Қазақстанда Кеңестік биліктің орнатылуы мен нығаюы

23 октябрь 1917 жылы Ташкент қаласында жұмысшылар, солдаттар және жергілікті кедейшіліктіңкөтерілістері өтіп, бұның нәтижесіндеТүркістан өлкесі аумағында Кеңестік билік орнатылды. Бұл оқиға Қазақстан оңтүстік аудандарының еңбекшілеріне үлкен әсерін тигізді. 30 октябрьде Перовскийде (Қызыл-Ордада), кейінше Түркістан, Шымкент және Қазалыда жұмысшы және солдатттар депутаттарының Кеңестері құрылды. Қазақстанда ұлттық жұмысшы тап жоғына байланысты Кеңестер құрамына орыс пролетариаты және ең кедей шаруалары, сондай-ақ қазақ еңбекші шаруалар кірген еді.

 15-23 декабрь 1917 жылы Омба қаласында жұмысшы және солдат депутаттары Кеңестерінің Ш Батыс-Сибир съезді болып өтті. Бұл съездің кәзіргі замандағы Солтүстік-Қазақстан, Көкшетау, Целиноград, Қарағанды, Семей және Шығыс-Қазақстан облыстарында Кеңестік билік орнатылуына үлесі өте үлкен болды. Ол орталыққа телеграмма жолдап, бірғана билікті –Кеңестік билікті мойындауы туралы хабарлады. Оның резолюциясы бойынша Батыс Сибирдағы барлық губерниялар мен уезддерде жұмысшылар, солдаттар мен шаруалар депутаттары Кеңестері, олардың атқарушы комитеттері жаңа биліктің жалғыз ғана өкілдері болып қалды. Олардың құрамында салалық комиссариаттар құрылып, тікелей басқару жұмысын атқарушы комитеттің бағынысындағы комиссиялар жүзеге асырды.

Дәл осы съезден кейін Қазақстанның барлық аумағында Кеңестер құрыла бастады.

Буржуазиялық таптың мүддесі бұл процестерге қайшы болып, олар 27-29 ноябрь 1917 жылы Қоқанд қаласында 1Ү Төтенше жалпы мұсылман съезінде Қоқан автономиясын жариялады. Оның билігі кәзіргі Кзыл-Орда, Шымкент, Жамбыл, Алматы және Талдықорған облыстарына таратылуы қөзделген еді.

Орынбор қаласында 1917 жыл ноябрь айында революцияға қарсы көтеріліс жасалып, әскери диктатура орнатылды. Оны атаман Дутов пен меньшевиктер, эсерлер өкілдері басқарып, Кеңестік билікке қарсы қүрес бастайды. Оларға адмирал Колчактың “Сибир Үкіметі” қосыла әрекет жасады. Оның құрамында болған “Алаш-Орда Үкіметінің” басшысы Бүкейханов большевизмнің далаға таралуына жол бермеуге шақырды.

Кеңестік билікті нығайту үшін партия ұжымдарының алдында ескі мемлекеттік машинаны бұзу, жұмысшылар тарапына шаруаларды тартып алу міндеттері тұрған еді. Қазақстандағы бұл істің айрықша қиындығы біртұтас партия орталығы болмауымен және жергілікті партиялық ұжымдар арасында күнделікті байланыс жоғымен серттелген еді.Ескі мемлекеттік машинаны бұзу және мемлекет басқару органдарын жаңадан құру мақсатында 8 апрель 1918 жылы Семей облысы Кеңесінің әділет басқармасыСемей қаласындағы Уақытша Үкімет сот мекемелерін тарату және олардың орнына екі алқадан- қылмыстық және азаматтық істер бойынша алқалардан тұратын жаңа округтік сот құру туралы жариялады. 1918 жылы март-май айлары ішінде Торғай, Сырдария, Жетісу облыстарында халық соттары құрылды. Қазақстан аумағы бойынша олардың жалпы саны сол кезде 60-қа жетті. Дегенмен, тек бұзумен ғана шектеліп қалуға болмайтыны анық еді.

Сондықтан, Кеңестік билікті нығайтуды Кеңестердің барлығын өкілетті органдарбіртұтас жуйесіне айналдырудан, жаңа кәсіптенген кадрларды дайындаудан бастау керек еді. Бұл мәселе қысқа мерзімді кеңестік қызметшілерді дайындайтынкурстарды ашу, орындарда бірыңғай саясаттты өткізуге оқытылған ең кедей халықтың өкілдерін іске жіберу арқылы шешілді.

Екіншіден, Кеңестердің П съездінде қабылданған Декретке сәйкес, қазақ өлкесіндегі жердің барлығы ұлттандырылғаны, және еңбекшілердің пайдалануына берілгені туралы жарияланды.Жер есебі болыс пен уезддердіңКомитеттеріне жүктелді. Кәсіпкерлермен түзілген жер пайдалану шарттардың барлығы жойылды. Олардағы мүлік, тірі және өлі жабдық Ресей Федеративтік Социалистік Р-сы пайдасына ұлттандырылғаны және облыстық Кеңестің Жер –сукомитеттері қарауы мен бақылауына дереу өткізілуі ескерілді. Барлық қазыналық, шіркеулік, мектеп жерлері шаруалар арасында бөлінетін қоғамдық қорға өткізілді.

Принцип есебінде жермен тек онда істейтін адам ғана пайдалана алатыны бекітілді.

Үшіншіден, Қазақстан бойынша өнеркәсіптік кәсіпорындардың барлығында жұмысшылар бақылауы орнатылды. Ленин бұған арналған, Қазақстан аумағындағы ірі кәсіпорындарды, олардың ішіндеЕкібастұз кендерді, Ақмола облысындағы Спасск мысеріткіш зауытты, Риддершіл қәндерді, Риддер темір жолын ұлттандыру туралы қаулыға 17 май 1918 жылы қол қойған.