Ежелгі Египет (Мысыр) мемлекеті. Қос өзен аңғарындағы мемлекеттердің пайда болуы. Ежелгі Қытай (Шын елі). : Ежелгі Үндістан (Индия).

Б.З.Д. ГУ-ІІІ мыңжылдықтар аралығында 40 тайпа бірлескеннен кейін Ежелгі Египет патшалығы пайда болды. Ол перғауын Нармер ( Менес ) екі патшалықты бір мемлекетке күшпен біріктіргеннен кейін пайда болды.

Ежелгі Египет тарихында 3 негізгі дәуір ажыратылады:

  1. Орта патшалық дәуір XXVIII — XXIII ғ. Б.З.Д.
  2. Орта патшалық дәуір XXII- XVII ғ., Б.З.Д.
  3. Жаңа патшалық дәуірі — XVI — XII ғ. Б.З.Д.

Бұдан былай, біздерді әрбір мемлекетте оныңекі жағы ғана қызықтыратын болады: оның қоғамдық құрылысы мен мемлекеттік құрылысы.

Ал Ежелгі Египеттің қоғамына оралатын болсақ, онда қожайындық еткен тап құлиеленуші — ақсүйектер мен абыздардан қүрастырылған еді.

Ежелгі патшалық дәуірінің соңында орталық биліктің төмендеуінен пайдаланып, ақсүйектер өздерін салықтардан азат етеді. Басқарушы номархтар әсіресе осы дәуірде күшееді.

Орта патшалық дәуірінде ақсүйектерге тиісті имениелер, атақтар, лауазымдар мүра ретінде атадан балаға өтетін болып қалады.

Жаңа патшалық дәуірінде перғауын билігі күшейіп, сонымен бірге абыздардың рөлі жоғарылайды. Дәл осы кезде шіркеу мен абыздар көптеген жер мен қүндылықтарға иеленіп қалады. Абыздың атағы да мүра ретінде өтетін болып қалады.

Халықтың негізгі көпшілігі азат болып, деревняларда жасаған. Олар селолық қауымды қүрастырған. Жер осы қауымның жалпы меншігінде болып, жеке отбасыға берілген жер учаскелерді сату, алып қою, айырбастау текқауым ризалығымен ғана рүқсат етілген.

Қауым жалпы жиналыспен, кеңеспен, ақсақалдармен басқарылған.

Бүл мемлекетте қауымның мыңжылдықтар ағысында сақталуы қолдан суландырылатын егін шаруашылық бірлескен еңбекті талап еткенімен ескеріледі: суландыру жүйелерін қүру, судан пайдалану, жеке далаларға су бөлу бірлескен еңбекті талап еткен.

Қүл еңбегінің маңызы (мәні) жоғарылап, ақсүйектердің, шіркеудің, мемлекеттің жерлерінде ол негізгі күшке айналады.

Қүлдар жаулап алынған жер халқынан алып келінген. Одан басқа, қауымның шаруалары дақарызын өтей алмаса, қүлдыққа берілген.

Мемлекеттік күрылыс:

Мемлекеттің басы перғауын болды («Қүдай баласы» деп аталған). Оның билігі үлкен баласына мүра ретінде өткен. Перғауын билігі шексіз болған.

Атқарушы билік — «джатидің» (уәзірдің) қолында болып, оған қарасты мәселелер: жер бөлу, шінеуніктер аппаратын басқару, заңды бүзу туралы арыздарды қарау болған.

Одан басқа мемлекетте көзге көрінген лауазымды адамдардан бас қазынашы, жүмыстар бастығы (суландыру жүйесін бақылаушы) ажыратылып тұрған.

Мемлекеттік аппарат шінеуніктерден қүрастырылып, оларға арнайы атақ, киім берілген.

Армия, полиция (оның айқын және құпия бөлімдері болған. Перғауынның, ақсүйектердің күзеті олардың қатарына қосылған).

Сот билігінің жүйесі төмендегідей болған: оның басы — перғауын -1 инстанция;

Уәзір : «6 палата» — II инстанция;

 Шіркеу, қала соттары — III инстанция есептелген.

Жергілікті билік ретінде -номархтың өзі, оның шінеуніктері болып түрған.

Ежелгі Вавилон, қоғамдық және мемлекеттік құрылыс.

Біздің заманымызға дейінгі шамамен 1895 жылы Тигр және Ефрат өзеңдерінің төменгі ағымдары аралығында — шумер халқының жерлерінде- Вавилон империясы пайда болады. Оның қүрушысы әрі ен атақты патшасы Хаммурапи еді. Ол бір ғана қүдайға (Мардуққа) сыйынуды еңгізіп, «12 кесте заңдары”мен тарихта қалады.

Вавилон империясының саясат пен мәдениеттегі мәні біздің заманымыздың II ғасырына дейін өз күшін жоғалтпай келді(2000жыл !).

Коғамдык күрылыс: ақсүйектер мен дін басылары, жауынгерлер, шінеуніктер, селолық қауым шаруалары, қолөнершілер, саудагерлер, көнестер, қүлдар негізгі әлеуметтік таптарды құраған. Оның Ежелгі Египеттен бір ерекшілігі: азат адамдары екіге бөлінгені болды: «авилум» — «адам баласы», «мушкенум» — халы төменірек адам (мемлекеттік жердің арендаторы).

Мемлекеттік күрылыс: жоғары сатысында Вавилон патшалары тұрған: олардың билігі шексіз, шінеуніктер мен судьялар олардың муддесін қорғаған.

Шінеуніктер: ақшамен, жер учаскелерімен,қызметтік азық -түлікпен қамтамасыз етілген.

Армия (әскери): оның жауынгерлеріне қызметі үшін жер учаскесі берілген. Олардың балалары да қызметке барса, жер учаскесі отбасында қалдырылған.

Сот функциясын арнайы шінеуніктер, немесе сот коллегиялары атқарған. Жоғарғы сот- патшаның өзі болған.

Салык жинау: оның негізгі түрі кіріс салығы болып, азат адамдар үшін кірістің 10%,ал жартылай азат немесе тәуелділерден — 33% келемінде белгіленген болған.

Біздің заманымызға дейінгі XVIII ғасырда Инь мемлекеті пайда болды: онда егін шаруашылығы, қолөнер, сауда, ақша айналымы дамыған болады.

Біздің заманымызға дейінгі ІУғасырда ШаньЯнь ынтасымен реформа өткізілді: Оның нәтижесінде жерді еркін сату, сатып алу заңмен еңгізілді, отбасы бар еркектерге бөлініп шығу міндетті етілді; бұрынғы аймақтар бойыншабөлу орнына «бес»тіктерге бөлінген уездер қолданылды; «бес»тіктер принципы әскери мен қылмыстық құқыққа да еңгізілді — бірінің айыбына толық «бес»тік жауапкер болды (объективті айыпты тағу- объективное вменение ).

Шаруалардың ауыр жағдайы олардың соғылысуларына, көтерілістеріне әкеп соқты. Бұның нәтижесінде біздің заманымызға дейінгі 209 жылы Цинь династиясы құлатылды. Содан кейін, шаруалардың жағдайларына жеңілдік кірітіліп, құлдық жойылды, ақсақалдардың (старосталардың) сайлануы кайтарылды.

Дегенмен, адамзат коғамының даму заңдылықтарына сүйене, құлдар мен жерді еркін сату үш жылдан кейін-аққайтарылды.

Мемлекет күрылысы: мемлекет — ван-патша және үймдасқан шінеуніктердін көпшілігі -мен басқарылды. Территория уездерге бөлініп,оларды екі губернатор (бірі әскери, бірі азаматтық)басқарды. Қазына бірлескен (единую) металдық тенгенібірінші болып шығарған еді. Салықтық саясаты өнделгендігімен ажыратылып түратын еді.

Лауазымдарға иеленудің екі жолы болған : бірі — сатып алу, екіншісі -емтихан тапсыру арқылы тағайындалу еді. Бүл мемлекеттік аппаратқа ену үшін байыған көпестерге, колонершілерге жол ашты.

Біздің заманымызға дейінгі дәуірдің соңғы ғасырлары мен біздің заманымыздың бірінші ғасырларында Қытай қоғамы мен мемлекеті қүлиеленушіліктен феодолизмге қарай өркендеуде еді. Қүлдарға жер бөлініп, шаруалар тәуелді жүмысшыларға немесе арендаторларға айналып жатқан еді.

Біздің заманымызға дейінгі II мыңжылдықтын орталарында Үндістанның солтүстігіне, батыс жақтан европалық тілдерге жақын тілде сөйлейтін тайпалар кіріп келеді. Олар өздерін ария деп атаған.

Олар ру (гана) ларға бөлініп, рүлық көсеммен (ганапатимен)басқарылған.

Мал шаруашылығы — олардың негізгі шаруасы еді. Игерілген жерлерді әрі қарай жаулап алу нәтижесінде ру адамдары бөліне бастайды. Бір жақтан — бұл байып кеткен ақсүйектер мен олардын қолбасшылары (раджа мен кшатрия). Қалған азат арьялар — шаруа мен қолөнершілер. Олардан төмен тұратындар да бар еді: құлдар мен жаулап алынған жерлердің жергелікті халқы.

Коғамдык күрылыс: 4 варна (сословие) болған:

I — жоғарғысы — брахмандар(олар «көз көргенің талап ететіндерге” жатқан). Оларға тек елден шығарып жіберу немесе шашын алып тастау ғана жаза ретінде қолдануға руқсат етілген еді.

II-кшатрия-ақсүйектер варнасы. Бұлардан патшалар, қолбасшылар,
жоғарғы лауазымды адамдар тағайындалатын болған. Нақты билік брахмандар
қолында емес, бәлкім олардың қолында еді.

Артықшылығы жоқ варналар төмендегідей болды:

ІІІ-вайшья варнасы- шаруалар, қолөнершілер, саудагерлер.

ІV-шудралар (қауымнан шығарылған шаруалар, азат етілген қүлдардан
түрған). Оларда отбасы, мүлікке ақысы болғанмен, олардың өзін сатып жіберу,
немесе сатып алу мүмкін еді.

Варнаға тиістілік туылумен анықталған. Оны өзгерту мүмкін болмаған.

Үндістанды сырттан жаулап алу варналардың касталарға айналуына көмектесті. Біздің заманымыздың бірінші ғасырларында Үндістанда феодалдық қатынастар пайда болды. Бұл жағдай кшатриялар варнасы жойылуына, олардың орнына жалдама әскери құрылуына әкеп соқты. Жай егін шаруасы вайшья емес, бәлкім шудра болып қалады. Вайшьялар болса — көпестерге, саудагерлерге айналды. Кәсіптік топтар – яғни, касталар қалыптаса бастайды. Кастаға тиістілік мұра ретінде атадан балаға — өтетін болып қалды. Касталар артықшылықты, артықшылықсыздарға бөлінеді. Жексүрін кәсіптер өкілдеріне қасаптар, тері илеушілер, аңшылар, балықшылар, ағаш ұсталары, дәрігерлер, қызметкерлер жатқан. Олар“Қол тигізуге болмайтын » дардың кастасына жатқан.