Қазіргі замандағы бужуазиялық құқықтың негізгі белгілері

НаполеонКодексіне 150 жылдан асты. Бұл дәуір ішінде экономикалық және әлеуметтік өзгерістер оныңәсеріне дерлік әрекет өрісін де қалдырған жоқ.

Бұл жағдайдың себебі заңдар саны аса көбеюінде. Мысал, тек Францияда 10 жыл ішінде одан алдыңғы 40 жылда шығарылған құқықтық актілердің саны жасалған екен (4 есе көбейген). 1994 жылы Францияның 1810 жылы әрекетке енгізілген қылмыстық кодексі күшін жойды.

Заң шығарудың соншалық үлкен көлемі заңдардың баспасөзден шықпай жатып, ескіруінеәкеп соғуын Англиялық заңгер Аллен көрсетіп жазған еді.

Сот практикасы Францияда қалай болса, Ф Р Г, Англия және Америкаларда да солай,құқықтың негізгі қайнар көзіне айналды.

Ескі прецеденттік құқықтың мәні Англия мен Америкада жойылмасада, төмендеді. Прецеденттік құқық кәзіргі құқықтық қатынастарды ретке келтіру үшін тым күрделі болып келе жатыр. Оның күрделілігі бұл құқықтың қоғамға ғана емес, бәлкім заңгер мамандарына да түсініксіз болып қалуына әкеп соқты.

Бұл жағдай осы құқықтың саласын жақсартуды талап еткені үшін, 1966 жылы Лордтар палатасына бұрын өткен шешімдерден тыс шығу рұқсат етілді. Әрине, бұл өзгерістерді, осы принціпті енгізу ұзаққа алып баруы мүмкін.

Құрама Штаттарда федеральді заңдар кішкене азаматтық құқықтық қатынастардың тобын ғана ретке келтіреді (шетелдіктер мен сауда, штаттарара сауда, авторлық және потенттік құқық). Қалған салаларда штаттардың заңдары қолданылады. Ал прецеденттік құқық әр бір штаттың бірінде ерекше. Бұнда заңдардың көпшілігіне анықтық енгізу үшін коллизиялық құқық істен шығарылды. Оның мақсаты- федерация нормаларын штаттардың құқықтық нормаларымен, ал соңғыларды — өзара келістіру болды.

АҚШ-тағы құқықты жүйеге келтіру жолында жеке (частный) кодификациялар бірінші қадам болып қалды.

Жақында істен шығарылған біртұтас сауда кодексі штаттардың заңшығаратын палаталарымен негіз ретінде қабылданды. Оның ерекшеліктері әрбір штатта бола тұрып, негізгі келбеті ғана сақталады. Бұл жағдайды сот анықтығымен сот ықтиярлығы (усмотрение) шексіздігін (неопределенность) болдырмауға ұмтылу десе болады. 1962 жылы Америка құқығы институтымен үлгілі (образцовый) қылмыстық кодекс істеп шығарылды. Соның негізінде Нью-Иорк штаты өз қылмыстық кодексін қабылдады.

Президентке қарсы қасақана істер (Далласта Д.Кеннеди өлтілгеннен кейін) 1965 жылғы заңмен федеральді биліктердің хабардарлығына берілгені үлкен жаңалық болды.

Өткен 100 жылдық ағысында“Меншік қол сұқпаушылығы”, “Меншік құқығының шектелмегендігі”, “Меншік істерге мемлекеттің араласуын болдырмау ” туралы айту көп болған.

Қазіргі буржуазиялық авторлардың пікірі басқаша. Олар “Меншікті шектеу”, ”Меншік құқығын қатаң қысу”, ”Меншікті социализациялау”, “Меншік құқығын қоғамның мақсаттарында және мемлекеттік бақылауда қолдану” түсініктерінен пайдаланатын болып қалды.

Меншік құқығына қарасты өзгерістердің маңыздылары келесіде:

Өткен ғасырдағы заңдар жер иесінің меншігінен жер астындағы қазба байлықтарды шығарды. Олар жер иесін су қуаты және ауа кеңістігінен пайдалану құқықтарынан айырды.

Теміржол, өнеркәсіптік құрылыс үшін жериелікті алу тәртібі жеңілдетілді (әскери база, аэродромдар үшін оданда оңай болды). Дегенмен жериеленудің бұл шектеулері қоғамның мүдделеріне бағытталып, әлеуметтік сипатта болғанымен, олар көбірек ірі монополия және банкілер мүдделеріне сәйкес болды. Себебі, бұл көлемдегі құрылыс тек олардың қолынан ғана келетіні айқын. Бірақ жалпы айтқанда, жериелену құқықтарының осындай шектеулері жеке меншік доктринасына қайшы емес.

Мемлекеттік ретке келтіру экономиканың әртүрлі салаларында қолданылатын болып қалды: әсіресе өндірісте, тауар шығару мен сатудағы дағдарыс құбылыстары пайда болған жағдайда, ақша және несие өрістерінде т.б.

“Келісім жасау еркіндігі” принципі де маңызды өзгерістерге дұшар болды.

Базарды иелеп, тауарларға тұрақты нарық орнатқан ірі монополиялардың пайда болуы “Еркін бәсекеге” күшті соққы болды.

Тауар алушылар нәтижесі айқын таңдаудың алдына қойылды: монополиялар орнатқан нарықта тауар сатып алу немесе ештеңе ала алмай кету. Дегенмен, кейбір экономика салаларында бұндай зорлық- зомбылыққа шыдап болмайды. Мысал, көлікте, электр, газ шығаруда т.б.

Өйткені, бір монополия нарық көтергені басқа салалардағы монополияларды да дәл осындай әрекетке мәжбүрлейді.

Бұл жағдайлардың шарасыз нәтижесі мемлекеттік араласу, мемлекеттік ретке келтіру болып қалды.

Ретке келтірудің мысалы ретінде мынадай фактіні алса болады. АҚШ конгрессі көпшілікке танылған Телеграф–телефон компаниясын жойып, оны 5 кішігірім компанияларға бөлінуді ұсынды. Телефон қызметтеріндегі бағалар бірден жартылай арзандады. Мұныңсебебімонополия жойылып бәсеке басталуында.

Жалпы айтқанда, экономиканы үкімет жағынан басқару дағдарыс кездерінде өз пайдасын көрсетіп, Ф Рузвельтпен бірінші болып қолданған “Жаңа курстың” нәтижелілігін дәлелдеді.

Бірінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі бітімдердің “Қасиеттілігі” мынада еді: егер бітім жасасқандар оның шарттарын өздері өзгертпесе, олардың орындалуыміндетті болған.

Кейінше, Францияда болмаған жағдайлардың теориясын қолдануенгізіледі: мысал, соғысқа дейін түзілген контракт бойынша құрылыс жүргізген компания бұрынғы шарттардың зияндылығын көрсетіп, жұмысы үшін нарықты өзгертуді талап етсе, сот оның арызын қанағаттандырып, прецедентке жол ашты: егер экономикада ойда болмаған жағдай туындаса, судьяларға бітім “өзгермеушілігі” принціпінен шегіну рұқсат етілді.

Ұзақ күрес нәтижесінде капиталисттік мемлекеттердегі жұмысшытапмаңызды реформаларды енгізуге жетті:

8-сағаттық жұмыс күні буржуазиялық заңдарда мойындалды. Кейбіір мемлекеттерде жұмысшылардыңқозғалыстары, кәсіподақтары капиталисттерге 40-42 сағаттық жұмыс аптасын, әр апталық демалыстарды енгіздірді.

Ең алғашқы 8-сағаттық жұмыс күні Австралияда 1850-інші жылдарыорналасты. 5-күндік жұмыс аптасы бұл жерде ХХ ғасырдың басында енгізілді .

1838 жылы АҚШ конгресі 40-сағаттық жұмыс аптасын, қосымша (сверхурочная) жұмыс үшін көтерме ақы төлеуді орнатты. Осы кезден бастап 40-сағаттық жұмыс аптасы бірқатар мемлекеттерде мойындалып, заңдарына, коллективтік бітімдеріне енгізілді.

5-күндік жұмыс аптасы тек 2-інші дүниежүзілік соғысынан кейін ғана кең қолданылатын болып қалды.

Кәсіптік одақтар да үлкен табыстарға жетті: 1935жылғы Вагнер заңымен АҚШ-та кәсіптік одақтардың жұмысшылар атынан кәсіпкерлермен коллективтік бітімдер жасау, ереуілдерді өткізу құқықтары мойындалды.

Коллективтік бітімдердіжасау үкімет саясатының бөлігі болып қалады. Мысал, Францияда 1936жылдан бастап, кәсіпкер және кәсіптік одақ өкілдерінен құрастырылған аралас комиссиялар өнеркәсіптіңбелгілі саласы, аумағы үшін міндетті бітімдерді жасау құқығына ие болды; еңбек министрлігі бекіткеннен кейін ол үкімет қаулысымен бірдей күшке енген болған. Бітімдерге шарасыз енгізілетін ережелердің бірі жалақы мөлшерін орнату болып қалады.

Жұмысшылардың ереуілдерге құқықтары буржуазияшыл мемлекеттердің көпшілігінде мойындалып, әр қайсысында анық шектеулер де қойылған.

Батыс Германияда еңбек даулары бойынша федеральды сот үкіметке жәрдем етті: оныңшешімімен саясиереуілдерге, коллективтік бітімдерді бұзушы, сондай-ақ“әлеуметтік жағынан ақталмаған ” ереуілдерге тыйым салынды.

Италияда конституциялық сот тек экономикалық ереулдерді заңды деп таниды. Басқалары қылмыстық тәртіпте жазаланатын болды.

Жалақы минимумыныңорнатылуы буржуазияшыл мемлекеттердегі заңдардың жетістігі деп біліуіміз тиіс. Дегенмен, осындай жалақының төменгі деңгейін орнатқан мемлекеттер онша көп емес: Англия, Франция, АҚШ, Аргентина, Бразилия , т.б.

Бұл мемлекеттердегі жалақы төменгі деңгейінен көбінше асып тұрады.

Ауру және жұмыссыздық бойынша жәрдемақша, кәрілік бойынша зейнетақы, басқа әлеуметтік сақтандыру (страхование) қаржыларының қорлары еңбекшілердің өзіндік есептерінен құрылады.

Америкада зейнетақы еркектерге 65-тен, әйелдерге 62-ден асқандарға беріледі. Одан басқа ері қалай болса, отбасы анасы да сондай-ақ, ері істеген стажына қарай есептелген зейнетақыға құқылы:балаларды тәрбиелеу ұлттың пайдасына кіретін басқа еңбектік іс-әрекет түрлеріне теңестірілді.

Буржуазияшыл қылмыстық құқығының тарихы екі дүниежүзіліік соғыстардың арасындағы дәуірдің өзгерістерін айтып өтпесе толық болмас еді.

Екі фактор пайда болуын еске алуымыз керек. Біріншісі–төтенше заңдар шығарылуын, екіншісі – соттан тыс репрессияларды (қатыгездікті ).

Төтенше заңдардың мазмұны бірдей болып, көбінше компартиялардың, кәсіптік одақтардың әрекеттеріне, ереуілдерге тыйым салу немесе шектеу еді.

Бұл жағдайда заңдар диспозициясы жалпы, анық емес жазылып, тергеу орындары мен соттың зорлық-зомбылықтарына жол ашады. Төтенше заңдармен белгіленген жазалар өте қатаңеді: өлім жазасы, өмірлік қамау, т.б.

Төтенше заңдар мен соттан тыс қатыгездік әсіресе фашизм дәуірінде кең қолданылды. Концлагерьлерде өлтірілгендердің саны 12-15 млн–ға жетті. Одақтас мемлекеттердің өзінде соғыс кезінде өлгендердің саны 40 млн-нан асты .

Халықаралық әскери трибунал гитлершілердің сотында оларды бейбітшілікке қарсы қылмыстарда айыптады.

Әскери қылмыстарға әскери тұтқынға алуды, оккупацияланған аумақтардың халқын қыру, Германияға зорлықпен жұмысқа мобилизациялау жатқызылған еді.

Адамгершілікке қарсы қылмыстар– “ қасахана және жүйелі түрде халықты қыру, бұл дегені белгілі нәсілдік немесе ұлттық топтарға жатқан адамдардың көпшілігін қыру”деп анықталған. Істің мерзімі 20 жыл (ескіру мерзімі) өткендегімен нацисттік қылмыскелерді ақтау үшін ҒФР-да қолданылған принцип келесілерге негізделген болған:

1) бұйрық орындаған адам айыпты емес. (Дегенмен, жоғары сот бұны бекітпеді: “басшылардың қылмыстық бұйрықтарын орындау орындаушылар әрекеттерінің қылмыстылығын жоймайды”).

2) ұзақ мерзім өткеннен кейін қылмыс жағдайларын анықтаудың қиыншылықтары соттық қатеге әкеп соғу мүмкіндігін есепке алу. Бүл ережелерді Англия, Канада, Дания, Франция, көптеген басқа мемлекеттер де мойындамады.

Жалпы қылмыстықпен күресу үшін буржуазияшыл құқық әр түрлі әдістерден пайдаланады. Бұлардың бірі қылмыс қайталану үшін жазаны күшейту. АҚШ заңдары бойынша қайталанған қылмыс үшін берілетін қамау мерзімі екі есе асады, төртінші қылмыс үшін өмірлік қамау қолданылады.

Ұзақ дәуір буржуазияшыл құқықта превентивтік жаза қолданылған (үш рет сотталғандардың жаза мерзіміне 5-тен 14 жылға дейін қосып беру мүмкін еді).

Дегенмен, Англияда бұл жазаның түрі қылмыстық заңдарынан 1967 жылы алып тасталды.

Қазіргі дәуірде өлім жазасы дүниенің 80- нен асық мемлекетінде жойылды, орнына өмірлік қамау қолданылатын болды (ГФР, Италия, Швейцария, Англия, Франция, сондай-ақ АҚШ-тың көп штаттарында, Бельгия, Голландия, Дания, Норвегия, Жаңа Зеландия, Израильде).

Сот құрылысы және процесінде присяжнойлар сотын жою немесе “реттеу” тенденциясы байқалды.

Францияда 1932 жылғы заңда кәсіптенген судьялар мен присяжнойларды жақындастыру (сближение) тенденциясы белгіленген еді. Ал 1941 жылы бұл жерде присяжнойлар соттан жалпы жойылып, бірлескен коллегия ішінде 3 кәсіптенгенжәне 6 кәсіптенген емес судьялар кеңесуі тиіс еді. Присяжнойларға қарсы жорық өз негізінде репрессияларды (жазаны) күшейту, кәсіптенген судьяларды “көше” вердиктынан азат етуге ұмытылу еді. Істің маңызын түсіну үшін мынадай мәліметтерді келтіру жеткілікті: Францияда присяжнойлар соты жойылғаннан кейін ақтаушы үкімдер бір жылда 9%-ды құрды, 1928 жылы болса олардың саны — 38, ал 1930 жылы-25% еді.

Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін присяжнойлар соты қайтарылды, дегенмен, Астрияда, Франциядаприсяжнойлар мен судьялар бір коллегияда, бірлескен мәжілісте қатысулары енгізілді. Батыс Германияда присяжнойлар ролін төмендету, ал судьяларды жоғарылату тенденциясы байқалды. Америкада да присяжнойлар сотын “тергеу комиссиялары” мен ауыстыру әрекетін байқау мүмкін болды.

Бұл теңденция присяжнойлардың кейбір қасиеттеріне байланысты болып, судьялар жағынан мынадай аргументтер келтіріледі: Присяжнойлар кездейсоқ таңдалып, тисті дайындыққа ие емес, бірінші пікіріне берілген, детектив оқумен бұзылған болады, т.б. .

Англияда көпғасырлық традицияны бұзып, 1967 жылы присяжнойлар бір ауыздылығы (единогласие) жойылып, квалификациялаушы көпшілік заңды етілді. Демек, вердикт заңды болу үшін, 11-ден 10-ы, 10-нан 9-ы бірдей дауыс бергендері жеткілікті болды. АҚШ-тың полициясында, кейінрек соттарында да “жалғандық детекторлары” қолданыла бастады. Дегенмен, бұл жолмен алынған жауаптар сот үшін міндетті емес, процес кезінде де айтылмайды.