Атқарушы билік, басқару мен қадағалау органдарымен, кәсіпорындармен,қоғамдық ұжымдармен, лауазымды адамдар және азаматтармен заңдар орындалуын бақылау (жалпы бақылау)

“ҚР-сының Прокуратурасы туралы” ҚР-сы Президентінің жарлығына сәйкес, прокуратура органдары ҚР-сы аумағында заңдардың мемлекеттік билік және басқару, жергілікті, өзін-өзі басқару органдары, министрліктер мен ведомстволар, кәсіпорындар, ұжымдар, мекемелер, қоғамдық бірлестіктер, лауазымды адамдар мен азаматтар дәлме-дәл және бірыңғай қолданылуын, қызметінің жоғары қадағалауын жүзеге асырады.

Заңдардың жергілікті өкімет, атқару билік және басқару, қадағалау органдарымен, заңды тұлғалармен, қоғамдық бірлестіктермен, лауазымды адамдармен орындалуын, сондай-ақ олар шығарған құқықтық актілердің заңға сәйкестігін бақылау прокуратура органдары қызметінінің негізгі бағыттарының бірі болып, жалпы бақылау деп аталады.

Жалпы бақылау мәнінің негізін мемлекеттік басқару өрісінде және органдарында заңдардың дәлме-дәл және бірыңғай орындалуын бақылау құрайды.Дәл осы өрісте прокуратура органдарына қарсылық көрсетіліп, олардың қызметіне араласу, заң бұзушылықтар жиірақ кездеседі. Жалпы айтқанда, прокуратуралардыңжалпы бақылау іс-әрекеті ең күрделі әрі қиын болып тұрады. Бұған қоса, заманамыздағы экономикалық процестерді, кәсіпкерлік даму процестерін есепке алу талап етіледі. Демек, жалпы бақылау прокуратура органдарымен жүзеге асырылуы азаматтардың қажеттіктерін барынша қанағаттандыру, мемлекетпен қоғам алдында қойылған мәселелерді шешу мүмкіндігін береді. Басқа сөзбен айтқанда, прокуратура органдары –жалпы бақылау өрісінде –басқа органдармен қосыла саяси, мемлекеттік,

экономикалық, әлеуметтік, ұлттық және мәдениеттік құрылыс мәселелерін шешіп отырады.

Қорытындылап айтқанда, жалпы бақылаудың міндеттері болып:

1)мемлекеттік билік және басқару органдармен, лауазымды адамдармен шығарылған актілер заңдарға сәйкестігін;

2) заңдардыңлауазымды адамдар және азаматтармен дәл және біріңғай орындалуынбақылау тұрады.

Прокурорлармен жалпы бақылау төменгі бағыттарда жүргізіледі:

-жалпы мемлекеттік меншікті қолсұғушылықтардан қорғау туралы заңдардың орындалуын бақылау;

-“мемлекеттік кәсіпорын туралы” заңының орындалуын бақылау;

-агроөнеркәсіптік комплекс саласында ауылшаруашылық өңімдер жоғалтылуын жою бойынша алдын алу шараларды жүзеге асыру;

-өндірістік зақымданумен және еңбектік тәртіптік қағидаларын бұзушылықтарменкүресу;

-аумақта табиғи ресурстарды қорғау және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету, (лауазымды адамдар мен азаматтарға құқықтық шараларды қолдану арқылы);

-азаматтардың еңбектік, тұрар-жай, мүліктік және басқа да мүдделерінқорғау;

-алкоголизм, наркоманиямен күресу жөніндегі заңдардың орындалуын қадағалау.

Бұл саланы басқару прокуратура органдарындағы арнайы бөлімшелері мен лауазымды адамдарына жүктелген.