Х1Х ғасырдың 11 жартысында Қазақстандағы басқару мен құқықтық жүйе

  • Әкімшілік билік органдарының жуйесі Қазақстанның аумағыгенерал-губернаторлықтарға, олар алты облысқа бөлінгеніне сәйкестендірілді. Орал және Торғай облыстары Орынбор генерал-губернаторлығына, Ақмола мен Семей — Батыс Сибир генерал-губернаторлығына, Жетісу және Сырдария облыстары – Түркістандік генерал-губернаторлыққа берілді (жүздер таралуына қарай).
  • Облыстар уезддерге, уезддер –болыстарға, болыстар- ауылдарға бөлінген. Бір ауылда 100 ден 200 ге дейін, ал болыс құрамында 1000-нан 2000-ға дейін кибитка болуы шамаланған еді. Солай етіп, әдеттегі рулық бөліну әкімшілік басқару үшін қолайсыз деп табылды (өйткені, рудағы адамдардың саны, олардың жайлымдарының бір-біріннен арақашықтықтары бірдей болмауы артықша киыншылықтар тудырған). Жаңадан енгізілген “аумақтық бірліктер” рулық бөлінудің ықпалын әлсіретті, себебі, ірі рулар бірнеше болыс құруүшін біріктірілуі қажет болды. Сондықтан, 1867-68 жылғы Ереже, аумақтық бірліктер жүйесін енгізіп, қазақ қоғамындағы ру-тайпалық құрылыстың бұзылуына әкеп соқты.
  • Болыс басқарушысы кең өкілеттіктерге ие болған: ауыл ақсақалы сайлауын бақылау, халықтың көшуін бақылау, уезд бастығы ұйғарымдарының орындалуын бақылау, билер съезддеріне қатысу және қазақтардан талап қою арыздарды қабылдап, оларды билер соты қарауына асыру.Ықпал ету шарасы ретінде тәртіп бұзушыны 3 күн қамауға немесе 3рубл айыппұл салуға құқылы болған.
  • ҚазақстанныңРесейге қосылуы оның құқытық жуйесінде маңызды өзгерістер болуына себеп болды: әдеттің колданылу өрісі кемейіп, билер съезімен қабылданған ереженің маңызы асты. Ереже әдетке өзгерістер енгізіп, оның жазбаша түрдегі құқық нормаларының жиынтығына айналды. Қазақстан аумағында орыс құқығының маңызы асып, ол қазақ құқығыныңқайнар көзіне айналды. Әсіресе, олардың ішіннен Қазақстан үшін арнайы шығарылған нормалардың маңызы ерекше болды. Олармен Қазақстан аумағында мемлекеттік билікті ұйымдастырумен құрудың әскери-отарлық нысандары, қылмыстық және іс жүргізу құқығы, жерге меншік құқығы және басқа да азаматтық –құқықтық ұйғарымдар туралы нормалар енгізілді.
  • Меншік құқығы:
  • Ондағы ең маңызды өзгерістің бірі болып, бүкіл жер фондының меншігі шынғыс ұрпақтары болған хан-султандардың қолынан Ресей империясының қолына өткені болды. 1868 жылғы “Уақытша ереженің “210-інші параграфында “қырғыз қоныстары болған жерлер мемлекеттік жерлер деп танылып, қырғыздардың қоғамдық пайдалануында болады” делінгенімен, жердің үлкен аймақтарын, өлкенің қазба байлықтарын өз мүдделерінде пайдаланатын шетелдік және орыс капиталисттерге, қазақ елді мекендеріне, ірі қазақ феодалдарына, қонысын өз еркімен аударған орыс және украиналық шаруаларға берілген.
  • Отбасылық-неке құқығы: 1868 жылғы Ережеге сәйкес бұл жөндегі істер билермен әдет негізінде шешілген. Губернаторларға шағымдану құқығы енгізілді. Кейбір аумақтарда билер әдет нормаларына прогрессивті, әйелдердің құқықтық жағдайын жақсартатын өзгерістер енгізді. Бұл жаңа нормалар бойынша әкелер қыздарының еркіне қарсы оларды ерге беру құқықтарынан айырылды. Жесір әйелдер қалаған адамдарына тұрмысқа шығуға құқылы болды.
  • Мұрагерлік құқық: мұра ретінде өтуге меншік құқығының барлық объектілері жатқызылған еді.Әр бір мұрагер мұраның анық белгіленген мөлшеріне ие болатын болган: жесір әйелдер- 1\8, әке- 1\12, оның әйелдері –1\12. Бала қыздан екі есе көп алған. Өсиет бойынша мүліктің 1\3 ғана, бірақ кез-келген адамға берілуі мумкін еді. Осиет ауызша, мұрагерлер мен туыстар , беделді 2 ақсақал қатысуымен түзілген.
  • Қылмыстық құқық: өткен тақырыпта айтылған өзгерістерден басқа оның прогрессивті ықпалы құлдықты, барымтаны жоюға жағдай жасауда, олар үшін қатаң қылмыстық жазаны енгізуінде болды.
  • Сот және сот ісін жургізу:Билер соты ескі әдет нормалары негізінде жүргізілген еді. 1822 жылғы жарлықпен бұл соттың соттылығыннан мемлекеттік қылмыстар мен барымта, адам өлтіру, тонау, қарақщылық бойынша істер империялық соттардың қарауына берілді. Билер сотының соттылығында меншікке қарсы (тонау мен қарақшылықтан басқа), отбасы-неке қатынастарына қарсы, дінге қарсы, тұлғаға қарсы (адам өлтіруден басқа) істер қалдырылды.Сот ісін жазбаша түрде жүргізу, айғақтар есебінде құжаттармойындалуы енгізілді. Билер съезінің жазбаша талдаулары, талқылаулары қазак әдетіне даладағы жаңа қоғамдық қатынастардыңталаптарына сәйкес өзгерістер еңгізуге мүмкіндік берді.