Қазақстан автономиялық кеңестік социалистік республикасындағы басқару жүйесі мен құқықтың дамуы

Патшалық Ресейдің құрамына оның әр түрлі губернияларының құрамында болған, халқының басым бөлігі қазақ болған жерлер, Қазақ автономиялық республикасына қосылу мәселесі екі сатыда шешілген .

Бірінші кезеңі –бұл 26 август 1920 жылы РСФСР жоғарғы органдарының декретімен – Ақмола және Семей губерниялары Қазақ автономиялық республикасы құрамына өтті. Түркістан автономиялық республикасы құрамына кіретін Сырдария және Жетісу облыстары да жоғарыда көрсетілген декретімен (Бүкілтүркістан қазақ кедейлері съезі шешімінің негізінде) Қазақ автономиялық республикасы құрамына кірді. Барлық қазақ жерлерінің бұл республика құрамында бірігуі 1924 жылы аяқталды.

Қазақстан Кеңестерінің Ү съезі бірігуден кейінгі бірінші съезі болып, қазақ халқының дұрыс аталуын қалпына келтірді. Өз қауылысында ол “Бұдан былай қырғыздардың қазақтар деп аталуды “, сондай-ақ Қырғыз автономиялық кеңестік социалистік республикасыатауы “Қазақ автономиялық кеңестік социалистік республикасы” деп аталуын белгілейді.1922 жылы 30 декабрь күні болып өткен КСРО Кеңестерінің 1 съезінде КСРО құру туралы Декларация мен Шарт қабылданады. Бұл құжаттарға Қазақ АКСР-сының өкілі де қол қойған. Бұның нәтижесінде, КСРО Конституциясы Кеңестердің П съезімен бекітілгеннен соң, 1924 жылдың қантар айыннан бастапҚазақ автономиялық Кеңестік социалистік республикасыКСРО–ға РСФСР–дің автономиялық бөлігі ретінде кіреді.

КСРО қалыптасу дәуіріндегі мемлекеттік басқару:

“Жер туралы” декретті орындау бірнеше маңызды міндеттерге бөлінді: қанаушылардан алып қойылған және тәркіленген жерлер тең жерпайдаланупринципине сәйкес еңбекшілердің қолдарына берілді. Ауыл шаруашылығын көтеру мақсатында жеке шаруашылықты жүргізген шаруаларға қарыз, жеңілдіктер беру арқылы қолайлы жағдай жасалды. Салықтар жүйесі кедейлерге көп жеңілдіктер берілуін ескерген еді.

Бұдан басқа өнеркәсіпті дамыту бойынша жұмыстар да уйымдастырылды. Қаржылардың тапшылдығына байланысты олар бірінші кезекте ірі, бір біріне байланысты кәсіпорындарға бөлінді. Басқа кәсіпорындар жеке кәсіпкерлерге жалға беріліп отырды. Негізгі көмек Қазақстанның тау, мұнай, ас тұз өнеркәсібіне көрсетілді. Бұл шаралар түсті металлургия дамуына жол берді.

Аса маңызды іс-әрекет ретінде сауасыздықпен күресу, ағартушылықты жүзеге асыру қарастырылды. 1923 жылы республикада жалпы міндетті бастаушы білім алу енгізілді. Оқу орындар Қазақстанның өзінде ұйымдастырылып, Ресей оқу орындарына орын бөлініп, ұлттық жастарды оқытып, мамандарды көбейту жолға қойылды.

Жаңа экономикалық саясатты жүргізу үлкен заңшығару жұмыс өткізілуін талап етті: қылмыстық, азаматтық, қылмыстық іс жүргізу, азаматтық іс жүргізу, жер, орман, еңбектік құқық бойынша кодекстер шығарылды. Бұл заңшығарумен негізгі меншік нысаны ретінде жетекші деп мемлекеттік немесе кооперативтік-ұжымдық меншік мойындалған еді. Дегенмен, азаматтық кодекс майда сауда және өнеркәсіптік кәсіпорындарға меншік пен жеке шаруашылық іс-әрекетті де мойындап отырды.

Жер мемлекеттің меншігі деп жарияланып, ол тікелей және мерзімсіз пайдалануға жекелеген еңбекші және ұжымдық шаруаларға берілді.

Заңшығаруда көшпелі халықты отырықшы халыққа айналдыру шаралары да көзделген еді. Еңбек кодексімен 8-сағаттық жұмыс күні, әлеуметтік қамсыздандыру, құқықтық кепілдер көзделген еді. Қылмыстықпен күресуге де тиісті мән берілген еді.

Бұл іс-шаралардың тиімділігі 1925 жылы-ақ сезіле бастады. 1920 жылмен салыстырғанда өнеркәсіп өнімінің өндірісі 5-6 есе өскен болды. Бұл таңдалған жолдың дұрыстығын көрсетіп отырды.