Бірінші орыс буржуазияшыл – демократиялық 1905-1907 жылғы революция жылдарындағы Қазақстан

1905-1907 жылғы революцияРесей халықтарының барлығына қалай болса, Қазақстанда солай өз әсерін тигізді. Әріне, революциондық қозғалыстың нысандары да, оның қарқыны да орталық Ресейдегілерден ажыралып тұрды. Өйткені, біздерде капиталисттік дамужолында көп бөгеттер болды. Жұмысшы таптың кадрлары толық жетіспеген, пролетариаттың ұлттық тобы аз болған, жұмысшылар мен шаруалардың одағы оншалық қалыптаспаған еді. Бұлардың барлығы Қазақстандағы 1905-1907 жылғы революциялық оқиғалар өзгеше өтуіне өз әсерін тигізді.

9 январь 1905 жылы патшалықтың қарусыз жұмысшыларды оққа тұтуы туралы хабар қазақ даласына тез таралды. Өскемен, Екібастуз, Ақмола кендерінің еңбекшілері Петербургта өлтірілген жұмысшылардың отбасыларына көмек ұйымдастыру шараларын өткізді.

Бүкілресейлік саяси ереуілде Орынбор-Ташкент темір жолының, Түркістан, Арыс, Қазалы, Перовск шеберханаларының жұмысшылары қатысты. Семей, Ақмола, Торғай облыстарында ауылшаруашылық еңбеккерлерінің көтерілістері өтті. Өз мүдделерін біріктіріп, ереуілдерде орыс, қазақ жумысшылары бірге қатысты. 1905-1907 жылғы революция жеңілгенінен соңҚазақстанда да революциондық әрекеттерге тыйым салынып, террор уақыты келді. Ақмола, Семей, Сырдария облыстарында әскери жағдай енгізілді. Жиындар өткізілуіне қатаң тыйым салынды.