Кенесары Қасымұлы хандығының саяси құрылымы және ондағы реформала

Патша өкіметінің қазақ жеріне тереңдеп еніп ондаған ғскерін бекіністер салуы. Орта жғне Кіші жүзде хандық билікті жойып, жаңа басқару жүйесін ендіруі. орыс ғскерлерінің озбырлықтары қазақ халқының отарлыққа қарсы күреске шығуына себеп болды. Қазақтардың ондаған ірі ұлт-азаттық көтерілістері болды. Солардың ішіндегі ерекше маңызға ие болып, терең тарихи із қалдырғаның Кенесары Қасымұлы бастаған (і837-1847) көтеріліс болды.

Көтеріліске шыққан халық Кенесарыны 1841 жылы хан көтерді, Кенесары бір орталыққа бағынған қатаң тғртіпке негізделген хандық құрды. Ол Қазақстан жеріне атасы Абылай ханнан қалған мұра ретінде қарады. Хандықтың территориясы көтерілістің барысына қарай үнемі өзгеріп тұрды. Қазақ халкының бір бөлігі патша өкіметінің жактап Кенесарыны қарсы күресті.

Кенесары мемлекетінде баскару ісін, сот, дипломатия, қаржы, соғыс ісін және қарсыластарының мүлкін реквизициялауды ханның жеке өкілдері арқылы жүзеге асырылды. Көтеріліс жағдайында мемлекеттік құрылым мен мемлекеттік басқару ісі жетіліп үлгермегенін еске алған жөн.

Жергілікті жердегі атқару билігін ханның жасауылдары жүргізді. Жасауылдар әр руға бекітіліп салық жинау, көшу. халықтын пікірін зерттеу, көтеріліске үндеу сияқты түрлі жұмыстар атқарды.

Маңызды тапсырмаларды орындау үшін төлеңгіттер пайдаланылды. Төленгіттер көтеріліс жүріп жатқан жерлерде көтерілісшілерге жағдай жасауды ұйымдастырып бақылап отырды.

Хандық ішінде темірдей тәртіп орнатылды. Салық төлемеушілер мен тәртіп бұзушылар қатаң жазаға тартылды.

Сот реформасын жасауда Кенесары бұрынгы қазақ хандарының үлгісіне сүйенді, қазақтың әдет-ғұрып құқығын онан ғрі дамытты. Кенесары ру билерін жойды. Сот билігін өзі тағайындаған билер мен жасауылдарға берді.

Аса маңызды руаралық даулар мен күрделі істерді ханның өзі немесе оның арнайы жіберген жасауылдары қарады.

Руаралық жанжалдар мен барынтаға жол бермеу хандыктық маңызды міндеттерінің бірі болды.

Салық жүйесінде жеке феодалдар жинайтын алымдарға тиым салынып, жалпы хандық салықтаендірілді. Малдан зекет, астықтал үшін жиналды. Сонымен қатар ор ауылдан бөлек салық алынды. Салық негізінен соғыстың қажеттіліктеріне жұмсалды.

Кенесары отаршылдарға қарсы соғыста 20 мыңға дейін жігіттермен тұратын әскер құрды. Оның негізін батырлар мен төлеңгіттер құрады. Сонымен қатар уақытша жасақтар да құрылды. Бас қолбасшы ханның өзі балған. Атақты батырлар мен қолбасшылардан тұратын ханның жанында ғскери кеңес жұмыс істеді. әскерді ескі тғртіп бойынша онбасы, жүзбасы, мынбасылар басқарды.

Кенесарының хандығы қазақтардың уақытша тәуелсіздігі қалпына келтірген соңғы тәуелсіз мемлекеті болды. Бұл хандық үнемі соғыс жағдайында өмір сүрді. Күші басым патша әскерімен 10 жылдан аса күрескен Кенесары бастаған ұлт-азаттық күресі қазақ, тарихының ерекше кезеңдерінің бірі.