Батыс Европа мемлекеттеріндегі феодалдық құқық

Әрбір мемлекет өз құқығына ие болған. Біздер оның жалпы тарихын,негізгі келбетін, бас нысандарын қараумен шектеліп қаламыз.

Европалық қүқық үшін оның тарихындағы ерекше дэуір деп
XII-XI ғасырлар есептеледі. Осы кезден бастап қүқықтық кодификациялар, рим қүқығынан рецепциялар(«алу -қолдану»)қолданылатын болды.

Олардан көшіріп жазылған қүқықтық «компиляциялар» («тонау -үрлау») эр түрлі жерлердің соттарында қолданыла бастады. Мысалы, Францияның өзінде XV ғасырда осындайлардан 60 шақты үлкен, 300 кіші жинақ («кутюм») қолданылған.

Ерекше танылған жинақтардың ішінде Бомануар есімді профессионалдық заңгер түзген жергілікті құқықтық компиляциясы болды. Онда басқа провинцияларда қолданылатын құқық нормалары бірлестіріп жазылған еді (шаруалардың өз учаскесін сату немесе кепілге қалдыру, өз провинцияларынан сырт жерлерден учаске сатып алу туралы мәселелер шешілгенеді).

Бұл жинақтардың жағымды мэні олар заңдарды біркелкі талқылауға мүмкіндік бергенінде.

Ал Англияда XIII ғасырдағы ағылшын құқығыөзінің ерекше жолымен дамыды. Осы дэуірден заң күшіне еңген сот шешімдерін арнайы кітаптарға жазып алу басталды. Бұл жолмен Англияда сот прецедентіпайда болып, нығайды. Прецеденттердің жинағы Англияда жалпы құықтың негіздерін құрастырды.

Ең маңызды шешімдер жылдық жинақтарға баспасөзде шығарылатын болды.

Бірақ, жалпы құқықтық соттар кейбір жағдайларда шешім қабылдауға обьективті қиыншылықтарға ұшырады. Мысалы, теңіз кемесінің фрахты, басқа бітімдерден туындайтын міндеттер орындалмау бойынша істердішешуде.

Экономикалыққатынастарды дамыту үшін сауда, теңіздегі жүк тасымалдың несие мен ақшалай қатынастарды жалпы түрде сэйкестендіретін жаңа қүқық нормаларында мұқтаждық сезілді. Феодалдық құқық өзінің шектелгендігімен, консервативтігімен бұл мақсаттарға сай емес еді.

Бүның шешімі рим құқығы рецепцияларынан табылды. Ол құлиеленуші мемлекеттің қүқығы болғанына қарамастан, дамыған тауарлық, жеке меншікке негізделген қоғамның қүқығы бола түрып, сонымен бірдей жоғары заңшығару мэдениетінің өнімі екендігі есепке алынды.

XIII ғасырда рим құқығы Лейден , Париж , Оксфорд , Прага (Болоньяның өзінде ғана 10 мың студент оқып жүрген дәүір ) университеттерінде оқытыла бастады.

Германияда, Францияларда рим құқығы заң күшінде болып, үлттық құқықпен бэсекелес болған. Тек қана Наполеон үкғіметі Юстинан кодексін заң күшінен айырды.

Адвокатура, алғашқы императорлық Римде пайда болып, Францияда парламентпен бірдей қүрылды. Англияда адвокаттардың корпорациясы XIII ғасырда пайда болып, оған мүше болу өте қиын жэне қымбат еді. Осы корпорацияға мүшелік қана заңгерге сотта қатысу құқығын берген.

Францияда «юрисконсульттер» адвокаттардан XIV ғасырда-ақ бөлініп шыққан.

Каноникалық (шіркеулік) жэне рим құқығы рецепциялары қүқылы мүліктік дәмеленуге негіз бола алатын (имуществ . притезания) қүжаттардың маңызын асырды. Қүжаттар ресімделуіне, кэтелеріне мән беріле бастады. Солай етіп «Нотариат» пайда болды.

Прокурор лауазымы король доменін басқаратын «бальи»дің жэрдемшісімінгдеттерінен келіп шыққан болды: айқын (очевидный) қылмыскерге айыптаушы табылмаса, «корольдің » және оның мүддесінің өкілі болып осы міндетті «бальи» жәрдемшісі атқарған.

Франциядағы прокуратура (мемлекеттік айыптаушы ретінде) XVI ғасырда қалыптасады. Сол кезде прокуратура Германияда пайда болып, оған тергеу міндеті де тапсырылды.

Феодалдық қатынастар өркендеу дэуірінде (X — XIII ғасырлар) сот ісін жүргізу негіздерінің біріболып “әр кім өзіне теңмен соттассын” деген принцип бар еді.

Сеньорлық соттардағы заседательдер сотталушыға оның мэртебесі бойынша тең адамдар болуы тиіс еді. Шаруалардың үстінен сотты өздерінің сеньорлары жүргізген.

XV ғасырдан бастап Батыс Европа мемлекеттерінде, эсіресе Францияда феодалдық ақсүйектерді сот іс-эрекеттерден шеттету прцесі болып өтті. Бұның 3 себебібар еді:

1) Король билігінің күшеюі;

2) Рим қүқығының мэні төмендеуі;

3) Жоғарғы соттың пайда болуы;

Кодекстерді жэне басқа да заң жинақтарды білетін заңгерлер еңбегі, жоғарғы соттар пайда болғаннан кейін, сот ісін жүргізу кәсіпке айнала бастады. Бұрын сот ісін жүргізгенпэр мен сеньорлар заңдарды жақсы үйрене алмағандары үшін бұл іс -эрекеттен бас тарта бастады.

Франция біріккен сайын провинцияларда да парламенттер — сот мекемелері ретінде қүрыла бастады. Жоғарғы соттар қүрамы кэсіптенген заңгерлермен толықтырыла бастады. Көбінесе олар рим құқығының білгірлері болған.

Тергеу эрекеттері өткізілуінің қажеттігі заңға енгізіліп, алғашқы тергеу мен сот тергеуі бірі бірінен бөліну уақыты XVI ғасырға тұра келеді. Осы кезден бастап ордалиялар процессуалдық эрекеті есебінде жойылды. Дегенмен, айыпты мойындату үшін азап көрсету XVI ғасырдың орталарына дейін қолданылып келді. Судьялар айыптаушы шешімін өз ішкі сенімі негізінде шығаруға құқылы болды. Үкім шығаруды судья қалаған мезгіліне кейінге қалдыруы мүмкін еді.

Англияда сот ісін жүргізу басқа жолмен дамыды. Бүл мемлекетте инквизиция болмады, рим қүқығының эсеріде дерлік таралмады. Англиялық сот процесінде сөзжарыс (состязательность) нығая бастады (истец — талап қоюшы, ответчик — жауапкер, олардың адвокаттары, екі тараптың куэлары). Сөзжарыс аяқталғаннан кейін присяжнойлар қылмыс фактісі болған — болмағаны туралы мэселені шешкен. Судья осыған негізделіп өз шешімін шығарған .

Англиядағы қылмыстық процестің ең үлкен жетістігі: айптаушы өзінің айыпсыздығын дэлелдеу міндетінен босатылды. Бұнымен дэлелдеудің ауыртпалығы — эрқандай процестің ең маңызды мэселесі -айыптаушыға жүктелді.

Алғашқы кезде феодалдардың жері мұрагерлер арасында теңдей бөлінсе, көп өтпей, жерлердің майдаланып кетпеуі үшін, олар бүтіндей үлкен баланың қолына берілетін болды (майорат орнатылды).

Ал шаруа жерінің үштен екісі де үлкен баласының қолына берілетін болды.

Қалалар пайда болуымен буржуазиялық қатынастарға негіз салынған болды. Тауар өндірісімен бірдей оны алып сататын көпестер пайда болды. Жеке көпестің қаржысы жетпеген жерде сауда компаниялары түзіле бастайды.

Бірінші банк, вексель осы дэуірде пайда болады. Вексель бойынша қарыздарын өтей алмағандарға эр түрлі қатаң жазалар қолданылған: оларды қаладан шығарып жіберу, қамау, мүлкін тэркілеу сияқты жазалар.

Экономикалық байланыстардың түрлері көбеюімен, шарттар ресми құжат ретінде жазылып мойындала бастады.

Отбасылық құқық:

IX ғасырдан бастап некені бүзу (ажырасу) рүқсат етілмеген. Қандас туыстардың арасындағы некелерге тыйым салынған еді. Рим құқығынан алынып, қыз 12-де, бала 14-інде неке жасына жетілген деп қабылданды.

Біздің заманымызда «қылмыс» деп аталатын эрекеттердің «тізімі» қылмыстық заңда анық көрсетілген. Оған енгізілмеген эрекеттер қылмыстарға жатпайды деп те белгіленген.

Орта ғасырлық эділет бүған басқаша қараған. Корольге, сеньорға, гильдияларға опасыздық білдірудің өзі қылмыс деп есептелген. Дегенмен, «берілгендік» түсінігі анықталмағаны үшін эрқашанда зорлық -зомбылыққа мүмкіндік болған.

Мысалы: мәйіттерді зерттеу үшін бөлшектеу, шаруалар өз қожайындарына қарсы сөз айтуы қылмыс деп танылған.

Ал бүгін қылмыс деп есептелетін эрекеттер ол кезде қылмыстық деп бағаланбаған . Мысалы: рыцарьлардың атты адамдар топтары үлкен жолдарда ашық тонаушылықпен щүғылданса, ақы алу үшін қамауға ешқандай негізсіз алса,»бірінші түн» құқығы деп эйелдерді зорласа,бүлардың барлығы қылмыс деп есептелмеген.

Орта ғасырлық сот қүрылысы сонымен зорлық — зомбылыққа, судьялардың ихтыярлығына экеп соққан.

Германиядағы судья Карпцов 20 мың адамды өлім жазасына үкім етті. Испания королі Филипп II Нидерланды мемлекетінің бұкіл халқын өлім жазасына тарту туралы шығарылған

инквизицияның үкімін бекітті. Бұл үкім негізінде 25 мың адам қырылды. Бүлардың барлығына қойылған айып — өз ұлттық бостандығы үшін күрескендері болды.

Англияда инквизиция болмағанымен, 4-5 млн-дық халқынан Генрих VIII дәуірінде 72 мың адам (эр бір жетпіснші), ал оның қызы Елизавета дәуірінде (XVI ғасыр) 89 мың адам эр түрлі «қылмыстары» үшін қинап өлтірілді.