалиясының және мінездемесінің тіркеу әдістері кіреді, бұл жерде бақылаушыжұмыс барысына араласпайды. Педагогикалық бақылау ғылыми зерттеу әдісі ретінде күнделікті бақылауды екі жолмен ажыратылады:

а) бақылайтын затты нақтылы белгілеумен;

б) бақылайтын фактіні белгілеу жүйесімен.

Қозғалыс әрекеттерін тіркеу тәсіліқажетті мәліметтердіалуға жұмсалатын уақытқа байланысты екіге бөлінеді:

  1. жедел хабар әдісі;
  2. кейін алынған хабар әдісі.

Мысалы: киноға түсіру нәтижесіндеқимыл орындалып біткен соң біраз уақыттан іс қимылын қайталап көру кейін алынған хабарға жатады, алдингмограмманың көрсеткілері жаттығу біткеннен кейін бірден белгілі болады, бұл жедел хабар әдісіне жатады.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!