Х1Х ғасырдың П жартысында Қазақстандағы 60-ншы – 90-ншы жылғы реформалар

Ресейдің өзінде буржуазияшыл реформалар өткізілуі шарасыз Қазақстанда да әкімшілік, әлеуметтік қатынастарда, сот және құқық салаларында өзгерістер енгізілуіне әкелді. Бұл реформалар (1867-68 жылдағы) Қазақстанның Ресей құрамына қосылу процесінің заңи аяқтауы, оның отаршылға айналуының соңғы сатысы болды.

Ең алдымен айтып өтетін өзгеріс бұл аумақтық бөліну:11 июль1867 жылы шығарылған “Уақытша ереже “ бойынша жаңа құрылған Түркістандік генерал-губернаторлық екі облысқа: Жетісу және Сырдария облытарына бөлінді. Кейінгі жылы шығарылған “Орал, Торғай, Ақмола және семей облыстарымен басқару туралы уақытша Ереже” ніңекеуі де 1886 және 1891 жылы түрақты Ережелер ретінде бекітіліп, Октябрь төңкерісіне дейін әрекетте болды. Бұл ережелермен қазақ халқының ауыл адамдары (обыватель) санатына жатқызылды. Олар әскери міндеттен босатылған еді.

Қазақ ақсүйектерінің атақтары (султан атауы) мирас ретінде тек әкесі бас сұлтан немесе болыс лауазымында 3 жылдан кем болмаған мерзім қызмет еткен болса ғана баласына өткен.

Сұлтан лауазымына кез–келген адам сайлану мүмкіндігі, султандарұрпақтарының экономикалық құдіреті жойылды. Олардың қазақ қоғамындағы мәртебесі, саяси орны өзгеруіне, төмендеуіне әкеп соқты. Султан отбасыларыннан тек Бүкей, Вали және Айшуақ хандардың ұрпақтарына ғана ақсүйек дәрежесі берілді. Олардың Қазақстанның Ресейген қосылуындағы еңбектері солай бағаланды.

Би атағы 1891 жылға дейін сақталып, судья лауазымын атқаратын дәуірге ғана берілетін болды. Содан соң би атағы мүлдем жойылды.

Патшаның 1858 жылғы жарлығымен Орынбор губерниясы бас бастығына қазақтарға казак шендерін беру құқығы берілді.

Мүлкінің құны екі мың рублдан кем болмаған қазақтарға бірінші гильдия, мың рублдан кем болмағандарға болса- екінші гильдия көпестері мен қала адамдары мәртебесі берілген. Олар тиісті сауда жүргізу құқығына ие болған.