Х1Х ғасыр соңы – ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан мемлекеті мен құқығы

Қазақстан мен Ресей арасындағы экономикалық және саяси арақатынастарбұл кезде теңқұқылы әрекеттестікті емес, бәлкім отарлық бағынысты шетел ауданның метрополиядан тікелей тәуелділігін білдіріп, Қазақстан жалпы империялық экономикалық жуйегеене бастады.

ХХ ғасырдың басында оған капиталды алып кіру басталды. Дегенмен, Ресей капитализмы Қазақстанда тек елдің орталық аудандарына шикі зат пен азық-түліктің жіберілуін, өте үлкен пайда табуды қамтамасыз ететін өндіріс салаларының ғана дамуына жағдай жасады. Ресей мен шетелдік өндірушілердің капиталдары тек ауылшаруашылық өнімді, шикі затты өңдейтін өнеркәсіпке, сауда мен тау-кен өндірісіне жумсалатын болған. Ресей капиталы бірденнен әрі өсімтал капиталдың қызметін атқарған.Кәсіпорындар майда болып, оларда істейтін жұмысшылар саны 3-4 –тен аспайтын еді. Олардың еңбекақылары өте төмен болған. Осы дәуірде Қазақстан аумағына ұмытылған шетелдік капитал тау-кен өндірісіне иемденді, мұнай, көмір кендер олардың қолына өтіп қалды. Өнеркәсіптік өндіріске пайда болып жатқан ұлттық буржуазия да тартыла бастады. Қазақ байлары былғары, май ерітіп алатын зауыттар, диірмендер, жұн жуатын орындар ұйымдарстырыла бастады. Олардан ірі капиталы бар кәсіпкерлер пайда бола бастады. Ақшаларын орта байларға өсімге беріп, олар әрі көп пайда көріп, әрі орта байлардың өндіріс ашуына себепші болып отырды. Орта байлар жұмыс орындарын ашып, кедейленген шаруаларға, малөсірушілерге, жатақтарға жұмыс берді. Олардың еңбек шарттары, ақылары өте төмен болған. Сонымен, орта байлар саны көбейіп, олар Ресейдегі кулактар көрінісінде болды. Олардың қолында істейтін жұмысшылар Қазақстан ауылшаруашылық пролетариатының қалыптасуына әкеп соқты.

Қазақстанның әкімшілік-саяси құрылысындағы өзгерістер:

1891 жылы Қазақстанда Февраль буржуазияшыл –демократиялық революциясына дейін әрекетте болған “Дала облыстарымен басқару туралы Ереже” патшалық Үкіметпен енгізілді. 1867-68 жылғы реформалармен салыстырғанда, бұл Ереже әкімшілік пен сот құрылысына, және салық жүйесіне өзгерістер алып кірді. Бұл реформа бойынша Қазақстанның барлық облыстары, Сырдария облысынан басқа, Дала генерал-губернаторлық құрамына қарайтын болды.

Генерал-губернаторлардың, уезд бастықтарының құқықтары бурынғы көлемде қалдырылды. Жергілікті басқару бұрынғыдай болыстар мен ауыл ақсақалдарында еді.

1905 жылғы қозғалыстан қорыққан патшалық пен буржуазия сол жылдың 11 декабрь күні 1 Мемлекеттік Думаға сайлау туралы заңды шығарады. Сайлау көпсатылы, 25 жасқа толғандарға ғана берілді. Әйелдер мен жұмысшыларға оларға қатысу құқығы берілмеді. Ресейдің шығыс шеттеріне қосылатын 30 млн халқы бар Қазақстанға тек 14 депутат сайлау мүмкіндігі берілген еді. Олардың ішінде текқана 4 қазақ сайланды.

Құқықтық саладағы өзгерістер: Қазақстан аумағындағы құқық қалыптасуы үш қайнар көзге негізделген . жалпы империялық заңшығару; Қазақстан аумағы үшін арнайы шығарылған Ресей заңдары; билердің съезінде қабылданған ережелер. 1891 жылы бұл ережелерменсалалық актілерге көп өзгерістер енгізілді.

27 февраль 1917 жылы Ресейде буржуазияшыл-демократиялық революция жеңді. Қазақстан аумағында да жұмысшы және солдат депутаттарының Кеңестері құрыла бастады. Кеңестер негізінде еңбекшілердің мүдделеріне тиісті мәселелерді шешуге ұрынды: олар империалистіксоғысты тоқтату және бейбітшілік келісімді түзуді, 8-сағаттық жұмыс күнін орнатуды, помещіктер жерлерін тәркілнеуді, жалпыға бірдей міндетті тегін білім алуды, еңбек шарттарын жақсартуды, жалақыны көбейтуді, қазақ шаруаларынан жерін алып қоюды тоқтатуды, ұлттық мәселелерді шешуді талап еткен еді. Олармен бірдей Қазақстанда Уақытша Үкімет органдары да құрылды. Олар ірі буржуазия, помещіктер, қазақтар қанаушы жоғарысының мүдделерін қорғайтын болған. Уақытша ҮкіметҚазақстан облыстары мен уезддерін басқару үшінөзінің облыстық және уезддік басқаруды ұйымдастыру үшін ол жақтарға өз комиссарларын тиағайындаған. Жерлерде көп уақыт барысында ескі патшалық дәуіріндегі шінеуніктер қалып, өз қызметтерін жалғастыра берген.

Қалаларда, болыстарда бұрынғы шінеуніктерден, кулактардан, қазақтың байларынан құрылған атқарушы комитеттер “сайланған” болып, оларды басқарып отырды.

Болыс, ауыл, селоларда қазақтардың өзі-өзін басқару органдары- болыс басқарушысы, ауыл ақсақалы, орыстардағы старосталар қасында атқару комитеттертүзілді.

Солай етіп, Қазақстан аумағында да екі билік- буржуазия диктатурасы мен Кеңестер органдарының жуйелері құрылған еді. Уақытша Үкімет қазақтардың саяси құқықтарын қысқартушы патшалықтың барлық ережелерін, әскери-дала соттарын, билердің соттарын сақтап қалады. Ескі заңшығару күшінде қалдырылады. Дегенмен, еңбекшілердің мүдделеріне тиісті мәселелер – соғысты тоқтату, жер мәселесін шешу, құқықтарын қамтамасыз ету – барлығы шешілмей қалды.