Қылмыспен күресудегі құқыққорғау органдарының іс-әрекетін координациялау (сәйкестендіру)

Координация сөзі латинша “со” – бірлескен және ordinatio- тәртипке келтіру сөздерінен құрылған болып, құқыққорғау органдары қызметін координациялау дегені қылмыспен және басқа да құқықбұзушылықтармен күресудің ең актуалды проблемаларын шешу бойынша бірлескен іс-шаралар істеп шығаруды және оларды жүзеге асыруды білдіреді.

Әр бір қылмыстық істі тез және толық ашу, оның әр қыйсысы бойынша толық, объективті және жан-жақты тергеу откізу, істелген қылмыс үшін шарасыз жазаға тарту, осы жұмыстың әр бір сатысында заң мен іс-жүргізу құқығының нормаларын сақтауды қамтамасыз ету үшін барлық құқыққорғау органдарының өзара келісілген, сәйкестендірілген іс- әрекеті қажет.

Координациялау органдар жұмысындағы жан-жаққа тартудың, бір іске бір неше орган қызметкері параллельді кірісудің алдын алады, яғни, органдардың күштері мен құралдарын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Дегенмен, бұл органдардың координацияланған іс-әрекеті төмендегі негізсалушы принциптерге сәйкес жүргізіледі: бұндай іс-әрекет субъектілерінің дербестігі және теңдігі, олардың келісілген іс-шараларды жүзеге асыру кезіндегі іс-жүргізу дербестігі; іс жүргізу және жедел-тактикалық өкілеттіктердің өзгешелігін сақтау; келісілген іс-шараларды жүзеге асыру кезінде заңдар мен іс-жүргізу нормаларын сақтау;қылмыспен күресудегі жоспарлылықты, тиімділікті, мақсатқа сәйкестіктіқамтамасыз ету; келісілген іс-шараларды жүзеге асыру кезінде жұмысты жарыса жүргізудіңпараллельділіктің алдын алу.

Координациялау міндеті прокуратураға жүктелгені себебі оның басқа органдардан айырмышылығында: тек прокуратура органдары ғана республикада, қалаларда заңдылық және құқыққорғау нәтижелері туралы мәліметтерге ие. Прокуратура ғана анықтама мен тергеу органдарының нақты істерді ашу мен тергеу жөніндегі іс-әрекет нәтижелері туралы, соттардың істер бойынша шығарған өкімдері туралы, өкімдерді атқару нәтижелері туралы мәліметтерге ие болады.

Координциялаудың маңызы аса баруы тиіс, өйткені,қылмыскерлер бұрын қолы жетпеген салаларға “иеленіп”, өрісін кеңейтуде: қылмыстың түрлері, олардың саны, ауырлық дәрежесі, қоғамдық қауіптілік дәрежесі жылдан жылға өсіп келе жатыр. Оларға тек құқыққорғау органдарының қызметкерлері ғана емес, енді мемлекет басқару органдарының басшылары да қөмектесуде.