ХҮ-ХҮШ ғасырлардағы қазақ хандықтарының пайда болуы

Қазақстан аумағында көптеген ғасырлар бойы әр түрлі этникалық топтардың соғылысу, әрекеттесу, ассимиляция процестері жүріп жатты. Бұныңнәти-жесінде жаңа қауымдастықтар пайда болып жатты.

ҮШ –1Х ғасырлардан бастап бұл аймақта түркі тайпалардың үстем-дігі байқалып тұрды. Осы тайпалардың басымдылығы жағдайында Орта Азия мен Қазақстан халықтарының тілдері қалыптаса бастады. Орта Азияда өзбек, қазақ, түркпен, қарақалпақ, қырғыз, ал Еділ жағалауында татар, башқырт, чуваш, Кавказда әзербайжа, ноғай, балқар тілдері сол дәуірде қалыптаса бастайды. ХП ғасырпда Дешті-Қыпшақ кең аумағында жалпыға бірдей түркі–қыпшақ тіл қалыптасқан еді. Мұндай процестер негізінде бұл өңірлерде біртұтас халық пен мемлекеттіліктің пайда болуына қолайлы жағ-дай жаратылды.

Қазақ ұлтының қалыптасуына негіз салған жалаир, найман, алшын, кыпшақт.б. рулық топтар болды. Ш.Уәлиханов пен С.Сейфуллин қазақ ұлты өзбектерден бөлініп шығуы туралы теорияны қате деп білген. Олар қа- зақтардың қөп жырауларында, басқа да ауызша шығармаларында қазақтың ноғайларға жақындығы туралы дәлелдер тапқан. Яғни, Абұлхайр мемлекеті (“көшпелі өзбектер мемлекеті”) ыдырауы, соның нәтижесінде бөлініп шығудың нәтижесі емес, бәлкім қазақтар пайда болуы бұл хандық бөлінгеннен кейін, жаңадан қалыптасқан саяси одақтар дамуына байланысты деп есептеген. Бұл көзқарасқа сайкес келетін және бір мәлімет: дала көшпелі түркі тайпалардың жалпы атауы “ноғай” болған екен.

Тарихшы Мухамед Хайдар мәліметтері бойынша Абұлхайр өліміненкейін өзара соғылысулар мен қайшылықтар көбейгені себепті, оның халқының басым бөлігі Керей-хан (Гирей) мен Джанибек-хан (Жошыхан ұрпақтары)қолдарына барып қоныстайды. Олардың атауы озбақ-қазақ болды . Қазақ хандары билігінің қалыптасуы 1465 жылға тура келетінін жоғарыда айтылған тарихшы жазған. Осы жылдан бастап дербес қазақ хандығы пайда болды деп есептеледі.

“Қазақ” сөзінің түп мағынасына келсек, осы сөзбен түркілерде басқа тайпалардан бөлініп, тәуелсіз өмір сүрген әскери тайпалар, ерекшеотрядтар аталатын болған. Қазақтың ауызша шығармаларында қазақтардың дербес хандыққа, яғни, саяси жекешелеген халыққабөлініп шығуы би Орманбет, дана Асанқайғы, Джанибекхан аттарымен тығыз байланыстырады.

Қазақ хандығының пайда болуына қолайлы жағдай жаралғаны да себептердің бірі болды: оның аумағында басқа күшті мемлекет болмады.

ХҮ-ХҮП ғасырда қазақ құрамында көшпелі және жартылай көшпелі малшаруашылық жүргізу жағдайында, патриархалдық-феодалдық қатынастар жуйесі қожайындық етті. Мал жеке меншікте болғанымен ,жайлымдарды бөлу құқығы феодалдық басшылардың қолында еді . Осы –жайлымдарды бөлуқұқығы– оларға саяси және экономикалық билікті қамтамасыз етті. Жай малөсірушілермен шығарылған қосымша өнім феодалдық ақсүйектермен әр түрлі төлеу, салық есебінде өздеріне алып қойылған.

Сол кездегі қазақ қоғамы екі антагонистік тапқа – феодалдар(би,бай, батырларға)мен олардан қанауда болған феодалдық тәуелді малөсірушілер мен егіншілерге бөлінген.

Хан мен сұлтандар феодалдық ақсүйектердің ең жоғарысын құ- раған. Олар Шынғысханның ұрпақтары болған. Хан мен сұлтандар осы қабаттан ғана тағайындалуы мүмкін еді. Билер феодалдардың басым бөлігін құраған. Рулық жайлымдарды бөлу солардың қолында болған. Бұл лауазым оларға мирастық болған.

Және бір қоғамдық топты– байлар тобын –қарапайым бай малие-лері құраған. Олар рулас адамдарды қанауға тола мүмкіндікке ие болып, хан мен сұлтандардың ішкі және сыртқы саясатына өздерінің әсерін тигізіп отыр-ған . Олардан ең байлары би атауын сатып алуға, яғни, ру басшылары, судья лауазымдарын иемденуге жеткен еді.

Қазақ феодалдарының ерекше тобын батырлар құраған. Оларәскери ақсүйектер болып, сұлтандар мен билер ұрпақтарынан болу мүмкін еді . Олар ең құдіретті ханның,билердің қызметінде болған.

Қажы мен молдалар ақсүйктердің ерекше қабаты болып, қазақ феодалдарының қызметінде болды.

Халықтың негізгі бөлігін шаруалар құраған. Олар малөсірушілікпен, егіншілікпен шұгылданған. Шаруа туылуыннан руына байланған болып, бұл жағдай жайлым, қыстау, сужалпы ру меншігінде болғанымен, қанды кек әдетімен, басқа ру арасында құқықсыздығымен сақталып келді. Шаруалар феодалдардың малын қарауға, бағуға міндеттілігінен басқажәне зякет, ұшыр, соғым, сыбаға сияқты көп салым-төлемдерді төлеуге мәжбүреді.

Осы негізгі топтардан басқа тәуелділіктің әр түрлі сатысындаболған қонсы -шаруа (өз малы жоқ шаруа), егінші –кедей (арендаға жер алушылар) , төленгүттер (ханның,сұлтанның қолындағы үй жұмыстарын, басқа қызметтерін орындайтын адамдар) құраған. Олардан басқа, басқа елден жаулап алынған, сатып алынған адамдар құл болған.

ХV-ХVШ ғасырдағы қазақ хандығы ерте феодалдық монархиянысанында болған еді. Дегенмен, патриархалды-рулық құрылыстың қалдықтары болуы- мен, сондай-ақ көшпелі шаруашылығына байланысты ерекшеліктеріменсипатталған еді.

Көшпелі малшаруашылықтың жайлымдар мәселесін шешу қажеттігін есепке алып, ел аумағын анық рулық аймақтарға бөлу мүмкін болмағанына байланысты, ру институтысақталуына себеп болып тұрды.

Сондықтан, саясатта руларға бөліну, өз рулық мүдделерін қорғау приницпы сақталып, күшті, бай рулар – әлсіз кедей руларға басшылық етуін серттейді.

Осы себептерге байланысты Қазақстан аумағында халықты ұйымдастырудааумақтық жуйеге өту мүмкіндігіне көп ғасырлар бойы жол берілмеді.

Сондықтан, қазақ мемлекеттілігінің ұйымдастыру құрылымыХҮШ ғасырда пайда болғаныннанрулық бөлінуді есепке ала қалыптастырылған.

Қазақ хандары жайлымдарды бөлу мәселелерінде жоғары билікке, сот билігіне ие болған. Қазақстанның ірі хандарының сонғысы да-Тәукехан-барлық қазақ рулар мен тайпалар үшін қоныс аударужолдарынбелгілеп беруді мақсат еткен еді.

Өзінің билігін атқару үшін хан әдет нормаларын пайдаланған,ең күрделі істерді билер кеңесімен бірге шешетін болған. Рулардағы ақса-қалдар мен билер арқылы хан өз билігін ру, тайпаларға да таратқан. Билер-дің кеңесі маңызды орган болып, Тәукехан өз Жеті жарғысын осы қеңесте мақылдатуменбекіткен. Демек, бұл органәрі кеңесшік, әрі заңшығару органболған.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!